Жинақталған жиілік ұғымын енгізіңіз. Бірінші жағдайда оқушылар жинақталған абсолютті жиілікті анықтады. Жианқталған абсолюттң жиілік статистикалық қатардағы сандардың қаншасы берілген мәннен аспайтынын көрсетеді. Екінші жағдайда оқушылар жинақталған салыстырмалы жиілікті анықтады. Жинақталған салыстырмалы жиілік статистикалық қатардағы сандардың қандай бөлігі берілген мәннен аспайтынын көрсетеді. Жинақталған жиіліктер (абсолютті) салыстырмалы жиіліктерді жинақтап қосқаннан пайда болады.
Оқушыларға кестені толтыруды ұсыныңыз.
Портфель салмағы
Абс. жиілік
Сал. жиілік
Жинақ. абс. жиілік
Жинақ. салыс. жиілік
1 ден 2
6
0,3
2 ден 3
10
0,5
3 тен 4
3
0,15
4 тен 5
1
0,05
Есептті шығаруды ұсыныңыз:
Кестеде көрермендердің бір күнде теледидар алдында қанша уақыт жіберетіні жөнінде әлеуметтік жауап алу деректері берілген.
Сұралғандардың қанша пайызы бір күнде 3 сағатқа дейін теледидар алдында өткізеді? Сұралғандардың қанша пайызы бір күнде 2 сағаттан артық емес уақытын теледидар алдында өткізеді? Сұралғандардың қанша пайызы бір күнде 4 сағаттан кем емес уақытын теледидар алдында өткізеді?
Оқушылардың білім сапасы мен үлгірімі туралы тоқсан сайын есеп беруде мұғалімдер жинақталған жиілікті қалай қолданатыны туралы айтып өтіңіз.
Оқушылардан вариациялық қатар ұғымы туралы айтуын сұраңыз. Кумулятивті вариациялық қатар және кумулята ұғымы туралы түсінік беріңіз. Шамалары өспелі не кемімелі ретпен орналасатын құбылыстарды зерттеу кезінде алынатын нұсқалықтар не белгілер мәндерінің қатары мен сәйкес жинақталған жиіліктер кумулятивті вариациялық қатар деп аталады.
Кумулята кумулятивті вариациялық қатардың графикалық кескінін көрсету қызметін атқарады.
Оны салу үшін абсцисса осінде аргумент мәндері, ал ордината осінде жинақталған жиіліктер орналасады. Әр ось үшін масштаб кез келген түрде алынады. Әрі қарай нүктелерді салады, абсциссалары вариантаға (дискретті қатар болған жағдайда) немесе интервалдардың жоғарғы шекарасына тең, ал ординатасы сәйкес жинақталған жиіліктерге тең. Бұл нүктелер түзудің бөліктерімен қосылады. Пайда болған сынықтар кумулята деп аталады.
Оқушыларға кумулятаны салуға есеп ұсыныңыз.
Есеп.
Төменде теңізден ауланған алабалықтардың ұзындықтары берілген.
Бродский И. Л., Мешавкина О. С., Вероятность и статистика для 10-11 классов, пособие для учителя - планирование и практика – М: Школьное образование, 2009 г.
Оқушыларға stat.gov.kz сайтына кіріп, статистикалық кестелер мен гистограммалар табуын және табылған кестелер мен гистограммалар бойынша сұрақтар құрастыруын ұсыныңыз.
Әрі қарай оқушылар дәптерлерімен алмасып, серіктесінің сұрақтарына жауап береді. Кейін оқушылар өз жұмыстарын талдап, бағалайды.
1. Кестеде N қаласында 1980 жылы маусым айындағы және1990 жылы маусым айындағы температура бойынша деректер келтірілген. Бұл кестеде күнделікті бақылау ақпараты берілген.
Қай жылы ауа температурасының 26o -тан ыстық күндері көп болған?
Ж
http://festival.1september.ru/articles/531635/
Петерсон Л.Г. и др. Математика. 7 класс. Учебник 3 ч.– М.: Ювента, 2011.
статистикалық қатардың дисперсиясы мен стандартты ауытқуының анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын біледі;
Сандық сиапттамалар қарастырылып отырған шамалар туралы әрқашан оң түсініктер бере бермейді. Мысалы, Меркурий ғаламшарында орташа температура+150. Осы статистикалық көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып, Меркурийде өмір сүруге қолайлы қоңыржай климат деген ой туады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Шынында Меркурийде ауа температурасы-1500 пен + 3500арасында ауытқиды. Яғни, сан қатары туралы орташа сипаттамалардан өзге таралу немесе шашыраңдылық сипаттамаларын білген жөн.
Құлаш ұғымын түсінуге әкелетін тағы да тапсырмалар қарастырыңыз.
Есеп.
Төлдейтін сиырлар үшін салынған өндірістік үй-жайды тапсыру кезінде құрылысшылар орташа температура 24 градуста болады деп сендірді, себебі бір ай бұрын жүргізілген бақылау өлшемдері кезінде температура мынадай градустарда болғаны анықталды: 30, 12, 30, 36, 12, 24. Орта тенденция өлшемін анықтаңыз. Сиыр қораны қабылдай актісіне қол қойылған ба?
Оқушылармен басқа да өзгеріс өлшемдерін түсіну туралы әңгіме жүргізіңіз.
Мысалы:
Бір командадағы жұмысшылардың жасы мынадай: 18, 19, 20, 40, 60, 61, 62. Басқа командадағы жұмысшылардың жасы мынадай: 18, 35, 39, 40, 41, 45, 62.
Екі сандар қатарының медианасының, құлашының, арифметикалық ортасының мәндері бірдей.
Бірақ бұл командалар жұмысшыларының жастық құрамы айқын ерекшеленеді. Екінші командаға қарағанда бірінші команда жұмысшыларының орта мәнге қатысты жастарының шашыраңқы орналасуы көп және кәсіпорынның талабына сай ұзақ мерзімді келісімшарт жасауда артықшылық екі команданың біріне түседі. Мысалы, бірінші командаға үш жылдан кейін жаңа қызметкерлер қажет болады, себеі ондағы үш қызметкер зейнетақы жасында.