Оқушылар:
- көпбұрыш анықтамасын және оның элементтерін біледі;
- төртбұрыштың түрлерін біледі және олардың қасиеттерін қорытып шығарады;
-төртбұрыштардың белгілері мен қасиеттерін есеп шығарғанда қолданады;
- кез келген дөңес көпбұрыштың ішкі (сыртқы) бұрыштарының қосындысын табады;
- Фалес теоремасын біледі және қолданады;
- кесіндіні тең (пропорционал) кесінділерге бөледі.
|
Оқушылар:
- төртбұрыштардың әр түрінің қасиеттерін қорытып шығару жолын дәлелдеп, түсіндіреді;
- есеп шығаруды дәйектейді;
- кесіндіні тең (пропорционал) кесінділерге бөлу жолын түсіндіреді;
- бөлім бойынша лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады.
|
- көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, жетібұрыш, сегізбұрыш, тоғызбұрыш, онбұрыш;
- дұрыс көпбұрыш;
- дөңес, дөңес емес көпбұрыш;
- көпбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштар;
- параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, квадрат, трапеция;
- трапецияныңтабандары және бүйір қабырғалары;
- тікбұрышты трапеция;
- теңбүйірлі трапеция;
- диагональ;
- пропорционал кесінділер;
- үшбұрыштың орта сызығы;
- трапецияның орта сызығы.
|
- берілген фигура көпбұрыш болып табылады, ... ;
- көпбұрыш дөңес болады, себебі...;
- көпбұрыш дұрыс болады, егер ...;
- берілген n- бұрыштың n ... болады;
- төртбұрыштың диагональдары өзара перпендикуляр болады,егер ... ;
- параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары ... ;
- ромбының қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі ... ;
- параллелограмм бұрышының биссектрисасы одан ... қияды;
- параллель түзулер ... қияды;
|