симфониясының дирижері» десек те артық айтпаған едік. Дәлелі
ретінде: «Күтумен кешкен ғұмыр», «Бір ғана махаббат», «Сағынғаным-
ай», «Күй толғақ», «Жастық – жыл құсы емес», «Қиын сұрақ», «Күнәлі
махаббат», «Кәріс қыз», «Күләштің соңғы көктемі» т.б туындыларын атап
өткен жөн. Өз кезегімізде біз де КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ иесінің
жаны – сұлулығының, қаны – азаматтығының, кескіні – шеберлігінің
нәтижесінде дүниеге келген шығармаларын талдауды алдымызға мақсат
қойып отырмыз. Ендігі толғам солар жөнінде болады.
***
Бақыт дегенміз не? Әйел бақыты қандай?
Әлбетте, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу, қосағымен бақытты ғұмыр кешу,
жарының іңкәр сезіміне бөлену емес пе еді!?
Бексұлтан Нұржекеұлының «Күнәлі махаббат» повесінің негізгі
тақырыбы осы мәселе. Өмірінде тұрақтылық болмаған әйел, оның
«зарлы» балалары, қысастығы көп әртүрлі адамдар... Кейіпкердің ешбір
жанға сездірмеген томаға тұйық, бітеу жара жан сыры – әйелге тән
әлсіздігі. Ал оған қарама-қарсы Жаңыл тағдырын қайда қоясыз? Іңгәлаған
сәби үнін естімесе де, Алла қосқан жарымен салиқалы ғұмыр кешеді. Өз
әлсіздігінің алдында құрбан болғанмен де, ар мен ожданның тұғырын
басылған жоқ. Өлмей басылмайды да...» дейді.
Осылай оқырман сауалы көп сұрақтың жауаптарымен еріксіз қалың
ойға батады... Ал қалың ой – шығарма мұраты.
Егер де жазушының шығармаларындағы кейіпкерлерді бір арнаға
тоғыстыратын
болсақ Бексұлтан Нұржекеұлының: «Жастық – жыл
құсы
емес»
әңгімесіндегі
кейіпкер
Зиаш,
«Қиын
сұрақ»
туындысындағы
Айғанша,
«Күләштің
соңғы
көктемі»
шығармасындағы Күләш бейнесі, «Күнәлі махаббат» повесіндегі
белгісіз әйел, «Күтумен кешкен ғұмыр» романындағы Қайныкеш. Бұл
кейіпкерлердің ортақ трагедиясы – махаббат уыты - рухани
жалғыздықтан пайда болған шерменді күй. Жазушы шеберлігі сонда
барлық трагедия, конфликті кейіпкерлердің жан дүниесінде өтеді.
Нәсілі – әйел емес пе?! Қорғансыздың күйін кешкен жәудір көздің
мұңын түсінер жан бар ма? Олар өз шерменімен шыңырауда. Оларды
түсіну қайда-а-аа...
Мәселен, «Жастық - жыл құсы емес» әңгімесінде Зияштың
тағдыры сондай өкінішті. Тал шыбықтай иілген, уыздай жас қыздың
соқыр сезімі ақынжанды ғашығы Қалиды емес, Ғәзизді таңдатады.
Махаббаттан сағы сынған Қали әскерге атанып кетеді. Зиаш Ғәзизбен
отау құрады. Бақытқа толы күндердің соңы ақыры Ғәзиздің жан
дүниесінің «қопарылуына» жеткізеді. Тастайын суық сезім
махаббаттың ыстық шоғының нұрын өшірген-ді. Арада біршама
жылдар өтіп, шоқтығы биік, салауатты жігітіміз Қали оралады. Зиаш
сезімі өкінішке, бітеу жараға айналады. Өткенге сот бар ма екен? Өмір
жалғыз. Әттең, сезім... Ендігі «жастық – жыл құсы емес». Оралып
келмес-ті.
Жазушының тереңнен толғап, «ұлы сезім» - махаббатты, ән
өнерін арқау еткен шығармасы – «Күтумен кешкен ғұмыр» романы.
Бас кейіпкер Әтікенің әншілік өнері мен өмірін арқау еткен
туындының өзіндік сюжеттік интригасы бар. Романның басталуынан-
ақ Әтікені бір ой мазалайды. Тіпті, ол ой шыңырауы оның іңкәр
өнерінің нұрын өшіре бастаған-ды. Әсте, өнер адамы – әсершіл,
арманшыл келеді. Ал Әтіке әлі жас, әлжуаз... Өнер адамының
көмейіне олай қорғасын құйдырған кім? Қандай жайт болған екен?
Сөйтсе, оның себебі: Айсары болыстың таққан міні екен.
«Сый-сыйапатың олқы, атағыңның ауы үйден аспай жүргені де
сол. Өнеріңе сай сені де әспеттеп отырған шамалы...»
Ендігі бұл мін бе, әлде көреалмауышылық па немесе өз жағына
ұран етпектің сарыны ма екен? Үшеуі де болар... Алайда үстем
түскені,
тамыр
басқаны
Айсары
болыстың
әнші
Әтікені
«сойылсоғары» етпегі екен. Әтікенің өнеріне тұсау болатын себеп –
осы. Бұндай қысастық өнер адамына ғана тән шығар дейсіз.
Жазушының «Күләштің соңғы көктемі» әңгімесіндегі Күләш жанын
жегідей жеген аярлықты алыңыз... Ақыры өнерлі жанның өліміне
әкелмеді ме? Не болмаса І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы
Ақан бейнесін қараңыз. Тек Ақанға жасалған қиянат емес, оның
«құлагердейін жампоз өнеріне» жасалған қиянат емес пе? Ендеше
Бексұлтан Нұржекеұлының бұл романындағы тұтастай алғанда Әтіке
ғұмырыда сондай аярлықтың құрбаны деуге толық негіз бар.
Аталмыш романда ыстық сезім мен мөлдір махаббат та
баянадалады. Оған дәлел – Қайныкеш пен Әтке сезімі. Қандай асыл
махаббат! Қайныкеш Әткенің алдымен сұлу өнеріне ғашық. Жо-жоқ,
Баркөрнеуіне ғашық болар... Дегенмен де әсершіл, сыршыл Әтіке
сезімнің Баркөрнеуіне мұңын шағып, аласапыран заманның ауыр
соққысына төзбей «жоғалып» кеткен-ді. Қайныкеш пен Әтіке
махаббаты Баркөрнеу трагедиясына айналады. Өйткені арада зырғып
қанша уақыт өткенімен де Қайныкеш жүрегінде сол баяғы аңсар, сол
баяғыдай ән қалған-ды. Бұл әуен Баркөрнеу жаны Әтіке музасының
соңғы ноталарындай, өзекті өртер өкінішіндей еді...
Атыңан айналайын, атамекен
Кім сені Баркөрнеу деп атады екен
Қайғы мен қапаны да көремісің
Саған да соның зілі бата ма екен?
Сөз соңында...
Бір күні Бексұлтан Нұржекеұлының мына бір сөзін оқыдым.
Күнделігіме жазып ала қойыппын. Кім біледі, сол кездегі сыршыл
сезімімнің сыбызғы үніндей әуендеп тұрған шағына дөп келді ме
мектептердің ашылуын ұйымдастырды, онда слесарлық іс, сабын
қайнату, май құю ісі дәне былғары ісі мамандықтары бойынша білім
алуға болатын еді.
"Надан жатқан, бірақ әлі азғындық жолға түспеген, пайдалы
|