Бақылау сұрақтары:
Астықтың жаңалығын қандай тәсілмен анықтайды?
Дәннің түсін анықтау,
Иістің қандай түрлері болады?
Сырттан сіңірген иіске қандай иістер жатады?
Астық бөліп шығаратын иістер және олардың пайда болу себептері?
Дәріс № 28
Тақырып: Астықтың сапалық белгілер тобы
Сабақтың мақсаты: Астықтың сапалық белгілерімен және олардың жіктелу жолдарымен танысу.Астықтың сапапық белгілері және оларды анықтау тәсілдерімен танысу.
Кез келген астықтың белгілі бір мақсатқа пайдалануға жарамдылығын оның сапалық белгілерін анықтау арқылы біледі. Ертеде астықтың сапасын білу үшін оны көзбен көріп, ауызға сап шайнау арқылы мағұлымат алатын болса, ал қазіргі ғылым мен техниканың дамыған дәуірінде әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып, өнім туралы мол мәлімет алуға болады. Сол мәліметтер бойынша оның пайдалануға жарамдылығын анықтайды. Астықтың барлық сапалық белгілерін келесідей негізгі үш топқа жіктейді.
1.Барлықпартия астықта міндетті түрде анықталатын сапалық белгілер:
жаңалығы (иісі, түсі және дәмі);
ластылығы;
ылғалдылығы;
зиянкестермен зақымдануы.
2.Пайдалану мақсатына байланысты анықталатын сапалық белгілер:
3. Қосымша сапалық белгілер:
қышқылдығы;
нитраттың мөлшері;
улылығы;
күлділігі;
дәрумендер құрамы;
микроэлементтер;
макроэлементтер, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |