Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»


Кеміргіштердің түрлері. Тышқан тәрізді кеміргіштер (



бет62/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Кеміргіштердің түрлері. Тышқан тәрізді кеміргіштер (Мuridae). Хайуандардың бұл тобына егеуқұйрық, тышқан, аламан, сұртышқандар жатады. Бұлар әлемнің барлық елдеріндегі азық қорына орасан нұқсан келтіретін қауіпті зиянкестер. Олар өнімнің көп бөлігін құртады, оларды ластайды, жұқпалы аурулар таратады, ыдыстарды, қоймаларды бүлдіреді.
Кеміргіштер (Anobildae). Дән кеміргіші (Stegobium paniceum L.) қоңызның ұзыны ұзындығы 3,7 мм-ге дейін жетеді, түсі ақшыл қоңыр мен қою қоңыр аралығында, денесін жылтылдаған қалың түк басқан. Сыртқы пішіні цилиндр тәрізді, басын жалбағай секілденген алдыңғы кеуденің жалғасы қаптап жатады. Ересектері қоректенбейді, балапан құрттар жинаған қоры есебінен тіршілік етеді.
Көбелектердің (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera) түрлері. Бұлардың ішінде астық қорының зиянкестеріне күйе, қанкөбелек, қоңыркөбелек тұқымдастарының өкілдері жатады. Барлық көбелектерде қоңыз секілді даму сатысынан өтеді: жұмыртқа, балапанқұрт (жұлдызқұрт), қуыршақ, көбелек. Екі жұп қанаты болады. Оны да денесі секілді қабыршақ қаптап тұрады. Ауыз аппараты жалауға лайықталған, сондықтан көбелектер дәнмен қоректенбейді, балапан құрттардың жинағандарының есебінен тіршілік етеді. Жұлдызқұрттың аузы кеміруге лайықталып, жақсы жетілген. Кеудесінде 3, бауырында 2-ден 5-ке дейін қос аяқтары болады. Күйелер. Дән күйесі(Sitotroga cerealella oliv). Дән күйесіойық қанатты күйелер семьясына жатады. Денесінің ұзындығы 9 мм, қанаттары 11-19 мм. Артқы қанатының ұш жағында оймасы бар. Алдыңғы қанаттары сұрғылт сары түсті, қоңырқай жолақтары бар, артқы қанаттары сұр, жиегі шашақты. Көбелек дән ішінде жасырын өсіп-жетіледі, сөйтіп елеулі нұқсан келтіреді.
Ұрғашы көбелек 150 жұмыртқаға дейін салады. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрт дәнді тесіп, ішіне өтеді, онда ол қуыршақтанып, одан көбелек ұшып шыққанша дамып-жетіледі.
Қамбакүйесі (Tinea granella L.). Көбелек денесінің ұзындығы 8 мм-ге дейін жетеді, қанаттары 9-14 мм-дей. Алдыңғы қанаттары күмістей сұр түсті, қошқыл қоңыр көлденең жолақтары және қоңыр дақтары бар, артқы қанаттарының түсі қоңыр немесе сұр, жиегі шашақты.
Кенелер – дара жынысты жәндік. Олар – астық, түкті, жыртқыш және құрсақты (қарынсау) кенелері тұқымдастарының өкілдері. Кенелердің денесі ұзынша сопақ болып келеді, ұзындығы 0,2-1 мм, денесі екі бөліктен тұрады: кеуде-бас және құрсақ, денесі түктер немесе тікенектері бар хитин қабығымен қапталған. Кененің мұртшасы мен көзі болмайды. Тыныс алу, ас қорыту және көбею кененің әр тобында әртүрлі жүреді. Мысалы, астық кенелері хитин қабықтың майда тесіктері арқылы тыныс алса, жыртқыш және басқа кенелер кеңірдек арқылы тыныстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет