01.04.2021 / /
СӘУІР / / №002
ABAI MEDIA
2
КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Көрісу күні немесе «Амал» мерекесі. Бұл күні қыстан аман
шыққан ағайын бір-бірімен амандасып, қол алысып, «Жасың
құтты болсын!» деп тілек айтады. Әсіресе, жасы кішілер қала-
ауылдағы ақсақал-әжелердің үйіне барып, көрісіп, ілтипат
білдіреді. Жасы үлкендер кішілерге бата береді. Сондай-ақ,
үлкендер қол алысып, алақандарын айқастырып жатса, әйел
адамдар алдымен оң иығын, сосын сол иығын түйістіреді.
«Амал» мерекесі жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу
деген мағынаны білдіреді».
Армысың, әз-Наурыз!
Қымбатты оқырмандар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын
жүректен құттықтаймыз. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың
жаңару шағы Сіздерге ырысы мен берекесін, қуанышы мен
жақсылығын
ала
келсін.
Еңбектеріңізге
жеміс,
отбасыларыңызға амандық тілейміз. Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Қыс ызғары кетіп, Жер Ана жібіп, бәйшешек, тал бүр жаратын
жылдың осынау әдемі мезгілі жандарыңызға шуағы мен
мейірімін төксін. Бұл – көрісу сияқты ата-бадан жалғасқан
асыл дәстүріміздің салтанат құратын керемет кезең.
Ренжіскенді
татуластыратын,
жабыққанды
қуантатын,
мейірімге толы, үлкенге ізет, кішіге ілтипат жасап, ақ бата
алатын ұлықты мейрам. Біз Наурыз мейрамын ерекше көңіл-
күй, қуаныш сезіммен қарсы аламыз. Өйткені, бұл ынтымақ
пен бірліктің, достық пен ізгіліктің де мерекесі. Еңбекпен елдің
көркеюіне үлесін қосып жүрген барлық жандардың мәртебесі
биік, мерейі лайым үстем болсын. Наурыздан наурызға
амандық, жақсылық, жоғары жетістіктермен бірге жете
берейік! Наурыз береке болып еніп, әр шаңыраққа құт болып
дарысын!
Ізгі ниетпен, «КҮЛТЕГІН»бірлестгі,«ABAI MEDIA» ұйымы
Достарыңызбен бөлісу: |