Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет57/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары



  1. Жүзімді сақтаудың ерекшеліктері қандай?

  2. Жүзімді сақтауға қойылатын талаптар қандай?

  3. Сабағы бар жузімді сақтаудың ерекшеліктері қандай?

  4. Жемістерді ұзақ мерзімді сақтау әдістеріне түсінік беріңіздер



Практикалық сабақ № 7
Тақырып: Қойма зиянкестері және астықтың олармен зақымдануын анықтау


Сабақтың мақсаты: Негізгі сапалық белгінің бірі ретінде астықтың жаңалығымен танысу және оны анықтау жолдарын меңгеру.Міндетті түрде анықталуға тиісті сапалық белгінің біріластылық ұғымымен және оны анықтау жолдарымен танысу.
Қажетті құрал-жабдықтар: жаңалығы бойынша әр түрлі дән үлгілері, ажыратқыш тақта, эталон дән үлгісі, 200 мл химиялық ыдыс, температурасы 70°С шамасындағы су, т.б.Әртүрлі астықтың орташа үлгілері, таразы, ажыратқыш тақта, үлкейткіш әйнек, калькулятор, қажетті мөлшерде шыны ыдыстар, т.б.
Астық зиянкестерінің түрлері өте көп. Олар тіршілік ету ортасына қоректену мүмкіндігіне, т.б. байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Көп зин келтіретіндерінің бірі - қойма зиянкестері. Олар астықтың салмағын кемітіпқоймай, сонымен бірге, оны сақтауға, пайдалануға жарамсыз етіп, сапасында түсіреді. Тұқымдық материалдардыңөнгіштігін төмендетіп, егугежарамсыз етеді. Азық-түліктік мақсаттағы астықтардың қоректілігін азайтып, нандық касиеттерін нашарлатады. Зиянкеспен шектен тыс зақымданған астықты малға бергенде малдың ас қорыту ағзасы бұзылып тіпті кей кездері оны улайды.
Зиянкестер басқа қоймаға немесе астық ортасына тарап кететтін қаупі болғандықтан мұндай астықты астық қабылдау орындары мүлдем қабылдамайды. Кенемен зақымданған астықты кейбір кезде құнына кеміту жасау арқылы қабылдауға рұксат етіледі.
Бұлсапалық көрсеткіш міндетті түрде анықталуға тиісті сапалық көрсеткіш болып табылады.
Тесігінің диаметрі 1,5 мм болатын елегіштен өткен дәнді қара материалдыңүстінде үлкейткіш әйнектің көмегімен қарап, кенелер санын анықтайды. 1 кг дәндегі тipi кенелердіңсаны бойынша зақымдануды келесідейүш дәрежеге бөледі:

  • дәреже - кенелер саны 1-20түйір аралығында болса;

  • дәреже - кенелер саны 20 түйірден көп болса;

  • дәреже- кенелер киіз болып ұйысып жатса (санау мүмкін болмаса).

Талдау барысында зиянкестердіңөліктері мен қалдықтары кездессе оларды қоспаға жатқызады да, зақымдану көрсеткішіне қоспайды. Егер астық массасында зиянкес табылмаса, онда құжатқа «зиянкес байқалмады» белгісі соғылады.
Кейбір зиянкестер өздерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты дәннің ішкі қабатында өсіп жетіледі. Мұндай зиянкестерге бізтұмсықтар жатады. Олар дән бүйірін тұмсығының көмегімен тесіпжұмыртқаларын салады да, тесікті сілекейімен бітеп тастайды. Мұндай дәннің зақымданғаны сырт көзге байқалмайды. Зиянкестің ұрпағы ересек қоңыз болғанша дән ішіндегі қоректік заттарды пайдаланады. зақымданудың мұндай түрін «жабықтүрде зақымдану» деп атайды.
Астықтың жабық түрде зақымдануын дәнді ортасынан бөлу арқылы ішкі жағын қарап немесе химиялық жолмен, яғни, тесіктің орнын бояу арқылы (Брудной тәсілімен) анықтайды.
Дәнді бөлу арқылы анықтау үшін таңдамастан бүтін 50 дән алып, скальпельдің көмегімен ортасынан жару арқылы тең екіге ажыратадьГ үлкейткіш эйнектің көмегімен зиянкес ұрпағыныңбар - жоғын зерттейді.
Жабық түрде зақымдануды Брудной тәсілімен анықтауда орташаүлгіден 15 г дән алып, оны дән және лас қоспалардан тазалап, тор ыдысқа салады . Сонан соң температурасы 30°С шамасындағы жылы суда 1 минутұстап, тесіктің орнын ісіндіреді. Дайын болған үлгіні 20-30 сек 1%- дықкалий қышқылы марганец (КМnО4) ерітіндісіне батыру арқылы дәндегі тесік орнының қара түске боялғанын күтеді. Сол кезде зақымданған дәнде көлемі0,5мм шамасындағы қара дақ пайда болады. Осы белгісі арқылы жабық түрде зақымданған дәндерді тез арада санап шығады. Егер, анықтау прцесі созылып кетсе дәндегі қара дақ жоғала бастайды. Боялған тесік орнының жан - жағы қою қара түсті, ал ортасы ақшыл болса мүндай дәндердіесепке алмайды. Себебі ондай дәндерде зиянкес ұрпағы болмайды.
Кейбір жағдайда, мысалы, дән қабығының жарылуы салдарынан боялған дәнде формасы дұрыс емес ұзынша келген дақ пайда болады. Мұндай дәндерді нағыз зақымданған дәндерден бөліп ажырата білу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет