01.04.2021 / /
СӘУІР / / №002
ABAI MEDIA
5
ағартушысы дәрежесіне көтерілген әрі педагог,әрі ақын-жазушы Ыбырай
Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор. Ыбырай
Алтынсарин қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің негізін салушы атасы
болды. Көркем әңгімелердің композициялық құрылымын шебер етіп
құруда да оның өзінше еңбегі бар.
ФККБИ 1-курс студенті Мәжит Нұртуған
Әз-Наурыз
Күн мен түннің теңеліп, Самарқанның көк тасы жібитін, жер жүзі
құлпырып, көкпеңбек кең дала нұрланатын Наурыз мейрамы сонау 5 мың
жылдан бері тойланып келеді екен. 21 наурыз тек түрік санауы бойынша
ғана емес, әлем бойынша күн мен түннің теңесіп, күннің ұзаратын
шағына тұспа-тұс келеді. Түркі халықтарының мәдениетінің бір бөлігіне
айналған бұл мейрамның шығу тарихы әлі күнге белгісіз, дей тұрғанмен,
Наурыз туралы деректер "Авеста" шығармасында кездеседі екен. Соған
қарағанда, бұл мейрам тек түркі халықтарында емес, басқа елдерге де
танымал
болған
сынды.
Ескі түркі аңыздары бойынша бұл күн (21 наурыз) түркі халқының
пайда болуымен байланысты. Басқаша айтқанда, бұл күні түріктер
Эргенеконнан (таулармен қоршалған аумақ) шықты. Сондықтан
Наурызды түркі халықтары Жаңа жылдың, жаңа күннің, жаңа өмірдің
басы ретінде қабылдады және бүгінгі күнге дейін атап өтіледі.
Түркі халықтарының осы күнге дейін көптеген қиындықтарға
ұшырап, ауыр кезеңдерді бастёан өткергеніне қарамастан Наурыз әлі
күнге дейін өз қаймағын бұзбады, сонымен бірге ислам дінін ұстанатын
көптеген халықтар мәдениетінің ажырамас бөлігі болды. ТМД-да оны
татарлар, қазақтар, башқұрттар, қырғыздар, тәжіктер, өзбектер және басқа
да
көптеген
халықтар
тойлайды.
Біздің қазақ халқы да жыл сайын Наурыз мерекесін атап өтіп, отыз
күн ойын, қырық күн тойын жасайды. Төс қағысып, барлық өкпе-ренішті
ұмытып, жауласқан ел татуласып, жеті түрлі дәмнен дайындалған көже
пісіп, азан-қазан болып, мал тойынатын да кез осы Наурыз тойында
болады. Ертеде Наурызды бүкіл ауыл болып тойлаған, қазір қаланың
басты көшелеріне киіз үйлер тігіліп, орталық жүзінде күлкісі бар адамға
толады. Мен оқитын Абай атындағы педагогикалық университетте де
Наурыз мерекесі жыл сайын тойланып, бәріміз ерекше күй кешеміз.
Оқытушыларымыз мейрам туралы бар білгендірімен бөліседі, біз арнайы
концерттер
қойып,
іс-шаралар
ұйымдастырамыз.
Наурыз мерекесі - бұл көненің көзі, ертеден келе жатқан тарихи
қазына. Қазір әлем індеттің әсерінен тығырыққа тірелді және бұл
қиындықтан тек біріксек ғана шыға аламыз, сол үшін де соңғы екі жылда
Наурыз мерекесі ерекше дүркіреп тойланбады. Алайда, адамдар жылы
лебіздерін білдіріп, аылыстан да сыйласа алады. Алда жарқын күндеріміз
көбейіп, Наурыз мейрамы жандана береді деп сенемін!
Достарыңызбен бөлісу: |