Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»


Дәріс № 26 Тақырып: Астықтың ластылығы және оны анықтау тәсілдері



бет43/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Дәріс № 26
Тақырып: Астықтың ластылығы және оны анықтау тәсілдері


Сабақтың мақсаты: Негізгі сапалық белгінің бірі ретінде астықтың жаңалығымен танысу және оны анықтау жолдарын меңгеру.Міндетті түрде анықталуға тиісті сапалық белгінің біріластылық ұғымымен және оны анықтау жолдарымен танысу.

Астық массасының ластылығы дегеніміз - алынған өлшемге оныңқұрамындағы барлық қоспалардың пайызбен берілген қатынасы.


Кез келген астық құрамында әр түрлі көлемде қоспалар кездеседі. Олардың түрі мен мөлшері агротехникалық жұмыстардың дұрыс әрі уақытылы жүргізілуіне, егінді бастыру жағдайына және сақтау алдында астықты тазалау процесінің толық жүргізілуіне байланысты болады.
Әдетте, астық құрамындағы қоспалар оның:

  • сапасын түсіреді;

  • кұнын кемітеді;

  • сақтау мерзімін төмендетеді;

  • тағам ретінде пайдалану мүмкіндігін (әсіресе, зиянды қоспалар)

  • жояды;

  • тасымалдағанда артық салмақ болып табылады;

  • сақтағанда орын алады;

  • тазалау үшін арнайы алаң, техника, адам күшін қажет етеді;

  • тазалауға көп қаржы жұмсалады.

Тәжірибеде астықтың ластылығын анықтау барысында алынған үлгіні келесідей үш фракцияға ажыратады;

  • негізгі дән

  • лас қоспа

  • дән коспа

Сонымен қатар, «метал қоспасы», «зиянды қоспа», «ажыратуы қиын қоспа», майлы дақыл дәндерінде «майлы қоспа» ұғымдары қолданылады.
Астықдақылдарын құрамындағы қоспалардың көлеміне байланысты таза, орташа таза және лас деп үш топқа бөледі .

  1. Негізгі дәнге:

  • пайдалануға толық жарамды дәндер;

  • жартысынан көп бөлігін сақтаған сынған, езілген дәндер;

  • өне бастаған (өнудің алғашқы сатысындағы) дәндер;

  • үсіген дәндер;

  • өңделген өнімнің (ұн, жарма) сапасын кемітпейтін басқа мәдени дақыл (мысалы, бидай партиясында сулы, қара бидай) дәндері жатады.

  1. Лac қоспаға:

  • минералдық қоспалар (топырақ, құм, тас, кесек, т.б.);

  • оргнникалық қоспалар (сабан, жапырақ, масақ, т.б. калдықтары);

  • дақылтүріне байланысты стандарт бойынша берілген елегіштен (әдетте, Ø 1-1,5 мм) өткен қоспапар;

  • арам шөп пен мәдени дақыл (егер ол негізгі дән мен дән қоспасына жатпаса) дәндері;

  • басқа фракцияға жатпайтын мәдени дақыл дәндері;

  • өте қатты жарамсыз болып қалған (езілген, сынған, күйген, іш жағы зиянкеспен толық зақымдалған) дәндер;

  • зиянды қоспалар, яғни, адамның немесе малдың іш кұрлысын бұзатын улы қасиеттері бар, саңырауқұлақ ауруларымен ауырған дәндер жатады.

Зиянды және олардың түрлері әр дақылдың стандарты бойынша беріледі.
3. Дән қоспасына:

  • негізгі дәннің жарамсыз (жартысынан аз бөлігі сақталған, кертілген, мүжілген т.б.) бөліктері;

  • толық піспеген, енген, кептіру кезінде күйген дәндер;

  • лас қоспаға жатпайтын бүтін немесе зақымданған басқа да мәдени дақыл дәндері жатады.

Астықтың ластылығын анықтау үшін алдымен салмағы 2 кг орташа үлгіні тесігінің диаметрі 6мм болатын елегіштен өткізіп, құрамындағы ірі қоспалардан (тас, кесек, сабан, масақ, жапырақ, т.б.) ажыратады. Егер масақта дән болса, оны қолмен үгітеді. Ажыратып алынған ірі қоспаны орташа үлгіге пайыздық қатынасы бойынша есептеп, оны жалпы ластыққа қосады.
Ластылықты анықтауды жеңілдету мақсатында тесігінің диаметрі әр түрлі лабораториялық елегіштерді қолданады. Ол елегіштер дақылдыңтүріне байланысты алынады.
Алынған өлшемді жоғарыда көрсетілген елегіш жиынтығына салып, тегіс заттың үстінде 3 мин бойы, элипс формасында бірқалыпты айналдырақозғалту арқылы елейді. Елеу барысында үлгідегі дәндердің зақымданбауынқамтамасыз ету үшін елегіш жиынтығын сілкілеуге немесе соққылауға болмайды. Сонымен қатар, ұзынша тесікті елегіштерді де дұрыс орналастырған жөн.
Астықтың ластылығын анықтауға арналған жоғарыда келтірілген тәсілдер уақытты алатындықтан және адам күшін қажет ететіндіктен қазіргі кезде оны механикаландыру жолдары қарастырылуда. Солардың бірі - түрлі елегіштерден тұратын, электр тоғымен істейтін тербегіштерді қолдану,өлшемді метал ұнтағымен өңдеп, бөгде заттарды магниттің көмегімен ажырату, т.б. тәсілдер. Дегенмен, астық құрамындағы заттар бір текті болмайтындықтан әрі қоспаны толық ажыратып тиісті фракцияларға бөлу қажет болғандықтан оны міндетті түрде қолмен ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет