Электр ылгал өлшегіштің көмегімен анықтау.Электр ылғал өлшегіштің көмегімен анықтау тәсілі пайдалануға қолайлы, уақытты көп қажет етпейтін жедел тәсіл болып табылады. Әдетте, өндірісте бұл тәсілмен ылғалдылықты анықтауда әр түрлі электр ылғал өлшегіштер колданылады. Бұл құралдардың жұмыс істеу принципі негізінен өнім құрамындағы ылғалдың мөлшеріне байланысты электр тогын өткізу мүмкіндігіне негізделген.
Негізінен шаруашылықтарда ВП-4, ВЗПК-1, ПВЗ-10Д, «Гигрорекорд» электр ылғал өлшегіштері қолданылады. Олардың барлығы дерлік алып жүругеқолайлы, салмағы жеңіл, әрі пайдалануға ыңғайлы.
Электр ылғал өлшегіштер егіннің пісіп жетілу кезеңін, яғни, егінді бастыруға болатынын немесе болмайтынын анықтауға, бір түрге жататын ұсақ партия астықтарды біріктіріп, ірі партия құрауға немесе қоймада жатқан астықтың жай-күйін тексеріп отыруға қолайлы.
Термостатты-кептіру тәсілі. Мемлекеттік стандарт бойынша негізгі тәсілкептіру тәсілі болып табылады. Ол үшін арнайы кептіргіш шкафтар қолданылып, өнімді белгілі бір температурада қыздыру арқылы кептіреді.
Элеваторларда, астық қабылдау орындарында бұл мақсатта СЭШ-2Мнемесе СЭШ-3М шкафтарықолданылады. СЭШ-ЗМ (электр кептіргішшкаф - 3 модификация, модернизация жасалған) шкафы ішінде қатарынан 10 бюксты қоюға арналған айналып тұратын орнықшасы бар негізгі корпустан, реттегіш реледен, оған жалғанған жалғанбалы термометрден және желдеткіштен тұрады .
Астықтың ылғалдылығын анықтау үшін орташа үлгіден БИС-1 апаратының көмегімен 50-100г өлшем алып, оны лабораториялық диірменде ұнтайды. Ол үшін бір-біріне қарама-қарсы әртүрлі жылдамдықта айналатын екі ості, немесе конус тәрізді ұнтағышы бар шағын диірмендер, соныменкатар, астық және майлы дақыл дәндерін, құрғақ өсімдік үлгілерін агротехникалық талдау жасауда алдын-ала ұнтауға арналған МРП-1 (молница для растительных проб) диірмені қолданылады. аталған ұнтағыш ұзындығы 63, ені 30, биіктігі 47 см, салмағы 50 кг етіп жасалған. Кескіш пышақ минутына 2800 айналу жылдамдығымен қозғалаотырып, сағатына салмағы 25-50 г - дық 20 үлгіге дейін ұнтайды.
Дайын болған өлшемнен екі қайталап, шамамен 5 г-нан ұнтақ алып, оны алдын-ала нөмірі жазылып, салмағы анықталған бос бюкске салады да қақпағын жауып қояды. Үлгілер дайын болған соң оларды бір уақытта, тиісті деңгейге дейін қыздырылған кептіргіш шкафқа салады.
Ұнтақтың ірілігі қалыпты деңгейде болмаса кептіру процесі дұрыс жүрмейді. Сол себепті ұнтақ мемлекеттік стандарт талаптарына сай астық дақылдарының ылғалдылыгғын анықтауда өлшемді 2 қайтара алып, 130°С температурада, 40мин кептіру қажет. Кептіру барысында температураның қалыпты деңгейі екенін кептіргіш шкаф релесінің бетіндегі «белгі бергіш лампадан» білуге болады. Кей кезде кептіру процесін өлшем салмағы тұрақты болғанша жүргізеді. Кептіргенге дейінгі және кептіргеннен кейінгі салмақ айырмашылығы бойынша астықтың ылғалдылығын келесі формуламен есептейді.
Бұл формулада:
В - астықтың ылғалдылығы, %;
К - кептіргеннен кейінгі салмақ, г;
Д - кептіргенге дейінгі салмақ, г.
Екі қайтара анықтау көрсеткіштері бойынша орташа мәлімет алынады да, ол 0,1% дәлдікке дейін жуықталады.
Астықтың ылғалдылығын алдын-ала кептіріп анықтау тәсілін қолданғанда 50г өлшемнің тең жартысын алып, оны диірменде ұнтамайтұрыпсалмағын өлшейді. Сонан соң кептіргіш шкафта 30 мин бойы 105°С темпиратурада қыздырып, бөлінген суды пайызға айналдырады, ары қарай кептірілген дәнді лабораториялық диірменде ұнтап стандартты тәсілмен кептіреді. Екі қайтара кептірудегі салмақ айырмашылығын пайдаланып, келесі формуламен астықтың ылғалдылығын есептейді.
В=100-(К·Ұ)
Бұл формулада:
В - астықтың ылғалдылығы,%;
К -Ұнталмаған 20г дәннің алдын-ала кептіргеннен кейінгі салмағы, г;
Ұ - алдын ала кептіріліп ұнталған 5г дәннің толық кептірілгеннен кейінгі салмағы.
Негізгі ауылшаруашылық дақылдарының ылғалдылығын анықтап, төмендегі кестені толтыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |