Бақылау сұрақтары:
Партия астық дегеніміз не?
Астықтың сапасы деп нені айтады?
Бастапқы үлгіні не құрайды?
Орташа үлгі қайдан және калай алынады?
Орташа тәуліктік үлгі қалай құралады?
Ұя алғыштардың қандай түрлері болады?
Цилиндр тәріздес ұя алғыштыңконус тәріздесұя алғыштан ерекшелігі мен кемшілігі?
Айқас бөлу немесе «конверт» тәсілі деген не?
Орташа үлгіден өлшемді қалай алады?
Дәріс № 30
Тақырып: Астық қорының зиянкестеріне жүргізілетін
фитосанитарлық шаралары.
Дәрістің жоспары:
Агротехникалық күресу шаралары
Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі
Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері
Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері
Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресу шаралары агротехникалық, биологиялық, генетикалық, химиялық, механикалық, физикалық және өсімдіктер карантині деп аталатын тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Агротехникалық күресу шаралары. Агротехикалық күресу шаралары өсімдіктер мен зиянкестердің және сыртқы ортаның арасындағы өзара қарым-қатынастарға негізделген. Агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы жағдай жасап, ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай туғызады.
Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі. Ауыспалы егістер дақылдарды алмастырып тұру, топырақтағы қоректік заттарды, ылғал қорын, тыңайтқыштарды және т.б. толығымен пайдалану үшін қажет. Сонымен қатар өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда ауыспалы егіс танаптарының қайсысын болса да зиянкестердің қоректенуін қиындататындай немесе олар зақымдай алмайтындай етіп құруға болады. Бұл ең ақырында өнімнің жоғары болуын немесе оның жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Ауыспалы егісті пайдалану әсіресе монофагтардың сан мөлшері мен зияндылығын азайту үшін өте тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |