Білім беру бағдарламасы nis-programme «Математика»


Математика. Негізгі мектеп. 8-сынып



бет18/51
Дата24.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#455714
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
8-synyp-oku-zhospary-matematika-nd2b1sd29ba-2-iyun-2017 (1)

Математика. Негізгі мектеп. 8-сынып

  • Ұсынылатын сағат саны: 18

  • Осыған дейін меңгерілген білім

  • Квадрат түбір және арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын білу, квадрат түбірлерді таба алу, иррационал өрнектердің мәнін есептеу, бүтін және иррационал өрнектерді ықшамдау дағдылары.

  • Мәнмәтін

  • Бұл бөлімде алынған білім бүтін және рационал теңсіздіктерді шешумен қатар, кез келген теңдеулерді, соның ішінде квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешуде қолданылады.

  • Бөлім бойынша оқу мақсаты

  • Пәндік лексика мен терминология

  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Оқушылар:

  • квадрат үшмүше мен квадрат теңдеудің анықтамаларын біледі;

  • квадрат теңдеулердің түрлерін біледі және анықтайды;

  • квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын біледі және қолданады;

  • Виет теоремасын біледі және қолданады;

  • бөлшек-рационал және квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешеді;

  • мәтін есептерді квадрат теңдеу немесе бөлшек-рационал теңдеу құру арқылы шеше алады.

  • Оқушылар:

  • - квадрат немесе бөлшек-рационал теңдеудің шешімін түсіндіреді;

  • - квадрат теңдеудің түбірлерінің саны туралы дәлелді талқылайды;

  • -квадрат үшмүшеден толық квадратты бөліп алу және квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу алгоритмін сипаттайды;

  • - Виет теоремасына (оған кері теоремаға) сүйеніп, квадрат теңдеудің түбірлері туралы талқылау жүргізеді;

  • - берілген бөлімнің пәндік лексикасымен және терминологиясымен жұмыс істейді.

  • - квадрат үшмүше;

  • - квадрат үшмүшенің түбірі;

  • - квадрат теңдеу;

  • - екінші дәрежелі теңдеу;

  • - толық және толымсыз квадрат теңдеулер;

  • - келтірілген квадрат теңдеу;

  • - бірінші немесе басты коэффициент, екінші коэффициент немесе х-тің коэффициенті, бос мүше;

  • - дискриминант;

  • - екімүшенің квадратын бөліп алу;

  • - рационал теңдеу;

  • - биквадрат теңдеу;

  • - бөлшек-рационал теңдеудің мүмкін мәндер жиыны;

  • - бөгде түбір.

  • - теңдеудің сол жақ бөлігін екімүшенің квадраты түріне келтірейік;

  • -... квадрат теңдеудің дискриминанты деп аталады;

  • - берілген квадрат теңдеудің... (түбірлер саны) түбірі бар, өйткені ... ;

  • - кез келген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін ... арқылы өрнектеуге болады;

  • - берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы бірдей, өйткені ... ;

  • - берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы әр түрлі, өйткені ... ;

  • - берілген түбір бөгде түбір, өйткені ... .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет