73
етті. Осы мәдениеттен ұлттық мәдениетті жандандыруға және Ресей халқының
басқа халықтарымен тең дәрежеде әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге
мүдделі көптеген танымал жұмысшылар шықты [147]. Бұл кезеңдегі жадидтік
оқыту жүйесімен білім беру біртіндеп ұлттық білім беру жүйесіне – қазақ
ұлттық бастауыш мектептертерінің қалыптасуына және кеңестік үкімет
уақытысында қазақ бастауыш мектептерінінің дамуына және бүгінгі күндегі
бастауыш білім беру жүйесісімен табиғи заңдылықта сабақтастықтарын
тауып, өзара ішкі бірлікте жатқандығына көз жеткізуге болады.
Бастауыш білім беру кезеңі оқушылардың
орта және жоғары
сыныптарда білім алуының негізі болып табылады. Сондықтанда қай кезеңде
болмасын бастауыштағы оқыту мен тәрбиелеу адам өмірінде қоршаған орта
мен жалпы дүниені ғылыми тұрғыдан танып, білудің өзегі әрі бастауы бұлағы
болып табылады. Яғни, адамның келешекте жеке тұлға болып қалыптасып,
дамуына ең бірінші болып ықпал жасайтын және оның негізін қалайтын
білімдер жиынтығы ол бастауыштағы білім болып табылатыны анық.
Бастауыштағы білім беру кеше немесе бүгін жасалған ғылыми танымдыққа
бағытталған адамдардың жасаған шығармашылық туындысы емес. Бұл әр
кезеңдегі оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарына негізделген педагогикалық
үдерістің өзіндік қалыптасуы мен дамуы жолы бар және әр заманның талап
қою жағдайына байланысты дамуына осы бағыттағы
ғылыми негіздерімен
айналысқан жеке ғалым-әдіскерлер мен педагог-психолог және білім берудің
пәлсафалық жүйесін негіздеуші жеке тұлғалардың шығармашылық еңбектері
негізінде жетілдіріп, түрленіп, өмір тәжірибесіне ендіріліп отырады. Бұл білім
берудің тарихи педагогикалық мәселесі ретінде мәнге ие болады. Біздің
қарастырып
отырған
мәселеде
Қазақстандағы
1915-1940
жылдар
аралығындағы бастауыш мектептердегі оқыту мен тәрбиелеу және білім беру
жүйесінің мазмұндық жүйесі бүгінгі бастауыш сыныптардағы орын алып
отырған педагогикалық мәселелермен тығыз байланысты және оның тарихи
педагогикалық негіз құрайтын құрамасы ретін орын алады. Бұл бүгінгі
бастауыш білім беру кезеңінің тарихи тамыры және қазіргі бастауыш
сыныптардағы педагогикалық үдерістермен ұласымды сабақтастығының бар
екеніне негіз болады. Сондықтан Қазақстандағы бастауыш оқытудағы білім
беру жүйесінің мазмұны заманауи талаптарға үйлесімді дұрыс бағытта
қалыптасып дамуына, өткеннің педагогикалық жүйесінде
орын алған
келеңсіздіктер мен қателіктерді болдырмау үшін және оқыту-тәрбиелеу
жұмыстарында болашақты болжап, сапалы ұйымдастыруға алғы шарттар
ретінде орын алады. Бастауыш білім
–
ұлттың болашағын қалаудағы басты
құрал болуы қажет.
Қазақ мектептері соның ішінде, бастауышта оқытудағы
білім мазмұнында қазақтың ұлттық болмысын беретін ерекшеліктер ауқымда
ендірілуі керек.
«Қазақ бастауыш мектебінің өз бейнесі
Достарыңызбен бөлісу: