«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»


Бастауыш мектептегі білім мазмұнын анықтауға аналған



Pdf көрінісі
бет25/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
бастауыш1

2.3 Бастауыш мектептегі білім мазмұнын анықтауға аналған 
бағдарламалар мен оқулықтар жүйесі
1915-1941 жылдар аралығындағы бастауыш мектептерде оқу-тәрбие 
жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің тарихи тәжірибелік көріністерінің 
педагогикалық жүйе тұрғысынан қарастырып, талдау қажеттілігі отандық 
бастауыштың білім беру тарихының кейбір тұстарын толықтырып, кеңінен 
ашуға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысымыздағы қарастыратын мәселеде 
зерттеу тақырыбының аясына енген кезеңдердегі бастауыш мектептерде 
қолданыс тапқан оқу бағдарламалары мен оқу кітаптары және оқу 
құралдарының мазмұндық құрылымдарын қарастыру. Айтылып өтілген уақыт 
аралығында қазақ жеріндегі ескі әдісті мұсылмандық, орыс-қазақ, жаңа әдісті 
мұсылмандық, қазақ ұлттық бастауыш мектебі және т.б. түрлі типтегі 
мектептер мен сондай-ақ, кеңестік жүйе кезіндегі бастауыш мектептерінде 
педагогикалық 
үдерістерді 
ұйымдастыруға 
негіз 
болған 
оқу 
бағдарламаларының және оқу құралдарының өзіндік ерекшеліктерін 
салыстырмалы түрде талдап, сиппаттау басшылыққа алынады.
Ескі оқыту жүйедегі мұсылмандық мектептердің оқыту мен тәрбиелеу 
жұмыстарын жүргізуге қажетті оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу 
құралдары және арнайы бағытта жазылған оқу кітаптары білім мен тәрбие 
беруді мектептің мазмұндық ерекшелігіне қарай қолданылған оқу-әдістемелік 
кешендер ретінде қызмет атқарды. Бұл мектептердің мазмұндық 
құрылымының өзі айтып тұрғандай, берілетін білім мазмұны ислам діні 
негізіндегі мұсылмандық дүниетанымға негізделіп, тәрбие бағыты 
шариғаттық тәртіп негіздерін басшылылққа ала отырып тәрбиелеу болып 
табылған. Дегенмен де, ескі әдісті мұсылман мектептерінде бір жүйеге 
келтірілген ортақ оқу бағдарламаларының болмағын анық. Сондықтан бұндай 
типтегі әр мектеп өзінің оқу бағдарламасын өздері жасап, сол арқылы 
оқытатын болған, бірақ ортақ пән ретінде ислам дінінің негіздерін оқытатын 
пәндер жалпыға міндетті қамтылғандығы анық көріс тапқан. Дей тұрғанымен 
де, патшалық Ресейдің саяси ықпалының күшеюі салдарынан орыстандыру 
идеологиясын жүзеге асыру бағытында бұл типтегі мектептер үшін арнайы 
жасалған ережелер негізінде орыс тілі пәнінен сабақ өтікізуді міндеттеп 
енгізген болатын. Егер, орыс тілі жүргілмейтін болса онда ол мектепттердің 
жұмыстарын тоқтатылған болатын. Сондықтан да, орыс тілі пәнінің оқу 
бағдарламаларына енгізілген болатын.
Қазақ жерінде ескі әдісті мұсылман мектептеріндегі оқу бағдарламалары 
мына сипаттағы білімдер мазмұнын беруді қамтамасыз етті деуге болады: 
Алғашқы діни түсініктер, намаз оқу және оның шарттары, Аллаға сыйынудағы 


97 
алғашқы дұғаларды түсіндіру және үйрету болды. Қасиетті Құран кітабы, 
ислам тарихы, өсиеттер, мұсылмандық діни сенімдері жайындағы білімдерді 
балаларға оқытты. Оқушыларды «Устадь-Авваль» оқулығымен мұсылманша 
жазу мен оқуға үйрету /1-ші жылы 64 сабақ/.» Устадь-Авваль» оқулығын 
жалғасы оқушыларды баспа әріптерімен таныстыру, кітаптан көшіріп жазуға 
үйрету және Құраннан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет