«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік


ТАРИХ ПӘНІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ



Pdf көрінісі
бет57/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

ТАРИХ ПӘНІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ
НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ 
 
Қағазов Б.А. 
 
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ КБАРИ
Педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы 
 
Байсымакова М.С., Айдарбекова Ж.Ш. 
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
тарих пәні мұғалімдері 
 
Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстан 
Республикасының «Білім заңында» – «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 
жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптас-
тыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың 
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуни-
кациялық желілерге шығу» делінген. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 
ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы 
ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой – өрісі жоғары жеке 
тұлға дайындау.Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру 
үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.
Жаңартылған білім беру мазмұны оқушыларға мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, 
тәуелсіз меңгеріп, алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады. 
Мұғалім, ең алдымен, оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысуы керек. 
Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлестіруге апаратын сара жол. Бүгінде 
рухани құндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы білімнің 
маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді.
Әлемдегі құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен 
байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, 
сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. 
Спиральдік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру 
үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Бағдарламаның 
маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын 
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық – технологияларды, коммуни-
кативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауат-
тылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді 
оқыту әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет.
Жаңартылған білім беру мазмұнында кіріктірілген білім беру бағдарламаларында жүйелі-
әрекеттік бағыт салынған. Оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, 
өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып оқу-танымдық қызмет үдерісінде танымдық 
«жаңалық» ашу, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде түрлі өнімдер жасау 
арқылы алады. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы 
қалыптасады. 
Жаңартылған білім мазмұны тарих пәні бойынша «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-
сыныптарына арналған"Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік 
оқубағдарламасы»негізінде білім алады. 
Оқу пәнінің мазмұны әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның 
жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді. 


99 
Оқу бағдарламаларындағы пәнаралық байланыстың тығыздығы, тәжірибелік-бағыттылық, 
оқу пәндері мазмұнының өмірмен байланысы оқушыларда сапалы білім алудың алғы 
шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана 
қоймай, функционалдық сауаттылығын дамытады. 
Оқу пәнінің мақсаты -білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, 
өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз атабабаларының жетістіктеріне деген 
мақтанышсезімін қалыптастыру, ұлттықжәне жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту
зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту. 
Оқу пәнінің міндеттері: 
 
Қазақстан аумағындағы ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгіқоғамның 
әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері 
туралы білімін қалыптастыру; 
 
Қазақстанның тарихи дамуы барысында қалыптасқанұлттық құндылықтаржүйесі 
туралы білім беру; 
 
Қазақстанның тарихи дамуының негізгі оқиғалары, құбылыстары менпроцестердің 
мәні туралы түсінік қалыптастыру; 
 
Тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін 
Отандық тарих контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын 
қалыптастыру мен дамыту; 
 
Қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде 
бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; 
Тарихи сана–бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, 
әлеуметтік болжау, өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің 
маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың 
қалыптасуына көмектеседі. 
Ұлы педагог Я.А. Каменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен 
қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» – деп 
ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, 
жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан.
Ал шығармашыл мұғалімнің шәкірті де шығармашыл болуы керек. Оқу процесі 
басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің 
міндеті. Шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында болады. Біздің міндетіміз оқушы 
бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашу.Сабақ – мұғалім мен оқушылар тобы, шағын 
топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға 
өз көзқарастарын өздері айқындап, белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік береді. 
Қазіргі кездегі оқытушының басты мақсаты – білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке 
білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану 
болып саналады. 
Тарихты оқыту – өзара байланыста және ұнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын 
біріктіретін өте күрделі үрдіс.Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ 
олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Бұл 
ретте тарих сабағында оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту 
технологиясының тиімді әдістерін қолдану тиіс. 
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке 
тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. 
Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен 
ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.Интерактивті әдіс 
– 
бұл: баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру,топтасып оқып үйренуге жағдай 
жасау, өздерін – өздеріне бағалату, іс – әрекет барысында білім алу болып табылады. 


100 
Сонвмен қатар, сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны да пайдалану 
сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал 
етеді.Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін 
арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік 
жұмыстың көлемін көбейтуге болады.Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті 
тақта. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқытушыларға баланы оқытуда уақытты тиімді 
пайдалануға мүмкіндіктер береді. Демонстрациялық материалдар дайындау, топпен кері 
байланыс жүргізу ұшін интерактивті тақтаның мүмкіндігі шексіз.Тақырыпқа байланысты 
суреттер, слайдтар, сызбалар, кестелер жасау, термин сөздерді жазу сабақ жүргізудің 
мазмұнын кеңейтіп, оқушылардың түсінігін тереңдете түседі.
Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық 
әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. Оқушылардың сабақтағы 
іс-әрекеті мұғалімнің іс-әрекетінен басым болуын қамтамасыз ету өте маңызды. Оқу процесін 
жандандыру мақсатында инновациялық стратегиялар арқылы белсенділендіргіш тапсырмалар 
ұсынып, оқушылардың анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізуі үшін өз бетінше әрекет 
етуге бағыттау керек. 
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, біздің 
міндетіміз – жеке тұлғаның өзіне,қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз 
бетімен білім алуына, өзін – өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет