«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
бастауыш1

Оқу пәндері 
Бірінші саты 
Сыныптар 


108 
6 - кестенің жалғасы 
 




Табиғат тану /Биология/ 




Тіл, Әдебиет 




Математика 




Қоғамтану, тарих 




Өнер (ән-күй, сурет, сызу) 




Дене тәрбиесі 




Барлық апталық сағат саны 
 
15 
 
19 
21 
22 
 
1-інші сыныптағы 15 сағат пәндерге бөлінбей, сабақ комплексті 
/кешенді/ түрде жүргізілген [64].
Бұл оқу жоспары 1913-1915 жылдары Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық 
мектепте арнап жасаған оқу жоспарымен үндестік табады.
1920 жылы Халық ағарту комиссариаты 1914 жылғы оқу жоспарынан
бас тартып, кеңес мектебінің оқу жоспарын жариялады. Жоспар бойынша 
бірінші сыныпта оқу сағаты жеке пәндерге бөлінбеді. Мұнда тіл дамыту, сауат 
ашу, санауға үйрету, табиғатпен таныстыру, сурет, ән-күйге, барлығына 
апталық 15 сағат бөлінді. Бірақ алғашқы оқу жоспарының негізгі кемшілігі 
– 
оның орындалуы міндетті емес еді. Онда: 
- Аталған оқу жоспары үлгі ретінде ғана ұсынылды. 
- География пәні тек 6-сыныптан бастап оқытылды. 
- Шет тіліне сағат аз берілді. 
- Биология мен тарих пәндері тым ерте-екінші сыныптан оқытылды. 
- Қол еңбегіне арнайы уақыт берілмеді т.б.
Жаңа жоспарға байланысты сабақтың мазмұны да өзгерді. 
Гуманитарлық пәндер арқылы кеңестік идеология насихатталды. Дін сабағын 
оқыту тоқтатылды. Тарих, әдебиет, география жаңа кеңестік тұрғыдан 
қаралды. Математика, физика, химия сабақтарын оқыту кеңейтілді, 
лабораториялық жұмыстар жүргізілді, экскурсия ұйымдастырылды. Оларды 
оқытуда өмірмен байланыс жасалатын болды [65]. 1921 жылы Орталықтың 
жанынан ғылыми кеңес құрылып, онда бағдарлама даярлайтын секция 
ашылды. Секция даярлаған бағдарлама 1923-1924 оқу жылында жарияланды. 
Бағдарлама «комплексті» кешенді деп аталды. Себебі бағдарламада бірнеше 
пәндер топтастырылып «табиғат», «еңбек», «қоғам» деп берілді. Мысалы, 
бірінші тақырып бойынша физикадан, химиядан, жаратылыстанудан
астрономиядан білім берілсе, екінші тақырып бойынша өндірістің әр саласына 
техникадан, өндірісті ұйымдастыру, еңбек тарихынан білім берді. Үшінші 
тақырыпта қоғам жөнінен білім және тарихи мәлімет берілді.
Кешенді оқыту бағдарламасын құрған ғалымдар ескі бағдарламадан
түгелдей бас тартты. Бұл үлкен қате еді. Сондықтан дабұл бағдарламамен 


109 
балаларға тиянақты білім берілмеді.Осы кезеңде дінге қарсы үгіт-насихат кең 
өріс алды. Діннің мәдениетін, оның тарихын түсіндіруден бас тартты. 
Қазақстандағы Әлеуметтік тәрбие бас басқармасының 1921 жылы жасаған 
пәндік бағдарламалары өз міндетін атқара алмады. Себебі бұл бағдарлаушы 
бағдарлама түрінде ұсынылған болатын. Кеңес үкіметінің орталықтан жасаған 
«Бірыңғай жеті жылдық еңбек мектебінің бірінші және екінші 
басқыштарының бағдарламаларын» алғаннан кейін Қазақ АССР халық ағарту 
комиссариаты осы бағдарлама жүйесімен педагогикалық жұмыстарды 1922 
жылғы маусымнан бастады. Қазақстанның халық ағарту Комиссариаты жеті 
жылдық қазақ мектебінің үлгі оқу жоспарын бекітті [209]. 
Жоғарғы көрсетілген 1920 жылғы Ресейлік оқу жоспарын басшылыққа 
ала отырып, 1922 жылы сәуірдің басында Қазақстанның Халық ағарту 
Комиссариаты жеті жылдык қазақ мектебінің мынандай үлгі оқу жоспарын 
бекітті. 
Кесте 7 - 1922 жылғы қазақ жеті жылдық мектебінің бастауыш сыныптарының 
оқу-жоспар үлгісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет