«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»


– бағдарламаға сәйкес жеке пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;  Тәрбиелік  –



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
бастауыш1


бағдарламаға сәйкес жеке пәндік білім, білік және
дағдылардың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі; 
Тәрбиелік 

шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі 
игіліктер мен саналарды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді 
қалыптастыру; 
Дамытушылық 

логикалық құрылымдар мен ойлаудың ғылыми стилін 
дамыта түсу; 
Практикалық 

жеке пәндерден меңгерген білімдерін нақтылы 
жағдайларда, жеке өмірлік тәжірибеде қолдана білумен байланысты білік 
қалыптастыру [151].
Қазақстан өзінің ұлттық білім жүйесінің деңгейіне байланысты 
өркениетке бағыт алған білім беру ісін реформаларды жүргізу асыру болды. 
Реформа кезең-кезең мен жүргізілді. Бірінші кезең 1991-1993 жылдарды 
Қазақстанның білім жүйесінің құқықтық негізі қалыптасып, «Білім туралы», 
«Жоғары білім туралы» Заңдардың шығарылуы. Екінші кезең 1993-1996 
жылдар білім жүйесі тұжырымдамалық-бағдарламалық тұрғыдан жаңарып, 
бағыт-бағдар белгіленді. Үшінші кезең 1996-1997 жылдары білімді басқару 
мен қаржыландыру жүйесі жетілдірілді. Және де, жаңа білім мазмұнының 
ғылыми-теориялық және әдістемелік тәжірибеге негізделген құрылымы мен 
құрамын анықтау бағытталған қағидалық ұстанымдарында оқу пәндерінің 
жиынтығын мақұлдағанмен де оның базистік оқу жоспарға нақтылану 
деңгейінде кейбір мәселелер жайында пікірлер орын алды. Дегенмен де, 1996 
жылы бекітілген базистік оқу жоспарындағы алғашқы екі сыныпқа, барлық 
пәндер бойынша төл оқу-әдістемелік кешен пайдаланып, мектептегі 


79 
педагогикалық тәжірибеге ендірілді, кейінен министрліктің ресми нұсқаулар 
бойынша толықтырулар жасалып, сол жылы /1996ж./ бекітілген нұсқасындағы 
ғылыми негіздемелердің дұрыстығы ресми орындарда мойындалды. Мәселен: 
- екінші тіл ретінде орыс тілін оқыту мерзімін белгілеу; 
- ана тілін оқытуға бөлінген уақыт көлемін көбейту; 
- информатиканы жеке курс ретінде оқытуды күшейту; 
- дене шынықтыру курсына бөлінген уақытты көбейту жатады. 
Орын алған ғылыми пікір-тартыстар бағытында осы мәселенің 
әрқайсысы бойынша жинақталған ғылыми-теориялық және ғылыми-
әдістемелік тәжірибелер бойынша түрлі көзқарастарды ескере отырып, ресми 
мекемелердің нұсқауымен базистік оқу жоспарына өзгерістер енгізу қажеттігі 
жөніндегі ұсыныстар, талаптар енгізілді.
Реформаның төртінші кезеңі 1998-2002 жылдары 

білім беру жүйесін 
тұрақтандыру және стратегиялық бағдарлану кезеңі. Өйткені, «Білім туралы» 
Заңның жетілдірілген жаңа нұсқасы қабылданып, Білім саласы 
қызметкерлерінің съезінде «Білім туралы» Заң толықтырулармен қабылданды. 
Қазақстан егемен мемлекет мәртебесін алып, әлемге өзінің жеке елдігінің 
саясатын танытты. Қоғамдық өмірдің барлық салаларын жетілдіріп, дамыту 
соның ішінде, білім беру жүйесін заман талабына жариялылық негізінде 
ізгілендіру 

мектепте ақыл-ойы терең, білімді, шығармашылық жағынан 
қабілетті, мектептегі тәрбие берудің мақсатын қоғамның мүддесінен 
туындайтын, әлеуметтік сұранысқа лайықты болуы мен қатар халық игілігіне 
жарайтын ізгілікті, жасампаз істерге жұмсалуы шартын анықтайды. Қазақстан 
Республикасы Конституциясы және «Білім туралы» Заңы – осылардың 
негіздерін қалаудың тірегі және кепілі [152, 153]. Бесінші кезең 2003-2006 
жылдары Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне 
ықпалдастық орнату және ұлттық мектеп моделін құрудың алғашқы 
жобаларының тәжірибелік сыннан өткізілуі. Осы кезеңде білім берудің 
тұжырымдамалары (жаңа толықтырулармен) «2005-2010 жылдарға арналған 
білім беруді дамыту бағдарламасы» жасалып ұсынылуы – тәрбие және білім 
беру мен оқыту саласындағы жаңа белеске көтеру барысындағы, еуропалық 
білім беру кеңістігімен ортақтас іс-шаралардың өмір тәжірибесіне ену мерзімі. 
Он екі жылдық оқытуға көшуге білім беру бағдарламаларының құрылымы 
мен мазмұнын өзгерту, жалпы білім беруден кейінгі жоғары оқу орындағы 
білім алу сатыларда бакалавриат, магистрлік, докторлық бағдарламалар мен 
несиелік технология бойынша оқыту, еуорпалық білім кеңістігімен 
ықпалдасудағы, Болон декларациясының талаптарына үйлесімділікіті 
қамтамасыз ету. Орта білім берудің нәтижелерін жинақтау мен сараптау және 
олардың мониторингтік мәліметтерін талдау, қоғамдағы әлеуметтік ортаны 
қатыстыру жүйесін қалыптастыру. Білім беру жүйесін дамытудың бұл бағыты, 
Отандық білім беру жүйесін әлемдік және еуропалық білім беру кеңістігіне 
ықпалдастыру аясында іске асырылды және шетелдік педагогикалық 
тәжірибелерді зерделеу негізінде қабылданады [154, 155, 156].
«2011-2020 жылдарға және 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді 
дамытудың меклекеттік бағдарламалары» қоғамда білім саясатын жүзеге 


80 
асырудың құралы ретінде орын алып келеді. Қазіргі уақытта 2016-2017 оқу 
жылдан бастап Қазақстандағы барлық мектептерде Назарбаев зияткерлік 
мектептерінің тәжірибесіне сәйкес жаңартылған білім мазмұнынына 
негізделген оқу бағдарламалары мектеп өміріндегі педагогикалық тәжірибеге 
енгзіліп отыр [157].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, 
мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандартты оқушылардың дайындық 
деңгейіне, орта және бастауыш білім берудің мазмұнына, оқушылардың оқу 
жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды белгілейді. 
Жаңартылған стандарт орта білім беруде жеке тұлғаның, қоғам мен 
мемлекеттің 
келісілген 
мүддесін 
танытады. 
Стандарт 
негізінде 
мемлекет жалпыға мүмкін болатын, тегін орта білім беруге кепілдік береді 
[153,158].
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарты 
келесі жалпы принциптерді ескере отырып жасалған:
- оқыту мен тәрбиелеудің өзара ішкі байланысы негізіндегі ұласымды 
үйлесімділігін сақтау; 
- ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтарды басшылыққа алып, 
ескеру;
- білім берудің тұлғаны қалыптастыруға, оның рухани-адамгершілігі 
және зияткерлік дамуын қамтамасыз етуге бағдарлануы;
- білім берудің оқу нәтижелеріне жетуге бағдарлануы;
- оқушылардың оқу қызметінің жемістілігін бағалаудың айқын және 
әділетті жүйесін қалыптастыру; 
- білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім бағдарламаларының 
сабақтастығын қамтамасыз ету;
- барлық оқушылар үшін қолайлы оқу ортасын құру; 
- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру үдерісін 
ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды жасау жолымен, үштілді білім беру 
саясатын іске асыруға бағдарлану. 
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының деңгейлік 
жүйелерінің мазмұнын заманауи талаптарға сәйкес жетіліріп, толықтыру – 
заңды әрі табиғи құбылыс. Өйткені, білім беру стандарттары қоғамның 
үздіксіз даму жағдайында орын алатын ғылым саласындағы озық үлгілік 
білімдер жиынтығын өмірге, әлеуметтік ортадағы оқу-ағарту бағытында 
қолдану жағдайларын іске асырып отырады. Қолданыстағы білім стандарты 
өзінің жетілдірілу жолындағы толассыз даму сипатына ие болып, оның негізін 
беретін жаңа нобайы /моделі/ мазмұндық құрылым жағынан үнемі жаңарып, 
заманауи оқыту мен тәрбиелеудің талаптық жүйесіне негізделіп «Мектепте 
берілетін білім мазмұнының жаңару талаптары және оны қалай оқыту керек, 
әрі тәрбиелік мәні неде?» - деген сұрақтардың жауабын беруге негізделген 
құжаттар ретінде орын алады. 
Жаңа білім беру стандартының мазмұндық мәнінде орта білім 
берудегі басты құндылықтары қатарына өмір бойы білім алуды жүзеге 
асыруды қарастыру. Мысалы, бастауыш білім берудің жаңа стандарты: 


81 
бастауыш білім беру кезеңінде оқушылар білімдерді шығармашылықпен 
қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарымен айналысуға қабілеті, 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, әлеуметтік ортада 
немесе өзгелермен қарым-қатынасты жасау тәсілдері мен тілдік дағдыларды 
қолдану, топта және жеке жұмыс істей білу қабілетін тұрақты жетілдіру 
қарастырылған [159,158].
Бастауыш білім беру кезеңі жалпы орта білім беру жүйесінде ерекше 
мәнді орын алады. Себебі, оқушының жеке қабілеттік қырларының 
қалыптасып, жетілуіне және тұлғалық болмысының үздіксіз дамуына, 
әлеуметтенуіне, ақыл-ой парасатындағы танымдық әрекеттері ғылыми негізге 
бағытталуы мен ұлттық мәдениет пен жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды 
меңгеруі мен игеруінің бастау алатын кезеңі ретінде ерекшеленді.
«Жалпыға міндетті бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартында» 
жаңартылған білім мазмұнындағы Қазақстан Республикасы мектебі адамның 
қоғамдық мәнінің жан-жақты, үйлесімді дамуының негізін жасайды және осы 
ресми құжаттың аясында жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің міндеттерін 
орындауды қамтамасыз етеді. Бұл білім беру жүйесіндегі сатылық деңгейіне 
қарай оқыту талаптарын жүзеге асыруды басшылыққа алады [160, 161].
Қазіргі бастауыштағы жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының
мектептегі педагогикалық тәжірибеде орын алуда. Бұл жеке ғылымдар 
саласынан білім беретін пәндерді өзара байланыста оқыту арқылы оқушыны 
оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарының біртұтастық бірлікті сақтай отырып 
оларға кешенді түрде келуді қамтамасыз ету арқылы тізбектілік пен 
үйлесімділікті, бірізділікті құрайтын алаң ретінде жаңа педагогикалық 
құбылысқа ие болады.
Яғни, бастауыш сыныптардағы оқуды ұйымдастыру формалары мен 
пәндерді оқыту тізбегі де жаңа сипатқа ие болып, жаңаша тәсілдерді 
педагогикалық үдерісте қолдануды талап етеді. Бастауыш білім беру 
кезеңіндегі оқыту мен тәрбиелеуде жаңартылған оқу бағдарламаларының 
қолданылу ерекшеліктері жаңашыл тәсілдерді педагогикалық үдерісте 
шығармашылдықпен пайдалана білу жолдарын меңгеру. Онда: 1. Пән 
мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі; 2. Блум таксономиясы бойынша 
оқу мақсаттарының иерархиясы; 3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық 
байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі; 4. 
Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар 
арқылы ұйымдастыру; 5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының 
адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру; 6. Білім беру деңгейлері 
аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық 
оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою; 7. Бөлімдердің мазмұны мен 
ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік 
дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы; 8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік 
ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу) ерекшеліктері орын 
алуда. Ал, оқытылатын пәндерді жүйелеуде оларды блоктарға /топтастыру 
циклдік пәндерге жатқызу/ немесе бөлімдер мен бөлімшелердің тізбектесуі 
негізінде білімдерді беруге байланысты: 1. Тіл және әдебиет: Сауат ашу, Қазақ 


82 
тілі, Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі (Т2), Орыс тілі (Я2), Ағылшын тілі; 2. 
Математика және АКТ: Математика: Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар (АКТ); 3. Жаратылыстану: Жаратылыстану; 4. Адам және 
қоғам: Дүниетану, Өзін-өзі тану: 5. Өнер: Музыка, Бейнелеу өнері, Еңбекке 
баулу; 6. Дене шынықтыру: Дене шынықтыру – білім беру салалары бойынша 
пәндер мазмұндық байланыстар негізінде құрылған және сабақ беру кезінде де 
осы дидактикалық талаптардың сақталуы қарастырылады. Сондай-ақ, 
жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш сынып мұғалімінің 
педагогикалық үдерісте оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдыларды 
жүзеге асыруды басшылыққа алып отыру керек қағиданы кәсіби әрекетінде 
ұстайды [162, 158, 160].
Қазіргі білім беру стандарттық жүйесін іске асыру – мемлекеттік білім 
беру саясатының басты ұстанымдары мен міндеттеріне бағындырылған. 
Сондықтан 
бастауыш 
білім 
берудің 
өзінде 
құзырлы 
оқушыны 
қалыптастырудың жаңа бағыттарын айқындап, жүзеге асыру барысындағы 
жұмыстарды жүргізуде жаңаша міндеттерін орындауды талап етеді және 
осыған сәйкес дидактикалық мәселелерді іске асырады. Бұның негіздері 
ретінде бастауыштағы жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының 
қолданысқа енуінде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» педагогикалық 
тәжірибелерінің үлгілері басшылыққа алынып, әлемдік және еуропалық білім 
беру кеңістігіне ықпалдастық үйлесімділікті сақтай отырып, жалпы білім 
беретін мектептердің оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыру болып 
табылады. Яғни, құзырлы оқушының жеке тұлғасын қалыптасырып, дамыту, 
заман талаптарына үйлесімді жүру қажеттілігін басшылыққа алу.
1915-1940 жылдарда түрлі қоғамдық дамуда орын алған бастауыш 
мектептердегі педагогикалық үдерістердің үнемі жетіліп, дамуы әсерінен 
бүгінгі егемен мемлекетіміздегі білім беру реформаланың негізіндегі 
стандарттары, оқу бағдарламаларының жасалуына алып келген тарихи-
педагогикалық заңды құбылыс ретінде түсінуімізге негіз болады. Бастауыш 
білім берудің ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік бағыттағы 
педагогикалық озық пікірлер мен тәжірибелердің дамып, жетілуіне өзек 
болатын нәрсе 

оның дамуындағы жүріп өткен тарихи жолы болып табылады, 
яғни, оқу-ағарту сала жұмысындағы қоғамдық сұраныстағы талапты орындау 
бағытында педагогика ғылымының дамуындағы қол жеткізген нәтижелері 
ретінде орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет