«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет56/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

А оқушыға арналған тапсырма. 
1. Танзимат реформасы бойынша өзгерістерді кезеңге бөліп орналастыр. 
2. 
Берілген мәліметтер деректің қай түріне жатады? 
В оқушыға арналған тапсырма. 
1. Деректің мақсаты не? 
2. Бұл дерек қайда және қашан жазылған? 
3. Неліктен жазылды? 
С оқушыға арналған тапсырма. 
1. 
Қандай мәселеге қатысты жазылды? Бұл мәселені белгілі-бір тарихи жағдаймен 
байланыстыра аласыздар ма? 
2.Реформа сәтті жүзеге асу үшін сен қандай өзгерістер енгізер едің? 
Диалог және қолдау көрсету. Тапсырма орындау барысында немесе сұрақтарға жауап беру 
үстінде оқушылардың кейбіреуіне көмек көрсетіп отыру қажет, ондай оқушылардың өздері де 
түсінбеген тұстарын мұғалімнен үнемі сұрап отырады. Мұндай жағдайда мұғалім тапсырманы 
орындау қадамдарын, жолдарын айтып отыру қажет немесе жетелейтін, ойлантатын, 
тереңдететін сұрақтарды қоюына болады. Сол тапсырманы орындау барысында сөзбен қолдау 
көрсету және ынталандыру маңызды рөл атқарады. 
Бағалау. Сабақ барысында оқушы өзін-өзі, өзара, мұғалім тарапынан бағаланып отырады. 
Бағалаудың мақсаты оқушының оқуын сапалы ету, алға жылжыту болып табылады. 
Жіктеу арқылы саралауда жұмыс тобына бөл барысында оқушыны мақсатқа сәйкес әр 
түрлі тәсілдермен жұпқа, топқа бөлуге болады: деңгейлес немесе түрлі деңгейдегі оқушылар, 
рөлдік, сарапшы, дағдыларына қарай топтар, джигсо топтары,ұл балалар тобы, қыз балалар 
тобы. 
Қорытынды. Сыныпта барлық оқушы бір тапсырма орындайды, бірақ олардың жауаптары 
деңгейлеріне сәйкес әр түрлі болады, әрі түрлі нәтиже көрсетеді.Бұл заңды да. Оқушы өзінің 
ерекшелігін түсінуі, қалыптастыруы маңызды болып табылады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. НЗМ. 2012ж., [1,73]. 
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы – Астана, 2016. 
3. Д.Қ.Ибрагимов. «Тарих сабағын жоспарлау: сабақтағы саралауды жоспарлау және қолдану», Қазақстан 
тарихы журналы, №3, 2019ж., [2,38]. 
4. «Тәжірибедегі рефлексия». Жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму 
бағдарламасы. МАН.НЗМ.ДББҰ.ПШО.2016ж.,[3,11]. 
5. Тарих сабақтарында деректермен жұмыс істеудің кейбір әдіс-тәсілдері. Әдістемелік құрал. Астана,2014ж., 
[4,13]. 


98 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет