65 |
7.11.3.2
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша күтілетін оқу нәти-
желері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
әскери қызметтің негіздерін, мақсатын, ұйымдық құрылымын, штаттық қару-жарақ пен
техникасын; төменгі санатты тактикалық буын бөлімшесінің мүмкіндіктерін; бағдарлау
құралдарының, робототехника мен IT-технологияларын қолдану негіздерін; Қазақстан
Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру негіздерін; заманауи зақымдау
құралдарын қолдану кезінде, террористік қауіп-қатер мен табиғи апаттар жайлы ескерту
жүйесін және оларды қолдану кезіндегі іс-қимыл тәртібін; табиғи апаттың сипатта-
маларын, зақымдану ошақтарында құтқару және шұғыл авариялық-қалпына келтіру
жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі жайлы; штаттық қаруды тағайындау, орнату және
қолдану, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, радиоактивті және химиялық бақылау
аспаптарын пайдалану тәртібі, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау мен оларды таратуды
ұйымдастыру және жүргізу тәртібі жайлы; алғашқы медициналық көмек көрсетудің
міндеттері мен түрлері жайлы; жол жүру
ережесі жайлы білетін болады;
-
әскери қызметтің, робототехниканың және IT-технологияларының негіздерін, ядролық,
химиялық, бактериологиялық (биологиялық) қарудың және басқа да заманауи зақымдау
құралдардың адамдарға, шаруашылық нысандарына, қоршаған ортаға әсері және олар-
дың қолданысының экологиялық зардап-салдарын; табиғи немесе техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар туындаған жағдайда салдарлары мен ықтимал экономикалық және
экологиялық зиянын түсінеді;
-
әртүрлі жағдайдағы ұрыс даласында жауынгер радиациялық және химиялық бақылау
посты құрамында барлаушы ретінде әрекет етуді біледі; кәдімгі қаруды, жеке және
ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдаланады; жараланғанда, қан кеткен және күйік
болған жағдайларда, дененің әртүрлі бөліктерінің ашық және жабық сынуы кезінде, үсік
шалғанда, басынан күн (ыстық) өткенде, электр жарақатында, суға батқан кезде алғашқы
медициналық көмек көрсетеді; дененің әртүрлі бөліктеріне әртүрлі зақымданулар болған
кезде таңғыштармен таңады; интернетті пайдаланады, аудио-визуалды технологияларды
пайдаланады, көлік құралдарын жүргізудің, робототехниканың теориялық негіздерін
біледі; цифрлық фото және
бейне жабдықтарды пайдаланады;
-
заманауи зақымдау құралдарын қолдану кезінде туындауы мүмкін төтенше жағдайларды;
табиғи немесе техногендік сипаттағы туындауы мүмкін төтенше жағдайларды талдайды;
-
қабылданған
шешімдердің салдарын бағалайды;
-
туындауы мүмкін оқыс жағдайлар кезінде, заманауи зақымдау құралдарын қолдану ба-
рысында іс-қимыл алгоритмін; табиғи немесе техногендік сипаттағы туындауы мүмкін
төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл алгоритмін жасайды.