Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж


Мақсаты: Электрондық оқыту және оқыту проблемаларын талдау Қарастырылатын негізгі сұрақтар



бет23/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Мақсаты: Электрондық оқыту және оқыту проблемаларын талдау
Қарастырылатын негізгі сұрақтар

  • «Электрондық оқыту» ұғымының мəні мен мазмұны

  • Қазақстандағы Электрондық оқыту

  • Электрондық оқыту технологиялары

  • Электронды оқытуды ұйымдастыру жүйелері

  • LMS Moodle мүмкіндіктерінің сипаттамасы

Е-learning термині Web базасындағы CD-ROM тренингтері негізіндегі компьютерлік курстарды Internet технологиялардың қарқынды дамуы ығыстырған уақытта 1999 жылы пайда болды. Олармен аймақтық бөлінген ұйымдардың қызметкерлерін қамту өте оңай жəне арзанға түсті. Мұндай орталықтандырылған оқу үдерісін басқаруды ұйымдастыру оңай əрі тиімді болып табылады. Бұл желі білім алушыларды, оқытушылар мен менеджерлерді байланыстыратын консолидерген виртуалды ортаны құруға жол ашты.


Е-learning туралы толығырақ еуропалық комиссия жаңа ақпараттық технология, мультимедиалық технология жəне интернетпен оқу сапасын көтеру үшін сервис пен ресуртарға қолжетімділікті жақсарту үшін жəне де нақты уақыт режимінде бірігіп жұмыс жасау жəне қашықтықтан біліммен алмасу деп анықтама береді.
Соңғы уақыттарда e-learning 2.0 термині көптен таралуда. Ол Web 2.0 технологиясын қолданумен байланысты электрондық оқытуды ұйымдастыру ортасындағы үдерісті көрсетеді. e-learningнен басты айырмашылығы қашықтықтан оқыту курсын қолдану, білім алушыларға оқытуды жүргізу мақсатында жеткізіледі жəне e-learning 2.0 Web 2.0 құралының блогтар, wiki, əлеуметтік желілерін қолдануды мақсат етеді.
Электрондық оқыту (e-learning) – бұл, коммуникациялық жəне ақпараттық технологиялардың қазіргі құралына мультимедиа құралдарына, бейне байланыс құралдарына сүйене отырып, оқытушы мен білім алушы, білім алушылардың өзара əрекеттестіктерінің басқаша формасын ұсынатын арнайы оқыту формасы. Басқада оқу формасы секілді, əрбір оқу жүйесі тəрізді компонентті құрамы: мақсаттан, барлық оқу формаларына шартталған əлеуметтік тапсырыстан, мазмұннан, əр түрлі əрекеттестіктегі анықталған бағдарламалардан, оқу мекемесіндегі нақты стандарттардан, əдістерден, ұйымдастыру формаларынан, оқу құралдарынан тұрады.
Е-learning-нің артықшылықтары мен кемшіліктері
Е-learning-нің маңызды артықшылығы осы бағдарламаны қолдана отырып, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды оқыту үшін 305 қолданылуы болып табылады. Сонымен қатар бұл электрондық оқыту дəстүрлі күндізгі оқу формасына өз себептеріне байланысты келе алмайтын азаматтарға сапалы білім беру мүмкіндігін береді. Мысалы, тұрғылықты жерінде сапалы білім беретін оқу орнының жоқтығы. e-learning-нің тағы да бір артықшылығы бұл өндірістен ажырамай оқу мүмкіндігі, сонымен қатар дəстүрлі күндізгі оқумен салыстырғанда бағасы тиімді болады. Алғашқы жоғарғы инвестициялардың қажеттілігіне қарамастан, электрондық оқыту дəстүрлі күндізгі оқытумен салыстырғанда əлдеқайда арзан.
e-learning-ді қолдану артықшылықтарының арасынан ақпаратты жақсы меңгеру бағытындағы педагогикалық артықшылықтарды бөліп көрсетуге болады: - Қолжетімді оқу құралдарының əртүрлілігі. e-learning электронды оқытуды қолдану барысында оқу ақпаратын əр түрлі əдіспен ұсыну оқытушы үшін шек қоймайды: дəстүрлі иллюстрациялар мен бейнероликтертерден бастап, анимациялық схемаларға дейін қолданылады. Барлық осы құралдар дəстүрлі күндізгі оқытуда да қолданыла алады, алайда ол көп қолданылмайды, ал e-learning де бұл міндетті түрде қолдануды талап етеді. Нəтижесінде, бұл электрондық оқыту дəстүрлі күндізгі оқытумен салыстырғанда өте тиімді болып табылады.
- Қолданылған технологиялардың икемділігі. Интербелсенді курстың қолдану аясы шектеусіз. Оқытушы қойылған тапсырмаға байланысты мультимедиалық материалды əр түрлі бағытта бере алады: автономды құрал, тақырып бойынша анықтамалық, дəріске қатысты материалдар, білімді бақылау жүйесі жəне т.с.с.
Оқу материалдарының сандық табиғаты.
- Тарату. Дербес компьютерлер немесе басқада интербелсенді құралдарды қолдану үшін оқу курстары құрылады. Баспа сөз басылымдарынан айырмашылығы мəліметтерді тасушылар (аудио жəне бейнедисктар, кассеталар), интер-белсенді материалдарды физикалық тасымалдау- 306 шылардың еш қатысынсыз, мысалы, Интернет арқылы таратыла алады.
- Өзектендіру. Əр бір жаңа мəліметтер, толықтырылған мəліметтер немесе өзгертулер, сонымен қатар фактілік жəне техникалық түзетулерді қайта басып шығармаса түзетуге болмайды (оқулық, диск, бейнелекция). Мультимедиялық курс абсолютті ыңғайлылық пен қысқа уақыт ішінде жəне ешқандай шектеусіз өз мазмұнын өндіруге мүмкіндік береді.
- Интеграция. Интернеттің дамуымен жəне байланыс желілердің ауқымының өсуімен, оқу материалдырының дəстүрлі формасынан бұрын мультимедиалық материалдардың басты артықшылығы минималды шығындармен ақпаратты шексіз тарату мүмкіндіктері бар. Осындай өзгешелікпен қашықтықтан оқыту кешені қазіргі уақытта таратылуда, дəстүрлі – күндізгі, кешкі, сырттай жəне жедел оқыту формалары дербес формасына айналуда. Сонымен, e-learning-ді қазіргі оқу жүйесіне енгізу қажетті буын болып барады.
- Кең қолжетімділік. Қашықтықтан оқыту жүйесін қолданғанда немесе онлайн курсын өтуде төменгі немесе орта буынды дербес компьютерді қолдана білу жеткілікті жəне минималды қосымша құрылғылар жинағының (дыбыстық динамика жəне CD привод) бар болуы жеткілікті, сонымен қатар жылдамдығы 64 кб\сек жəне одан жоғары Интернетке қолжетімді болуы шарт. Қазіргі кезде мұндай компьютерлік конфигурациялар мен осындай жылдамдықта қосылған Интернет желісі орта жəне үлкен қалалардың тұрғындарына қолжетімді.
Олардың негізгілерін психологиялық жəне техникалық деп бөлуге болады.
Психологиялық фактормен байланысты кемшіліктер:
- электрондық оқыту көбіне оқытушымен, сонымен қатар білім алушылармен бетпе-бет қарым-қатынаста бола алмайды. Эмоциональдық көмек беретін қасында адам болмағандықтан, оқу үдерісінде бұл маңызды кемшілік болып табылады. Алайда коммуникациялық каналдардың дамуы бейнекоференциялық байланыс, интернетпейджер, чаттар, форумдар мен электрондық пошталар бұл кемшіліктің аздап болса да орнын толтыруға мүмкіндік береді;
- электрондық оқытуда бағдарламаны жетістікті ету білім алушының ынта-жігерінің бар болуына байланысты. Егер адам оқытушының үнемі бақылауынсыз өз бетімен оқи алмаса, компьютер алдында ұзақ уақыт жалғыз отыра алмаса, бұл қашықтықтан оқуына кедергі жасап қана қоймай, өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді;
- білім алушының жəне оқытушының компьютерлік сауаттылығының жетіспеушілігі, қашықтықтан оқыту тəжірибиесінің жоқтығы. Біздің мемлекетте көп оқытушылар мен білім алушылар мұндай оқыту əдісіне дайын емес.
Технологиялардың жетілдірілмеуіне байланысты кемшіліктер:
- Электрондық оқыту үшін қажетті техникалық жабдықтары болуы керек. Ең жоқ дегенде, интернеті бар дербес компьютер, дербес компьютерді қолдану дағдысының бар болуы жəне интернет желісін қолдана білуі керек.
- Интернетті оқытудың басты проблемасы білімді тексеру барысындағы қолданушының аудентификациясы болып табылады. Себебі, осы уақытқа дейін тиімді технологиялық шешім қабылданбады, қашықтықтан оқыту бағдарламасының көбі күндізгі емтихандық сессияны ұсынады. Байланыстың ар жағында кімнің отырғанын білу мүмкін емес. Бұл өте үлкен проблема болып табылады жəне осыған байланысты оқытушылардан арнайы шара қолданылуы талап етіледі. Бұл проблема көбіне камера орнату арқылы шешіледі.
Оқыту жүйесін қамтамасыз ететін бағдарлама секілді, оқу контентіне де, оқытудың бастапқы кезең жүйесіне инвестиция қажет. Сонымен қатар, аппараттық құралдарға да кететін шығынды есептеу керек. Əрине бұл жағдайда шығын құрылымы мен мөлшері оқыту ұйымдарының даму деңгейі жəне оқу жүйесін құру үшін таңдалған шешімге тəуелді болады.
- Электрондық оқыту контентін құру бұл үдеріске барлық қатысушылардан арнайы білімді талап етіледі. Мұнда жалғыз оқытушының бұрынғыдай дəріс конспектілерін дайындау ынтасы жеткіліксіз. Сапалы оқу курсын құру үдерісінде əр түрлі маман иелері: оқытушылар, педагогикалық дизайнерлер, бағдарламалаушылар, анимациялар мен бейнемонтаж жасайтын мамандар жəне т.б болуы керек. Бұл оқу контентін құру мүмкіндігіне белгілі бір шектеу қояды.
- Оқыту жүйесінде қолданылатын электронды оқу курстарының көбі қайтарымды байланыс деңгейімен қамтылмаған. Көп бар курстардың мазмұнды негізін мəтінді материалдер мен қарапайым графикалық (сурет, фото) қамтиды, білімді бақылау блоктары тесттік тапсырмалар негізінде жасалынған. Білім алушыларды осындай сипаттамамен қызықтыру əрине мүмкін емес. Бұл білім алу мен дағдыларды игеруге кедергі болып келеді.
- Мамандықты игеру барысында электронды оқыту кейбір мамандықтарға шектеу қояды: қашықтықтан медициналық мамандық, актерлік шеберлік алу жəне т.б. Тек қана шынайы практикалық жəне зертханалық жұмыс кезінде ғана игерілетін дағдылар болады.

e-learning-нің кемшіліктер қатарына мыналарды да жатады:


· Оқу басталған жағдайда, оперативті өзгерістерді енгізу қиындығы.
· Техникалық инфраструктураға тəуелділік. Инфраструктураның істен шығуы білім алудың тиімділігінің төмендеуіне, тіпті мүлдем бұзылуына əкеліп соқтырады.
· e-learning-нің технологиялық ортасында сапалы мамандардың жетіспеушілігі.
Е-learning-нің қолдану саласы
Мұндай оқыту формасы барлық аудандарда қолданыла алады. Ең көп қолданыс тұлғаның біліктілігін көтеру кезінде көрініс табады. Ол тыңдаушыларға ұсынылатын артықшылықтарымен шартталған. Олар қатарында:
- қашықтықтан оқыту;
- жекелей оқыту;
- өндірістен ажырамай оқуды өту мүмкіндігі жəне т.б.
e-learning-нің тағы бір қолданылу бағыты бұл жоғарғы оқыту орындарында пайдалану болып табылады. Əсіресе e-learning-ді екінші жоғарғы білім алу кезінде қолдану кең етек жайды. Өндірістен ажырамай оқуды өту мүмкіндігін екінші жоғарғы білім алушылар өте жоғары бағалайды.

E-learning жүйесі ҚР Ғж/еБМ білім беру порталымен жəне үш деңгейлі иерархиядан құрылуы тиіс:


- бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының барлық білім беру деңгейлері іске асатын жəне областық түйінмен ақпараттың іске асуы мен координациялық орталығы болып табылатын негізгі орталық түйін жүйесі.
- екінші деңгей – белгілі бір аймаққа қатысты білім беру орындарына қызмет көрсететін орталық сервер болатын облыстық серверлік аймақтар деңгейі. Бұл деңгейде ақпарат областық білім беру орындарымен жүзеге асырылып, білім беру басқармаларының порталдарында жарияланады.
- үшінші деңгей – бұл АКТ инфрақұрылымымен жəне білім беру орындарының жүйелендірілген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін деңгей.

Осылайша, мектеп алаңында деңгейлік сервердің көмегін орналастыру үшін келесідей жүйелер қарастырылуы керек:


- Мектеп порталы;
- Мектепті басқару жүйесі (SMS);
- Сынып бөлмелерінің басқару жүйесі (CRMS);
- Оқыту үдерісінің басқару жүйесі (LMS);
- Тестілеу жүйесі (TSM);
- Оқушылар денсаулығының физикалық жəне психологиялық электрондық мониторинг жүйесі;
- Ақпараттық анықтама жүйесі (IMS)
Мектепті басқару жүйесі (School Management System, ары қарай – SMS) – мектепті басқару үдерісін автоматтан дыруға, кəсіптік өндірісті автоматтандыруға, есеп беруді жүйелендіруде администраторлық саясат сапасын жақсартуға мүмкіншілік беретін программалық жабдық. Оның құрамына план секілді модульдер; сабақ кестесі; электрондық журнал; электрондық күнделік; анкета; статистика; есеп бөлімі; кітапхана жəне т.б. кіреді.
Сынып бөлмелерінің басқару жүйесі (Classroom Management System - CRMS) – бұл программалық жабдық мұғалімге сабақ барысын толық қадағалауға жəне мультимедиа кабинетінде жүргізілетін сабақтардың негізгі қызметтерін үйретуге мүміндік береді: басқару, білім алушыларды бақылау жəне олармен қарым-қатынас. Ол екі модульден тұрады: мұғалімдер жəне білім алушылар.
Оқыту үдерісінің басқару жүйесі (Learning Management 315 System – LMS, орыс тілі терминологиясында аббревиатура – «қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ)» қолданылады) – бұл программалық жабдық оқу үдерісіндегі барлық қатысушыларға (мектеп басқармасына, мұғалімдерге, оқушы жəне ата-аналарға) on- жəне off-line режимінде оқыту мазмұнының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Электрондық əдістемелік жүйе (Method Management System - MMS) – бұл заманауи дамыған мобилдік, ашық, пəн аралық ақпараттың ұйымдастырылған жəне құрылымды технологиялық 317 мəліметтер қоры, ол педагогикалық жаңа интербелсенді технологияларды пайдалануға қабілетті жəне мамандандырылған қағидаларын дағдыға айналдыруға, əдістемелік жəне ғылыми- əдістемелік жетекшілікке бағытталған мұғалімдердің өзіндік жұмысы.
Мамандыққа бағытталған менеджменттік жүйе (PrOS) түрлі мамандықты оқытушы жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды интербелсенді инфоркомуникациялық ортада қарым-қатынас құруға бағытталған.
Ақпараттық-анықтама жүйесі (Information Management System - IMS) мектептің қызметі жайлы қысқа ақпарат (сабақ кестесі, сыныптан тыс өткізілетін шаралар кестесі, асхана мəзірі жəне т.б.) ҚР Бж/еҒМ білім беру ортасының мемлекеттік саясатына сəйкес қадағаланатын LCD дисплей жəне/немесе мекеме жайлы ақпарат беретін ғимараты болуы тиіс.
«Электрондық оқытудың технологиясы» (ЭОТ) түсінігіне анықтама беруде А.Я. Савельеваның оқыту технологиясына берген түсінігінен алған жөн. Оның ойынша «оқыту технологиясы дегеніміз бұл оқытудың мазмұнын нақтыландыру əдісі, ол алдын ала оқу программаларымен қарастырылған, формада жүйеленіп ұсынылған, нəтижелі мақсатқа жету жолындағы оқыту құралдары мен əдістерімен қамтылған жасақтама». Берілген анықтама мүмкіндікті бағалау үдерісі, операциялар мен оқыту процедуралары секілді негізгі белгілерден тұрады. Кез келген қызмет түрі технология деген атқа құқылы болуы үшін, ол алдымен бір ізділік əдейi жəне жоспарлы анықталған элементтерден құрылуы тиіс. Бұл операциялардың бірінде де бір ізділік, кезеңдер туынды түрде орнатылмауы қажет, себебі əрбір қызмет түрінің өзіндік ішкі логикалық дамуы жəне өзіндік атқаратын қызметтері ерекше. Сонымен қатар, бұл үдеріс кезеңінде тізбекті пайдаланып таралымдарға жіберуге болады. ҚОЖ ерекшеліктері (мысалы, көлемі, АКТ құрамының кең көлемде қолданылуы жəне т.б.) білім беру үдерісі кезеңінің технологиялық мүмкіншіліктерін алдын ала анықтайды. Сондықтан ЭОТ анықтамасы əлеуметтік технологияның айқара ашылған формада аналогия бойынша қалыптастырады, электрондық оқыту технологиясы – бұл білім беру жолындағы мұғалімдердің алға қойған мақсатқа жету жолындағы келесі координацияға өту жəне синхронизациялану кезеңдері жəне процедураларының анықталған əдісі
Электрондық оқыту құралы Электрондық оқыту құралының пайда болғанына көп болғанына қарамастан, оған қолданылатын əдістер мен құралдар жеткілікті. Электрондық оқыту құралы деп жалпылай Интернет желісіндегі барлық материалды атасақ болады: кез келген сайт, электрондық пошта, форум, құжаттармен алмасу жүйесі, жедел хабарламалар жəне т.б. Бірақ оқытуды орнықты жүйелендіру үшін электрондық жəне қашықтықтан оқыту секілді арнайы жүйелер құрылған (ҚОЖ). ҚОЖ e-learning ұйымына қажетті барлық негізгі құралдары мен оның мүмкіншіліктерін топтастырады. Мұның негізгі жетістігінің бірі Интернет желісінде тек материалдарды жариялағанмен салыстырғанда, мұнда курстан өткені жайлы статистика жинағы жəне басқа да мүмкіншіліктер қамтылады.
Оқытуды басқару жүйесі (LMS)
Электрондық оқытуда, басқа оқыту үдерістеріндегі сияқты мазмұндық бөлімімен қатар ұйымдастыру компоненті болады. Курс- 331 тардан өту үдерісін басқару элементтері дамыған электрондық кітапханаларда бар, бірақ e-learning үлкен жүйесін жүзеге асыру үшін бұл қызмет аздық етеді. Оқу контентін қажет уақытында тиісті адамдарға жеткізу жұмысын, оқу ресурстарын пайдалануды қадағалауды, жеке тыңдаушылар жəне топты басқаруды, оқытушымен бірге жұмыс жасауды ұйымдастыруды, есеп беруді, т.с.с. автоматтандыру қажет болады. Бұл қызметтер e-learning-ді орнататын платформасы бар оқытуды басқару жүйесін LMS (ҚОЖ – «қашықтықтан оқыту жүйесі») жүзеге асырады, бірақ кейбір жағдайларда дəстүрлі оқыту үдерісін басқаруға да пайдаланыла алады.
LMS-дің мүмкіндіктері
- Электрондық оқытуды қолдау. LMS оқу сыныптарында дəстүрлі (аудиториялық) сабақтар мен желілік оқу курстарының негізіндегі виртуалды оқытуды қарапайым жолмен біріктіру мүмкіндігін беруі тиіс. Бұл мүмкіндіктер біріккен кезде қарапайым сабақты да, жекелеген (жеке тұлғаға арналған) сабақтарды белсендендіреді.
- Оқу мекемелерінде қолданылатындай, LMS оқу мекемесінің бірегей ақпараттық жүйесімен үйлесуі қажет, бұл оқушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды (қашықтықтан білімді жетілдіру), т.с.с. қосқанда үйренушілердің барлық категориясын электрондық оқыту жүйесіне қосуды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Дәріс 13: Цифрландыруға әсер ететін технологиялар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет