«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
бастауыш1

№ 
Пән аттары мен сыныптар 

Оқу, жазу, сауат ашу. 1-4 сынып 

Есеп. 1-4 сынып 

Жағрапия, жаратылыстану, ұлт тарихы. 1-4 сынып 

Қол өнер. 1-4 сынып 

Шаруа кәсіп. 1-4 сынып 

Дін. 2-4сынып 

Орысша оқу (3-сыныптан бастап) орыс тілі. 3-4 сынып 

Ұлт тілі. 1-4 сынып 
Қазақ ұлттық бастауыш мектебіне жасалған бұл тұрғыдағы оқу жоспары 
кейінен толықтырылып, жетілдірілді. Жәдидтік оқу жүйесіндегі төте оқу 
арқылы ұлттық білім беруді жүзеге асырудың ең алғашқы оқу жоспары ретінде 
Қазақстанның бастауыш білім беру тарихында өзіндік орынға ие болды. 


106 
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ұлттық бастауыш мектебінде 
педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда оқушыларға берілетін білім 
мазмұнының ғылыми дәрежесін басшылыққа алуды, оқытылатын пәндер 
бастауыш білім беру жүйесіне үйлесімді жасауды, оқу-ағарту жұмыстарын өз 
кезеңіндегі қоғамдық-әлеуметтік сұранысына лайықты болуын басшылыққа 
алып отырған. Ұлт зиялыларының оқу-ағарту жайындағы педагогикалық ой- 
тұжырымдары мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын қазақ баласының 
табиғатына үйлесімді құру, жастардың азаматтық болмысын ұлттық негізде 
рухани құндылықтарын жаңарту, ұрпақтың сана-сезімін қазақи салт-сана мен 
әдеп-ғұрыптық дәстүрде дамыту мәселесін басшылыққа алған деп 
қарастырамыз және бұл бүгінгі күннің де өзекті мәселесі болып отырғандығы 
анық.
Бастауышта білім мазмұнын әр тараптандырылып, оқушылардың ақыл-
ой мен тәрбиесін дамытуда кешенділік ықпал жасау әдістерін басшылыққа 
алып, ғылыми білімдердің озық үлгілері мен дүниені ғылыми тұрғыдан тану 
жолы және ұлттың даму жолындағы тарихи білім беретін материалдарды 
олардың жеке болмыстық дамуының негізгі өзегінің рухани құралы ретінде 
қолданып, пайдалануды жүзеге асырған. Әр тараптандырылып, кешенділік 
әдіспен берілетін білімдер жиынтығы сол заманғы түрлі ғылымды зерттеп
тану арқылы алынған ілімдерді жүйесінен сұрыптау оқушылардың жас 
ерекшелігіне сай берілуінде дидактикалық талаптар мен әдістемелік жүйе 
аясында оқушыларға физиологиялық және психологиялық даму заңдылығына 
үілесімділігін негізге ала отырып, оларға түсінікті, тартымды болуы 
ескерілген. Қазақ ұлттық бастауыш мектебінде педагогикалық үдерісті 
ұйымдастыруда өтілетін пәндерді саралап, олардың қатарына: оқу, жазу, дін, 
ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қөлөнері, жағрафия, жаратылыс 
пәндері көрсетіліп, сабақтарды ана тілінде жүргілуі керектігі айтылған [97].
ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт зиялылары қазақ ұлттық бастауыш 
мектебінің даму келешегін, бағдарын анықтап деуге болады. Қазіргі заманғы
мектепте, бастауыш білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбие беру бағытының 
ұлттық болмыс пен мүддеге негізделуі ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ 
білімпаздарының тарихи-педагогикалық мұраларының жалғасы деп айта 
аламыз.
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің орталығында мемлекеттік 
құрылымды өзгертуге бағытталған «қазан» төңкерісі оның құрамына енген 
шет аймақтарға да өз ықпалын тигізді. Бұл патшалық Ресей мемлекетінің 
орына келген жаңа қоғамдық құрылыстағы кеңестік үкімет еді. Осы себептер 
Қазақстандағы оқу-ағарту саласына да өзгерістер әкеліп, жаңа құрылысқа 
бағытталған социалистік қоғамның саяси-идеологиялық жүйесіне негізделген 
мектептерді ашу, білім беру мазмұнына жаңа сипат беру жүзеге асырыла 
бастады. Оқу-тәрбие мекемелері мен мектептерді жаңа идеологияға бейімі бар 
педагог мамандармен қамтамасыз ету, мұғалімдерді даярлау немесе қайта 
даярлау, оқулық, оқу құралдарымен жабдықтау мәселелері тағыда басты 
мәселеге айналды. Кеңестік қоғамдық жүйеге бағытталған жергілікті 
бастауыш мектептерде білім беруді жүргізу негізделген жаңа мазмұнды оқу 


107 
жоспарлары мен бағдарламаларын жасау қолға алынды. Жалпы мемлекеттегі 
өзгеріске қарай Түркістан кеңестік республикасының халық ағарту 
комиссариаты 1918 жылдың желтоқсан айының 16-жұлдызында Сырдария, 
Жетісу облыстарының ІІ-басқыш мектептерінде біріңғай оқу жоспарларын 
педагогикалық тәжірбеге ендіру жайындағы бұйрығын шығарды [5].
Бұл жасалған оқу жоспарлар мен бағдарламаларда ана тілінде білім 
беруді басшылыққа алғанымен де өкінішке орай, олар жүзеге аспай жатты. 
Себебі, жадидтік оқу жүйесінде құрылған қазақ ұлттық білім беру жүйесінің 
мазмұндық құрылымы, Кеңестік үкімет құрылысындағы социалистік 
идеололгия мазмұнына сәйкес үйлесімдік таппады. Өйткені, қазақ 
білімпаздары мен ғалым, зиялылары Қазақстандағы оқу-ағарту жұмысында 
ұлттық мүдде мәселелерін қамтып, халықтық болмысы мен тарихи 
дүниетанымын негізге алып, араб жазу графикасын өңдеу арқылы түзген 
қазақтың «төл тума жазуын» кең қолданысқа ендіріп, орыс тілінде білім алуды 
ығыстырып, орыс тілді мектептердің сұраныстарын төмендетуге алып келді. 
Осыған орай кеңес үкіметінің Ресейдегі Отарлық халық ағарту комиссариаты 
жаңа құрылымдағы бағдарламалар жасады. Бұл 1919 жылы «Білім беру 
жұмысы үшін материалдар», тоғыз жылдық мектепке арналған пәндік жүйе 
бойынша «үлгі» бағдарлама болды. Бұнда әдістемелік материалдар барлық 
пәндер үшін мүмкіндігінше қарастырылды. Жеке пәндер бағытталған 
бағдарлама жеке жасалды, бағдарламада орын алған кемшілік 

көрсетілген 
оқу материалдарын толық қамту меңгеру міндетті болып табылмады. Осыған 
байланысты жергілікті халық ағарту бөлімдері, облыс, аудандар және жеке 
мектептердің орналасқан жер ерекшелігіне байланысты жеке пәндердің 
бағдарламаларындағы оқытылатын оқу материалдарын жүйесін құрастыру, 
тұрғылықты мекен аймағына бейімдеп жасауды өздері іске асырды. 1920 
жылы Халық ағарту комиссариаты І және ІІ басқыш мектептерге арналған екі 
вариантты оқу жоспарын жасады: Бірі оқу материалдық жабдығы, мұғалімдері 
жетіспейтін мектептерге; екінші толық жоспар – бір қалыпты жұмыс жасайтын 
мектептерге. Қазақ АССР халық комиссарлар кеңесі /1920 ж. 8 қараша/ халық 
ағарту комиссариатына қазақ тілінде оқулықтар жазуды тапсырды.
1920 жылы Қазақстандағы халық ағарту комиссариатының әлеуметтік 
тәрбие бас басқармасының жанынан құрылған комиссия еңбек мектебінің үлгі 
жоспарын даярлауды қолға алды. Жасалған жоспарда дүниетану мен 
табиғаттану және қоғамтану пәндерінің оқу материалдары білім берудің өзегі 
болып басшылыққа алып, «негізгі» деп саналды, ал математика, ана тілі 
пәндері «қосалқы» деген түсінікке ие болды, яғни екінші дәрежелі формалдық 
пәндер қатарына жатқызып, түсіндірілді және осы қағиданың сақталуы тиіс 
болды [5].
Кесте 6 - 1920 жылы Кеңестік халық ағарту Комиссариатының алғашқы екі 
сатылы мектептердің бастауыш сыныптарына арналған оқу жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет