Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»


Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы



бет59/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы
Ашытқылар. Әртүрлі пішіндегі, бактериялардан гөрі ірірек бір түйіршікті организмдер. Ашытқы колонияларына паста тәрізді консистенция тән. Сақтау кезінде дән сапасына елеулі бір әсері бола қоймайды, бірақ нақты бір жағдайларда қамба иісі деп аталатын иістің тууына себепші болады.
Зең саңырауқұлақтары. Астық құрамында мәні жағынан екінші орында тұратын микроорганизмдер тобы. Жалпы микроорганизмдер мөлшеріндегі олардың үлесі 1-2%. Қатты қоректі ортада саңырауқұлақтар мақта тәрізді немесе үлпілдек колониялар түзеді. Зеңдердің жалпы құрамына саңырауқұлақтың 60-тан астам түрі енеді. Дәннің сақталуы мен сапасына әсер ететін «сақтау зеңдері» деген атаққа ие болған Aspergillus және Penicillium (туыстастар) тобына жататын саңырауқұлақтар.
Актиномицеттер. Бұл сәулелі саңырауқұлақтар, дән құрамына орақ кезінде топырақ түйірлерімен бірге түседі. Әйтсе де олар жаңа жиналған дәнде онша көп болмайды. Қолайлы жағдай туған кезде дамып, дәннің қызуына әкеп соқтырады.
Дәннің фитопатогенді микроағзалары. Микроағзалардың бұл тобына бактериялар, саңырауқұлақтар және вирустар жатады.
Бактериоздар. Бактериялар беткі ткандерді зақымдап, қабықтарға күйген секілді дақ және жапырақтарға теңбіл дақ түсіреді, ал егер олар сөл жүретін тамырларды зақымдаса, онда өсімдік солып, қурап қалады. Астыққа кездейсоқ түсетініне қарамастан кейбір инфекцияның қосымша таралу көзі болып табылады. Бұлар тек адам немесе жануарлар ауруларының қоздырғыштары, олар зоноз деген атқа ие болған. Солардың қатарына топалаң, маңқа, бруцеллез, туберкулез және басқа да бірқатар аурулар қоздырғыштары жатады
Микроағзалар тіршілігіне әсер ететін жағдайлар. Барлық дақылдардың дәні мен тұқымы көптеген сапрофитті, әсіресе зең саңырауқұлақтар тіршілігі үшін ең қолайлы орта болып табылады. Микроағзалар қоршаған ортада қолайлы жағдай болғанда ғана өсіп-өніп, споралар салады, ал жағдай қолайсыз болған кезде өліп қалады немесе тыныш күйге көшеді. Су, ылғал-микробтар денесінің 80-96 % мөлшерлі болып келетін бір бөлігі. Микроағзалар тіршілігі үшін аса қажетті фактор ылғал олардың тіршілігіне дем береді, ал оның тапшылығында микроағзалар дамуын тоқтатады. Қоршаған орта ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, торшық пен орта арасындағы зат алмасу да солғұрлым жедел жүреді, микробтар тез әрі жақсы өсіп-өнеді. Ылғалдың дамуы үшін қажетті төменгі шекті мөлшеріне қарай микроағзалар:
Гидрофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% және оның ең төменгі мөлшері 90% ортада жақсы жетіледі.
Мезофиттер үшін салыстырмалы ылғалдылықтың ең төменгі шегі 80-90%.
Ксерофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90-95%, ал оның ең төменгі мөлшері 70-79% болған жағдайда дамып жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет