98
тілі оқулығы
–
17 нөмірін аудару, әліппенің қазақ бөлімін оқу. Оқу
бағдарламасы тіл саласының жүйесін, заңдылық емлелерін оқып, білу және
орыс тілін үйретуді аудармашылық жұмыстар арқылы іске асыру
–
әдіс, қазақ
балаларына орыс тілін берік оқытуға бағытталған аударма әдісін жиі
қолданылғанын көреміз. Орыс тілінен қазақ тіліне сөздерді аударуға төселту
үшін, ұйымдастырылған тәжірибелік сабақтарда орыс тілін оқушылардың жас
ерекшелігіне сай жете меңгеру мәселесі басшылыққа алынған. Баланың сауат
ашуы орыс қарпімен жүргізіліп, әліппеде орысша және қазақша аудармалық
оқу материалдарының берілуі орыс тілінің ықпалынан шығармау. Бұл
балалардың мектептегі алғашқы жылда орындалатын оқу жұмыстарының түрі
және 1-бөлімдегі жоғарғы сыныптың оқу бағдарламасы орыс тарихын оқыту
қарастырылған.
Ауылдың екі сыныптық және жоғарғы мектебінің 1-бөлімі
жоғарғы
сыныбында география пәнінің оқу бағдарламасы: жер тану, жердің айналуы
мен қозғалуы, жер бетіндегі құрлық және су бөліктері, материктер, әлем
бөліктері, Ресейдің таулары, ауа-райы, ішкі қыраттары, мұхиттар, теңіздер,
көлдер, өзендер,
жасанды каналдар, Ресей құрамындағы халықтардың елді
мекендері. Бұл осы мектептегі ІІ-бөлім, жоғарғы сыныбына география пәні
бағдарламасы жер бөліктері, жалпы шолу деп толықтырылған.
Арифметика пәні 1-сынып І-бөлім бағдарламасы: 100-ге дейінгі
сандарды жазу және есептеу. 1-ші жүздік көлеміндегі жай есептер мен
мысалдарды шешу. 2-бөлім: 4 амал бойынша 10 000-ға дейінгі есептер. 10 000
және одан жоғары сандағы жай есептерді шешу. 3-бөлім: 100000 сандар
жүйесі мен 4-амалдық есептерді орындау. Құрамдас атаулы сандарға есептер,
квадрат пен куб, сызықтар салу. 4-бөлім: Өткен материалдарға байланысты
түрлі сандағы есептерді шығару, орындау, шешу. Құрамдас атаулы сандарға
4-амал жолымен есептер, квадрат, куб, Вишневскийдің есеп жинағындағы жай
бөлшектік есептерді шығару.
2-сынып. 1-бөлім: Бүтін сандар жүйесімен есептер. Төмендегі
сандардың бөліну белгілері: 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 18; 25; 100. Сандарды
көп мөлшерлікке бөлу, орналастыру. Жалпы көп санға бөлінгіш пен аз санға
бөлінгіш. Жай бөлінгіштермен 4-амал бойынша есептер. 2-бөлім: 1-бөлім
курсын тереңдету. 4-амал бойынша ондық бөлшектер жүйесіндегі есептер.
Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру және қайта айналдыру. Төрт амал
бойынша ондық бөлшек пен жай бөлшек есептері. Геометриялық қатынастар
және пропорциялар. Жай және күрделі үш еселенген ережелерге негізделген
есептер, пайыздық ережелер жүйесіндегі жай есептер.
Ән сабағының бағдарламасы: Хормен айтылатын әндер.
Оқу бағдарламасы негізінде оқушылар сынақ тапсыратын болған.
Оқушылардың білім алуын ұйымдастыратын
оқу жоспары анықталып,
төмендегі пәндер бойынша оқу бағдарламалары пайдаланылды. Пәндер
тізбегі беріліп, мазмұндық оқу материалдары тақырыптық жүйемен
анықталған. Онда: орыс тілі, арифметика, аударма және көрнекі жазу. Бұл
төменгі сынып оқушылары оқитын пәндер жүйесінің бағдарламасы.
99
Кіші буын оқушылары оқитын пәндер және оның бағдарламасы. орыс
тілі; арифметика, аударма және көркем жазу – алғашқы білім негіздерін
қалыптастыру және бейімделу әрекеттері. Орта буын оқушыларына
жүргізілетін пәндер және оның бағдарламасы: Орыс тілі, арифметика, аударма
және көркем жазу – білімдері мен тәжірибелік машықтарын жетілдіру
материалдары негізінде [201]. Бұл мектептерде бірінші жыл арифметика
пәнінен 10 және 20-ға дейінгі сандар жүйесімен есеп шығаруды үрену мен 100
санына дейін санау.
Екінші жылы
–
бүтін ондықтармен есептеу.100-гі
сандармен жеңіл есептерді шығару, 1000-ға дейін санап үйрену. Үшінші жыл
– 100 және 1000 көлеміндегі есептерді қайталау, түрлі шешу. Миллионға дейін
санап үйрену. Төртінші жыл
–
кез-келген көлемдегі сандармен тапсырманы
орындау, нөмірлеу. Көбейту кестесін білу, есептерді шығару және жеңіл бөлу
амалдарымен есеп шығарып меңгеру [202].
Тілді меңгеру пәндері қатысты оқуға және жазуға арналған тапсырмалар
бойынша сұрақтарға толық жауап беру. Тапсырманың жауаптарын оқушылар
кітаптан табуы. Оқу жылының екінші жартысында жаттығулар арқылы қатесіз
және көшіріп жазу, диктантын орындау, тілдегі дыбыстардың түрлерін
ажырату. Сондай-ақ, төртінші жылда
–
көлемді әңгімелерді оқу арқылы
бейнелеп, түсінігін айту. Ресей географиясын қысқаша оқыту және қазақ
өлкесінің /мектептердің орналасу аймағына қарай/ географиясынан кең білім
беру; орыс тарихындағы атаулы оқиғаларын оқыту. Сауатты жазу ережелерін
меңгерудегі ауызша диктант және қайталап айту.
Төртінші жылдың екінші
жартысы – оқыған әңгімелерге сұрақ қою және жеке мазмұндама жазу,
мазмұндама желісімен бейнені суреттеу арқылы әңгіме құрастыру [203].
Оқу жоспары мен бағдарламалар болып табылған құжаттарға талдау
жасағанды қазақ сыныптарындағы оқыту мазмұнында өзгерістердің бар
екендігін көреміз. Оқу жоспарына негізделген бағдарламаның құрылымдық
жүйесінде білім беруге негізделген оқу материалы сыныптар бөлшектеніп,
яғни бірінші, екінші, үшінші, төртінші оқу жылына және тоқсандық екі жарты
жылдықта оқытылатын оқу құралдарының бөлімдері мен ондағы оқу
материалдарын қанша көлемде, қай жеріндегі оқу материалын меңгеру
басшылыққа алынып отырған және оның игерілуі міндетті болды.
Дегенмен де, оқу бағдарламасындағы оқу пәндерін оқытуда тақырыптық
жоспардың
жоқтығы
–
мұғалімге сабаққа қойылатын дидактикалық
талабындағы әдістемелік жүйе мен психологиялық заңдылықтың сақталуы
логикасының ішкі тәртібінің бірлігін сақтауға, сабақтың мақсаты мен міндетін
дұрыс қойылмағандықтары байқалады. Бұл сол кездегі мұғалімдердің кәсіби
қызметтеріне кері әсерін тигізгендігі анық.
Қазақстанда кирилл жазу таңбасын арқылы білім алу мен оқуды ХХ
ғасырдың 40-шы жылдары енгізілген деп қарастырамыз. Осы зерттеу
барысында қарастырған мұрағаттық дерек көздерін басшылыққа ала отырып,
орыс жазу транскрипциясының білім беру жүйесіне қолданылу және
оқытудағы сауат ашу жұмыстарына эксперименттік тәжірибелер ретінде
қолданылуы, ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан басталғандығын көре аламыз.
100
Бұл отарлаушылық саясат аясындағы миссионерлік педагогикалық білім беру
жүйесінің орысша оқыту мақсатын көздеген негізі бағыты мен жаңалығы.
Орыс және қазақ сыныптарына арналған бағдарламадағы оқу
материалдарында ерекшеліктер болды. Мысалы,
орыс сыныбының оқу
бағдарламасындағы материалдар сол кездегі заманауи талаптарға үйлесімді
болса, қазақ сыныбы оқу бағдарламасындағы материалдары баланың даму
заңдылығына сәйкес емес және баланың зейінін, ықыласын тудыруға әсері
төмен қарапайым үлгіде болды да, баланың білім алудағы танымдық әрекетін
енжарлыққа итермеледі. Бұл орыстан басқы ұлттарға қарапайым жүйедегі
білімдер беріп, тек оқу-жазу жағынан сауаттылық деңгейде болуы керек деген
ұстанымы болса керек. Бұл кезеңдегі миссионерлік педагогиканың жүйесінде
орын алған бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларындағы ақтаңдақтар.
Онда басты мақсат – «заманауи білім» емес, «орыстандыру» - жүзеге асырылу
болды.
Кесте 3 - Патшалық ресейді орыс-қазақ және ауылдық ставкалық
мектептеріне арналып жасалған жалпы оқу жоспары
Достарыңызбен бөлісу: