71
электрондық қолтаңбаны құру, жоғарыда аталғандай тек жабық кілтті білгенде ғана мүмкін,
ал ол анықтамасы бойынша құжаттың авторы иесіне ғана белгілі болуы қажет, яғни
кілттердің иесі құжатқа өз авторлығынсөзсіз дəлелдей алады. Сондай-ақ, құжатта «автор»,
«енгізілген өзгертулер», «уақыт белгісі» жəне т.б. сияқты құжаттың жеке өрістеріне ғана қол
қойылуы мүмкін. Яғни, құжаттардың барлығына бірдей авторлықты растау дəлелін таба
бермейді.
Электрондық-сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) Халыққа қызмет
көрсету орталықтарындағы
Ұлттық куəландыру ортылығын тіркеу Орталықтарында немесе www.pki.gov.kz адресі
бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық куəландыруы орталығының сайтында онлайн
өтінішті рəсімдеу арқылы алуға болады (1-сурет).
2021 жылдың ақпанында Алматыда «Digital Almaty 2021: Сандық қайта жүктеу: жаңа
шындыққа талпыну» форумы өтті [https:// primeminister.kz]. Үкімет басшысы Қазақстан
Республикасының азаматтары үшін адамның биометрикасы
бойынша қашықтықтан
сəйкестендіру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтықтан алу
мүмкіндігі жүзеге асырылғанын атап өтті.
1-сурет. «Қазақстан Республикасының Ұлттық куəландырушы орталығы»
Сайтының басты беті
Достарыңызбен бөлісу: