Қарастырылатын негізгі сұрақтар
Ақпараттандыру əдістері мен құралдарын пайдалануға педагогтардың дайындығын қалыптастыратын факторлар
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды дайындау жүйесі
Жалпы орта білім беруде Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын практикалық қолдану үшін мұғалімдерге мыналар тəн болуы қажет:
-Жалпы педагогикалық дағдылар;
- Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар құралдарын иелену дағдылары;
- Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу барысында қолдану дағдылары.
Психологиялық зерттеулердегі мəліметтерді ескере отырып, білім берудегі ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары 292 потенциалдарын тиімді меңгеру мұғалімдердің дайындықтары болатын келесі жағдайларға сүйенуі қажет:
Компьютерлік құралдармен жұмыс жасауға оқыту, білім беру мазмұнының бір бөлігі болып табылады;
· Оқытуда қолданылатын ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдары, мəселені шешетін тек құрал ретінде, оның қолданылуы өздік мақсатқа айналмауы тиіс;
· Компьютерлік оқу құралдарын қолдану оқу жəне кəсіптік міндеттерді шешу бойынша адамның ойлау қабілетін кеңейтеді;
· Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдары арқылы жұмыс жасауға оқыту ойлауды қалыптастыратын əдістердің бірі болып табылады.
Білім беру саласында ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын қолданатын мұғалімге қойылатын талаптар барлық педагогқа ұсынылатын дəстүрлі талаптан, білім беруді ақпараттандыру үдерісінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолданумен жəне ақпараттық-қатынастық технологияларды практикалық қолдану құралдарымен байланысты ерекше (спецификалық) құрастырылуы қажет
Дəстүрлі талаптарға мыналар жатады:
Ұйымдастырушылық (жұмысты жоспарлау, оқушылардың топтасуы, т.б.);
- Дидактикалық (оқу материалын нақты таңдау жəне дайындау біліктілігі, құрал-жабдық; оқу материалының қолжетімді, анық, мəнерлі, дəл жəне жүйелі түрде берілуі; танымдық қызығушылықтарын жəне рухани қажеттіліктерін дамытуды ынталандыру);
- Перцетивтік (тəрбиеленушілердің рухани əлеміне кіру біліктілігі, олардың эмоциялық жағдайларын обьективті түрде бағалау, психикалық ерекшеліктерін ашу);
- Коммуникативтік (оқушылармен, олардың ата-аналарымен, əріптестермен, оқу орындарының басшыларымен педагогикалық қарым-қатынас жасай білу);
- Суггестивтік (оқушыларға эмоционалдық-ерікті əсер ету);
- Зерттеушілік (педагогикалық жағдайлар мен үдерістерді тану жəне обьективті бағалай білу); - Ғылыми-танымдық (таңдаулы салада ғылыми білімді меңгеру қабілеттілігі);
- Пəндік (оқыту пəнін кəсіптік деңгейде білу).
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану жағдайында сəйкес талаптар барынша өзгертіледі. Мысалы, электрондық пошта арқылы жүзеге асырылатын виртуалды оқу сабағын немесе консультацияны жүргізу барысында суггестивтік немесе перцетивтік қабілеттерді көрсетудің қиындығын елестетуге болады. Педагогқа дəстүрлі педагогикалық техника, əсіресе вербальді емес қарым-қатынас құралдары қажет болмайды:
- экспрессивті-мəнерлі қозғалыс (жүріс-тұрысы, дене қимылы, мимика, т.б.);
- такесика (қол алысу, жақындау, т.б.);
- проксемика (бағыт, қашықтық, т.б.);
- просодика мен экстралингвистика (интонация, дауыс, тембр, үзіліс, күлкі, т.б.).
Білім беруді ақпараттандыру негіздеріне болашақ жəне қазіргі мұғалімдерді кешенді түрде оқыту қажет. Ол үшін оқытушылардың дайындығын жүйелендіруге мүмкіндік беретін, олардың мазмұнын аса іргелі жəне үнемі өзгеріп, дамып отыратын ақпараттандыру құралдарына тəуелділігін азайтатын оқыту мақсаттары мен принциптері жүзеге асырылды.
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды дайындайтын негізгі мақсаттар:
-білім берудегі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолданудың жағымды аспектілерімен танысу; - ақпараттық қоғамда білім беруді ақпараттандырудың рөлі мен орны туралы түсінікті қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын тиімді қолдану салалары туралы түсінікті қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен білім беру технологияларын құру, өңдеу, ұсыну, ақпаратты сақтау мен тасымалдау ортасында тиімді қолдану саласы туралы түсінікті қалыптастыру;
- ақпараттандырудың жалпы əдістерімен, оқу үдерісінің дəл қажеттіліктерімен, оқу орындарының оқудан тыс, ғылыми-зерттеушілік жəне ұйымдастырушы-басқарушылық қызметтерін оқу нəтижелерін басқару жəне өлшеумен танысу;
- олардың сапаларының принциптері мен əдістерін бағалауға негізделген білім беруді ақпараттандыру құралдарына қойылатын талаптар туралы білімін қалыптастыру;
- ақпараттық білім беру ортасын енгізу жəне қалыптастырудағы оқытушылардың қатысуға деген нық əрекетін жасау;
- қалыптасып келе жатқан білім беруді ақпараттандыру тіліне оқыту (терминологияны параллельді жүйелендіру мен бекіту);
- оқытушылардың қазіргі заманғы əлемде ақпараттық технологиялардың рөлі мен орнын оқушыларға түсіндіруге қосымша мүмкіндік беру
Кəсіптік қызметте ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын тиімді жəне дəйекті қолдану үшін оқытушылардың дайындығының мазмұнына келесі компоненттер мен тақырыптар кіруі қажет:
Қазіргі заманғы ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар жəне оларды білім беруде қолдану. Білім беруді ақпараттандырудың жағымды жақтары. Білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолданудың мақсаттылығы мен тиімділігі. Білім беруді ақпараттандыру жəне қоғам өмірі.
Білім беруде қолданылатын аудиовизуальдық жəне техникалық құралдардың түрлері. Компьютерлер жəне олардың түрлері. Перифириялық құрылғылар. Мультимедиа технологиялары мен құралдары. Білім беруде пайдаланылатын телекомуникациялық құралдар.
Ақпаратты сақтау жəне ұсыну технологиялары. Ақпараттық модельдеу технологиялары. Ақпаратты тасымалдау технологиялары. Оқыту құралы ретіндегі компьютерлік желілер ресурсы.
Оқу үдерісіндегі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар. Білім беруде пайдаланылатын ақпараттық жəне қатынастық құралдары сапасын бағалау əдістері. Күндізгі жəне қашықтық оқытудағы ақпараттандыру технологиялары. Білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолдану негізінде оқытудың саралануы мен жекеленуі.
Басқаруды ақпараттандыру жəне оқыту нəтижелерін өлшеу. Оқудан тыс қызметтерді ақпараттандыру. Ғылыми жəне əдістемелік зерттеулерді ақпараттандыру.
Оқу орнының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтерін ақпараттандыру. Ақпараттық технологиялар жəне ата-аналармен жұмыс жасау
Ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыратын факторлар жүйесі. Ақпараттық білім беру кеңістігі ақпараттық білім беру ортасының жүйесі ретінде.
Білім беруді ақпараттандыруда оқытушыларды оқытуда басты бағыт техникалық жəне компьютерлік құралдармен технологиялық аспектілермен жұмыс жасап оқытудан білім беретін электронды басылымдар мен ресурстарды таңдау жəне орынды қолдануға, дұрыс мазмүнды қалыптастырып оқытуға өту қажет. Қазіргі заманғы оқытушы педагогикалық оқу орындарында оқытылып жатқан, информатика курсының мазмұнына кіретін, ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар саласындағы білімдерді иеленумен ғана емес, сонымен қатар өз кəсіптік деңгейінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың маманы болуы қажет.
Дәріс 12: Электрондық оқыту және оқыту проблемалары
Достарыңызбен бөлісу: |