Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет18/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

кластерлер (computer clusters) – жоғары жылдамдықты шиналармен жəне байланыс 
желілерімен байланысқан бір-бірімен жақын орналасқан компьютерлер тобы болып 
табылады.Компьютерлер кластерлері жоғары өнімді параллель есептеулер үшін 
қолданылады. Əлемдегі ең танымал компьютерлік кластерлер, үлкен адрондық коллайдер 
орналасқан жерде, яғни CERN зерттеу орталығында (Швейцария) орналасқан. Үстел 
компьютерлері (desktops) – қазіргі уақытта ең кең таралған компьютерлер, оларды барлық 
адамдар үйде немесе жұмыста қолданады, сонымен қатар мектеп оқушылары мен 
студенттерден бастап үй шаруасындағы азаматшаларға дейін қолданады. мұндай
компьютер жұмыс үстелінде орналасып, монитордан, жүйелік 
блоктан,
пернетақтадан жəне мауыстан тұрады.
Портативті компьютерлер, ноутбуктар (laptops, notebooks) шағын өлшемді 
компьютерлер (сөзбе-сөз аудармада «тізеге қоятын компьютерлер»; «Дəптер – 
компьютерлер»), олардың параметрлері жұмыс үстелі компьютерлерінен кем емес, бірақ 
олар өз өлшемдері бойынша кішігірім болғандықтан, сөмкеге немесе рюкзаға еркін 
сиғызуға болады. Ноутбуктар, əдетте, ұқсас сипаттамалары бар үстел компьютерлеріне 
қарағанда бірнеше есе қымбат болады. Ноутбуктерде де үстел компьютерлеріне арналған 
операциялық жүйелер орнатылады (мысалы, Windows немесе MacOS). Портативті 
компьютерлердің типтік ерекшеліктері сымсыз байланысқа арналған құрамдас порттар 
мен адаптерлердің барлық түрлері болып табылады: Wi-Fi (ресми түрде IEEE 802.11) – 
сымсыз желіде, өнімділігі секундына 10-100 мегабит жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 
(əдетте конференцияларда, қонақ үйлерде, теміржол станцияларында, əуежайларда, яғни 
бірнеше жүз метр радиуста жұмыс істеуге мүмкіндік беретін) радио байланыс түрі;
Bluetooth – компьютердің ұялы телефонмен, құлақаспапен, плейермен жəне басқа да 
құрылғылармен қысқа қашықтықтағы (10-100 м) радио байланыс түрі. Бүгінгі күні əрбір 


19 
студенттің портативті компьютерлері – ноутбуктері бар. ноутбуктың маңызды 
параметрлерінің бірі – аккумулятордың көмегімен жұмыс істеу уақыты.
Ноутбуктың танымал түрі – ол нетбук – желіде жұмыс істеуге арналған ноутбук, əдетте, 
қуатты аздау, сондықтан арзан жəне көлемі кішірек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет