«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік


  ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА



Pdf көрінісі
бет51/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

 


93 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА САРАЛАУДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ 
 
Ибрагимов Д.Қ. 
НЗМ ДББҰ ПШО Алматы қаласы филиалының аға менеджер 
 
Мурабулдаева Ж.О., Рысбекова Ф.А. 
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
тарих пәндерінің мұғалімдері 
Жаңартылған білім беру мазмұнының маңызды бір бөлігі – саралап оқыту болып 
табылады. Саралау дегеніміз не? Саралау («difference») латын тілінен аударғанда бүтінді түрлі 
формаға, элементке, бөлшекке мүшелеп бөлу, саралау дегенді білдіреді. 
Саралап оқытудың қажеттілігі неде? Мектептегі сыныптардың деңгейі әр түрлі болады, 
соның ішінде бір сыныптың өзін психологиялық-эмоционалдық жағынан, деңгейі жағынан әр 
түрлі оқушылар құрайды, олардың ойлау қабілеттері де түрлі болатыны түсінікті. Сондықтан, 
оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне қарай сабақты ұйымдастыру қажеттілігі 
туындайды.Осы тұрғыдан алғанда, оқытуды саралау, оқушылардың қажеттіліктері мен 
қабілеттеріне сәйкес тапсырмаларды орындату арқылы түрлі деңгейдегі оқушыларды оқу 
мақсатына жеткізу болып табылады.
Саралап оқыту неге маңызды? Чиксентмихайдың «Талап ету және оқу» сызбасы 
бойынша оқушылардың оқу үдерісінде өте қатты қобалжу мен зерігу сәттері кездеседі [1,73]. 
Қобалжу мұғалім оқушыдан тым көп нәрсені күткенде, ал зерігу оқушыға өте аз тапсырма 
ұсынылғанда пайда болады. Сабақта қобалжу мен зерігу сәттерін болдырмас үшін, әрі әр түрлі 
деңгей мен қабілеттерді қанағаттандыруда саралап оқыту маңызды рөл атқармақ.Қазіргі күні 
сыныптағы саралаудың жалпыға ортақ жеті тәсілі ұсынылған, олар:тапсырма, дереккөздер, 
қарқын, қорытынды, диалог және қолдау көрсету, бағалау, жіктеу. 
Тарих пәнін оқытуда саралау тәсілдерін қолдану күтілетін нәтижеге қол жеткізуге 
мүмкіндік береді. Тарих сабағында қолдануға болатын саралаудың бірнеше түрін ұсынуға 
болады. Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім 
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту 
тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн [2,38]. Сабақтың басында оқушы қажеттіліктерін 
ескере отырып, ақпаратты қабылдау қасиетіне қарай (аудиал, визуал, кинестетик) 
интербелсенді тақтадан жазба немесе қысқа видеоролик көрсетуге болады. Мысалы: Танзимат 
саясаты Осман империясын күшейтуге әсер етті ме? деген тақырып мысалында қарастырып 
көретін болсақ, «Миға шабуыл» әдісімен сабақ тақырыбын анықтау үшін төмендегі жазбаны 
көрсету арқылы қандай мемлекет сипатталып тұрғанын сұраймыз. «Жаңа дәуірдің басында – 
бұл империя Еуропадағы, Азиядағы, Африкадағы орасан зор аумақты иеленді, маңызды 
халықаралық сауда жолдарына бақылау орнатты, оның билігіне көптеген халықтар мен 
тайпалар бағынды»(дереккөздер арқылы). Сабақтың мақсатын анықтауда,«Осман империясы 
– 
өлім халіндегі «науқас адам»»(дереккөздер арқылы) деген І Николай патшаның Осман 
империясына берген сипаттамасын беру арқылы оқушыларды сабақтың мақсаты қандай 
болуы мүмкін екенін анықтауға итермелеуге болады. 
Саралауды сабақта қолданудың тағы бір жолы ретінде мұғалімдер арасында тарап келе 
жатқансабақ мақсатын саралауды қарастырып көрейік. Сабақ мақсатын қойғанда оқушы-
лардың деңгейіне сәйкес жоғары (кейбір), орта (көпшілігі), төмен (барлығы) деп, сараланған 
мақсат қоюға болады. Ескеретін жағдай – «барлығы» үшін қойылатын сабақ мақсаты оқу 
мақсатын толық қамтуы маңызды, себебі, оқу мақсаты барлық оқушы үшін «міндетті» болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет