Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет56/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланады, өйткені оның тамыр жемісінде орташа есеппен алғанда 13-19 пайыз қант болады.

Бақылау сұрақтары
1. Қант қызылшасын сақтау тәсілдеріне қойылатын талаптар қандай?
2. Қант қызылшасын сақтаудың ерекшелкітері қандай?
3. Қант қызылшасының техникалық талаптарына талдау жасаңыздар
4. Қант қызылшасын сақтауға арналған ор трнашеяларға қойылатын талаптар қандай?
Практикалық сабақ № 6
Тақырып: Жүзімді сақтау тәсілдері мен түрлері
Сабақтың мақсаты: Жүзімді сақтауды оқып үйрену.
Жоспар:

    1. Жүзімді асып қойып сақтау.

    2. Жемістерді ұзақ мерзімді сақтау әдістері.

Жүзім - тез бұзылатын және алысқа апаруға келмейтін жеміс. Сондықтан жүзім өнімін жинауға мұқият әзірлену керек. Жүзімнің тағамдық сорттарды жеуге толық жараған, жүзім ішіндегі қант 15 процентке жеткен кезде жиналады.
Жүзімнің құрамында алма және шарап қышқылдар, пектин заты және витаминдер көп. Бағалы тағам болады, сонымен қатар жүзім шырыны ішкен адам қан аздық ауруымен ауырмайды, балалар рахит болмайды, асқазан, ішк аурулары, цинга, туберкулез, жүрек ауруларына ем болады. Жүзімнен тосап, әр түрлі сусындар жасалады, шырын алынады. Халықтық медицинада жүзімді организмі әлсіреген адамға, басталып келе жатқан туберкулезге, бронхитпен, гемороймен ауырғандарға, сонымен қатар асқазан және іште болатын ауруларды емдеуге, бауыры, бүйрегі ауырған адамдарды және құяңды емдеу үшін береді.
Жүзім сорт-сортымен іріктеліп, жауын-шашынсыз ашық күндері жиналады. Жеміс салымдары қайшымен немесе бұтақ, қайшымен кесіледі, 4-5 килограмдық себеттерге немесе көлемі 30 х 50 х 20 сантиметрлік жәшіктерге салынады. Зияндалған жемістер салымдары өз алдарына бөлек жиналады.
Жузімді асып қойып сақтау. Жүзімнің негізінен кеш пісетін сорттарының (Нимранг, Тайфи розовый және басқалары) бірқалыпты піскен және дені сау шоқтарын подвал қабырғасына бір-біріне тимейтіндей етіп асып қояды. Қара күйе шірігі ауруының өршіп- дамуын төмендету үшін. 10-14 күн ішінде бір рет 1 м3 1,5-2,0 г есебінен күкірт тұтатып тұру керек. Сақтаудың бұл әдісін басқа да салқын, ауасы жақсы тазартылып тұратын үйлерде пайдалануға болады. Алайда күкіртті пайдаланғанда сол подвалда алма мен алмұртты сақтауға болмайтындығын есте сақтау керек, өйткені күйік ауруы байқала бастайды. Оларды бірге сақтаған кезде күкіртті пайдалану ұсынылмайды.
Сабағы бар жузімді сақтау. Бұл жағдайда жинау кезінде жүзім шоқтарын ұзындығы 1,5 мм дейінгі сабағымен бірге қояды. Сақтау кезінде сабағын су құйылған ыдысқа салып қояды, бұл жүзімніңкөп солмауына жағдай жасайды.
Жерден қазылған шуңқырларда сақтау. Жүзім шоқтарын шұңқырдың төменгі жағына 30-40т см биікке іліп қояды. Шұңқырдың түбіне шамалы күкірт түйірлерін тастайды, шұңқырдың бетін қамыспен немесе басқа сатериалмен жабады да, балшықпен майлап тастайды, сәл ғана саңылау қалдырады. Күн тұрақты салқындаған уақытта тесікті жабады. Сақтаудың мұндай әдісі біршама тұрақты температураны және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын сақтап тұруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүзімнің тыныс алуы есебінен шұңқырда көмір қышқыл газы көбейеді, бұл жүзімнің жақсы сақталуына игі әсерін тигізеді. Бұл әдіспен жүзімді бұтағынан кеспей-ақ сақтауға болады., яғни шұңқырды тікелей ол өсіп тұрған жерден қазады, бұл жүзімді неғұрлым ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді.
Аудандастырылған Апорт және Заря Алатау сорттарының жемістеріне отандық және шетелдік биологиялық белсенді қосылыстардың әсері сыналды. Өңдеу сыналатын препараттардың су ерітіндісіне 30 сек. батыру әдісімен жүргізіледі.
Кептіріп, қаптаған соң жемістер ұзақ мерзімді сақтауға қойылады. Сынақ нәтижесінде бірнеше препарат ерекшеленеді: фоспинол және акпинол (ҚР ҒА Химия ғылымы институтында синтезделген), МГ-5, МОШ (Әл-Фараби атындағы Қазақ МҰУ, органикалық химия кафедрасы),”Виторон,” “Битонин” (ҚР ҒА Тағам институты ), ’’Амбиол” (Ресей ҒА Химиялық физика институты). Сумен, кальций хлоридімен және азоценмен (фунгицид) өңделген жемістер бақылау үлгілері ретінде алынды. Кесте нәтижелері көрсеткендей, барлық биологиялық белсенді заттар (ББЗ) өнімді арттырады.
Синтетикалық биологиялық белсенді заттар (ББЗ) ішінен фунгицидтік әсері жоғарғысы - “Мош” және фоспинол. Бұл препараттармен өңделген жемістердің саңырауқұлақ ауруымен зақымдалу мөлшері бақылау үлгілеріне қарағанда 3-4 есе төмен.
Заря Алатау жемістері үшін “Мош”, ”МГ-5” тобының препараттары оң әсер береді. Өсімдіктердің “Виторон”, ”Битонин” витаминді сығындысы Заря Алатау жемістері үшін тиімді. Бұл препараттардың фунгицидтік (саңырауқұлақ колониясын тежеу), сонымен қатар антиоксидантты (физиологиялық ауруларды тежеу) қасиеті бар.
Сонымен зерттеу нәтижелері:

  • биологиялық белсенді заттар “Мош” және “Фоспинолдың” фунгицидтік қасиетке ие екенін;

  • “МГ-5”, “Виторон”, “Битонин”, “Акпинол” препараттарының антисептикалық қасиетінің төмендігі;

  • “МГ-5”, “Мош”, “Амбиол”, “Битонин”, “Виторонның” антитотықтыру қасиеті бар екенін көрсетті.

Осы сыналған препараттар жемістерді сақтау үшін қолдануға ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет