Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж


Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)



бет50/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
ЭЦҚ ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) қолдана отырып, ақпаратты қайта түрлендіру нәтижесінде қалыптастырылады.
Одан бөлек:
• құжаттардың бүтіндігін тексеруді;
• құжаттардың құпиялылығын;
• құжатты жіберген тұлғаны анықтауды қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғалар1 мен заңды тұлғаларға арналған ЭЦҚ бар, олардың әрқайсысы нақты рөл атқарады.
Жеке тұлғалар ЭЦҚ-ны төмендегідей мақсаттарда қолданады:
• Интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу. ЭЦҚ egov.kz мемлекеттік қызмет көрсету порталының сервистерін толық көлемде қолдануға мүмкіндік береді;
• Электронды түрде салық органына өтініш беріп, заңды тұлғаны немесе ЖК ашу үшін, құжаттарды өткізуге болады;
• ЭЦҚ қолдану үйде жұмыс істейтін және интернет желісі арқылы тапсырыс алатын жеке тұлғалар үшін құжаттарды (мысалы, жұмысты орындау туралы шарт) ресімдеуге мүмкіндік береді.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану кезінде электрондық сауда-саттыққа қатысуға болады;
• Қазақстан Республикасының онлайн-қабылдау бөлмесіне хабарласуға болады;
• төлемдерді онлайн төлеу;
• тұрғын үй, балабақша кезегін қадағалау;
• медициналық сақтандыру, т.б. қызметтер туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
ЭЦҚ-ны қолдану кезінде төмендегі негізгі ұғымдарды білу қажет.
Электрондық цифрлық қолтаңба сертификаты – сертификат иесіне ЭЦҚ ашық кілтінің (тексеру кілтінің) тиесілі екенін растайтын құжат. ЭЦҚ сертификатын ҰКО шығарады, ол электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын берумен және қызмет көрсетумен айналысады. «Тексеру кілті сертификаты» немесе «ашық кілт» термині бұл құжатта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтінің иесі туралы деректер, сондай-ақ қол қойған куәландырушы орталық жөніндегі деректер бар екендігін білдіреді. Сертификат берген куәландырушы орталық ондағы деректердің дұрыстығы үшін жауап береді.
ЭЦҚ сертификатының иесі – куәландырушы орталықта өз атына ЭЦҚ сертификаты берілген жеке тұлға. Әрбір сертификат иесінің қолында жабық және ашық екі ЭЦҚ кілті бар.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті (ЭЦҚ кілті –RSA файлы...) электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға әрі электрондық құжатқа қол қоюға мүмкіндік береді. Сертификат иесі жабық кілтті құпия сақтауға міндетті.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті (ЭЦҚ тексеру кілті – AUTH файлы) ЭЦҚ-ның жабық кілтімен байланысты әрі ЭЦҚ-ның түпнұсқалығын тексеруге арналған.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет