«СҰЛУЛЫҚ ГАЛЕРЕЯСЫ»
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ... Бұл ұғымның мән-мағынасы, сыр-
сипаты соншалықты кең, соншалықты бейнелі болса керек-ті. Егер де
көркем шығармашылық иесі – жазушының бойында болуы керек
асқаралы қасиеттерді санамалап шықсаңыз, осы бір ордалы сөздің
аясымен қалай жымдасып кетер еді!? Көркем шығармашылық! Біз бұл
жерде өнер атаулыға байланысты ақ шаңқан сезіммен көмкерілген барша
«көркемдікті» айтып тұрмыз. Ол – азаматтық міндет! Ол – жазушылық
болмыс! Ол – шын мәніндегі шындыққа біткен көркемдік соны әлем! Ол
– ұлағатты шығармашылық иесінің ҰЛЫ ЖОЛЫНЫҢ ТОРАБЫ болса
керек!
Жазушы,
Мемлекеттік
сыйлықтың
лауреаты
Бексұлтан
Нұржекеұлының көркем шығармашылығының мазмұнына, ақ шаңқан
мөп-мөлдір ғұмырларға толы портреттеріне, азаматтық парасат-
пайымдарына көңіл аударып, жазушылық тіні-магиясын тапқыңыз келсе,
сөз жоқ, КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ дейтін ұғымның стихиясына
соқпай өтпейсіз. Жазушының «әйел тағдыры – ұлт тағдыры» дейтін
азаматтық концепцияны өзек еткен ордалы романдары, «өзендей
өрнектелген» ғұмырдың иірімдерін дәл танып, мөр басқан ғажап
әңгімелері болсын, қазақ халқының тарихының аңызағын жұтып,
кеудесінде «жанартаудай» атылған кесек-кесек дүниелері болсын бәрі-
бәрі
жазушы
–
Бексұлтан
Нұржекеұлының
ӨМІР
ДЕЙТІН
ЖАЗМЫШТАҒЫ КӨРКЕМ ОБРАЗЫН ҺӘМ АЗАМАТТЫҚ БЕЙНЕСІН
танытпай ма екен?! Дәл солай! Жазушы дейтін халық осындай болса
керек-ті.
Бексұлтан Нұржекеұлының шығармаларының ортақ концепциясы
жоғарыда аталып өткендей – адам өмірі, ұлт тағдыры. Ұлттың тағдырын
жазушы –
әйел тағдырынан көреді. Өйткені ұлт перзентін дүниеге әкелер
– әйел. Ұлтты тәрбиелейтін – әйел. Жазушы көркем шығармашылығында
әйелдің ар-намысының төгілгені, ұлт намысының сөгілгенімен пара-пар.
Бұл ұстаным Бексұлтан Нұржекеұлының шығармашылығының берік
аксиомасындай.
Кезінде аты аңыз болған Әнет баба: «Әйел – жеті қазынаның бірі ғана
емес, біріншісі. Дүниедегі барлық тіршілік атаулының анасы – әйел.
Сондықтан оған тіл тигізуге де болмайды» деп өсиет етсе, жазушы
Бексұлтан Нұржекеұлы өз сөзінде: «Мен әйелдерді әйел болғаны үшін-ақ
жақсы көремін. Жаратылыстың жер бетіндегі ең талантты жасаған
дүниесі – әйел. Әдемілік, нәзіктік, жан мен тәннің жарасымы, басқаның
өмірі мен көңіліне әсер ете алуы, сүйген адамы мен ұрпағы үшін небір
күрделі жағдайларға шыдам келетіндігі жағынан әйелге теңесетін бұл
дүниеде ештеңе жоқ. Мен осылай болғандықтан да әйелдер туралы
айрықша ынтамен жазамын. Мен жазған әйелдердің бәрінің де
түпбейнесі бар».
Сол
себептен
де
болар,
жазушы
КӨРКЕМ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ көбінде отанасының тағдыры суреттеледі.
Соған қарап, жазушыны «әйел жанының сәулетшісі», «сиқырлы сезім
Достарыңызбен бөлісу: |