Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет54/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Дəріс 15. 
Киберқауіпсіздік
 
Мақсаты: Ақпараттық қауіпсіздік тəуекелдерін жəне олардың жіктелуін зерттеу. 
Зиянды бағдарламаларды ажырату. 
Жоспар: 
1. Ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері жəне олардың жіктелуі. Киберқауіпсіздік 
индустриясы. Киберқауіпсіздік жəне Интернетті басқару. Зиянды бағдарламалар. 
2. Ақпаратты қорғаудың шаралары мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздік 
саласындағы стандарттар мен спецификациялар. 
Ақпараттық қауіпсіздік. 
Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (АЖ) ретінде келесі объектер 
жиынтығын түсіну керек: 
1. есептеуіш техника құралдарын; 
2. программалық жасауды
3. байланыс арналарын; 
4. түрлі тасушылардағы ақпараттарды; 
5. қызметшілер мен жүйені пайдаланушыларды. 
АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі жүйенің мына күйлерінде: 
1. жүйенің сыртқы жəне ішкі қауіп-қатерлердің тұрақсыздандыру əсеріне қарсы тұра алу 
қабілеті бар кезіндегісі; 
2. жүйенің жұмыс істеуі жəне жүйенің бар болуы сыртқы ортаға жəне оның өзінің 
элементтеріне қауіп келтірмеуі кезіндегісі қарастырылады. 
Тəжірибе жүзінде ақпараттық қауіпсіздік қорғалатын ақпараттың келесі негізгі қасиеттерінің 
жиынтығы ретінде қарастырылады: 
• 
конфиденциалдылық (құпияланғандық), яғни ақпаратқа тек заңды пайдаланушылар 
қатынай алатындығы; 
• 
тұтастық, біріншіден, тек заңды жəне сəйкесті өкілдігі бар пайдаланушылар ғана өзгерте 
алатын ақпараттың қорғалуын, ал екіншіден ақпараттың ішкі қайшылықсыздығын жəне 
(егер берілген қасиет қолданыла алатын болса) заттардың нақты жағдайын бейнелеуін 
қамтамасыз ететіндігі; 
• 
қатынау қолайлығы, қорғалатын ақпаратқа заңды пайдаланушыларға бөгетсіз 
қатынаудың кепілі болуы. 
Желілік қауіпсіздік сервистері есептеуіш жүйелерде жəне желілерде өңделетін 
ақпараттың қорғау механизмдерін береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет