Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет61/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бізтұмсықтардың (Curculionidae) түрлері. Бұлардың өкілдерінің басы ұзын, түтік болып келеді, қоңыздың бізтұмсық деген аты да осыдан шыққан. Ұрғашылары жұмыртқаларын тұмсығымен дәнге арнайы ұя салып, оның аузын өзі бөліп шығаратын жабысқақ сұйық затпен бітейді. Бізтұмсықтар жұмыртқаларының ылғалдығы 10%-тен төмен дәнге салудан қашады, бірақ жарма мен қатты нығыздалған ұнда да өсіп-өне алады. Дән ішінде жатқан жұмыртқадан эндосперммен қоректену арқылы балапан құрт өсіп шығады. Қамба бізтұмсығы (Sitophilus granarius L.). Қамба бізтұмсығы бидай, қара бидай, арпа, күрішті зақымдайды; сұлыны, жүгеріні, ақталған тары мен қарақұмықты зақымдауы сирек. Тары дәнінде, майлы және бұршақ тұқымдас дақылдарда дами алмайды.
Бізтұмсық денесі жылтыр, пішіні ұзынша және жіңішке, түсі қоңыр, қарақоңыр, жас қоңыздардың түсі ақшыл қоңыр болып келеді. Тұмсығын қосқандағы денесінің ұзындығы 3-4 мм, басы сүйірленіп біткен қоңыз. Күн жылығанда жылына 5 ретке дейін ұрпақ береді. Бізтұмсық ұша алмайды, өйткені, астыңғы қанаттары жетілмген. Бізтұмсық ұрғашысы 50-300-ге дейін жұмырқа салады. Температура 24-25°C дән ылғалдығы 15%-тен жоғары болса бір ұрпақтың дамып-жетілуі 36 күн, температура 12°Cболғанда жетілу мерзімі 209 күнге созылады. Температура 15-13°C немесе 35°C жоғары болса, жұмыртқа салуын тоқтатады. Ылғалдығы 15%-тен төмен дәнде қойма бізтұмсығы жетілмейді.
Бізтұмсық қоңыздары жарықты, өтпе желді көтермейді, күн сәулесінен тез өледі. Астық тасымалдау кезінде бізтұмсық аяқтары мен мұртшаларын бауырына тығып, бүрісіп қалады, ал өлген қоңыздың аяғы мен мұртшалары керісінше жазылып жатады.
Күріш бізтұмсығы (Sitophilus oryzae L.). Күріш бізтұмсығы ауа райы жылы елдерде тараған. Қамба бізтұмсығына өте ұқсас, одан айырмашылығы кішілеу 3,5мм, денесі күңгірт қоңыр түсті, үстіңгі қанаттарында 4 симметриялы қызғылт сары немесе қызыл түсті теңбілдері бар, қоңыздың қанаттары жақсы дамығандықтан ұша алады, сөйтіп тек қойманы ғана емес, егістікті де зақымдайды. Ұрғашысы 300-500 жұмыртқа сала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет