Біліміңді еңбек пен өмірдің Өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата21.05.2023
өлшемі1.28 Mb.
#474064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2

01.04.2021 / /
СӘУІР / / №002 
ABAI MEDIA
 
 
 4 
биіктен көреді. Сонда бұл шығармада кім бақытты? Ұрпағын үш еркектен 
тауып, әйел мұратына өзіндік сүрлеу тапқан кейіпкер ме, әлде жатыры тас 
боп қатқанмен де адал өмір сүрген Жаңыл ма? Тура сұрақ! Оқырман 
көкейінде бұл сұрақтың қаларына дау бар ма екен? Және бұл сауалға 
көңіл толқымай жауап бере алар ма? Әрине, жоқ! Өйткені бұл 
кейіпкерлердің екеуінде де ешбір құшақ жазбас, ғұмырының соңына 
дейін сақталатын, өшпейтін, өлмейтін, қайта өршіп, қайта қоздайтын 
өксікке толы оттай ғұмыр ұшқындары бар. Өкініштер бар... Ал шығарма 
финалы «күнәлі махаббаттың» күнәсін сезгендегі өткеніне бағыштар 
жоқтауындай ... 
«Мен бақытымнан айырылғанымды білгенім де, оның енді екінші 
қайтып бастапқы қалпына қайтып келмейтінін де білгем. Ол өкінішім, ол 
назым әлі
екен. Әйтеуір, тұп-тура «Күтумен кешкен ғұмыр» романын оқып жүрген 
кезім еді. Бексұлтан аға былай депті ол жерде:
«Өнерді қанаттандыратын, өнерді арқаландыратын әркімнің өз 
Баркөрнеуі бар. Одан айырылған адам әулиелігінде, дарындығынан да – 
бәрінен жұрдай болады.Дәл осы пікірдің шетіне: «Баркөрнеу, бәлкім, 
оның асыл музасы - халқы болар» деппін үш нүктемен ойымды 
аяқтамай. 
Қазір бұл туындымды жазып отырып дәл осы толғамға қайтадан 
оралып отырмын. Сол жолғы ойымды енді түсініп отырғандаймын. 
Асылы КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ғұмырында «Баркөрнеуінің» 
құшағында өсіп-өніп, тас-құмына тәнін күйдіріп, бұлағының көзін ашып, 
көгіндей көктеп, күніндей нұрланған бала Бексұлтан «Баркөрнеуімен» 
бірге абыз Бексұлтанға айналған екен. «Баркөрнеуімен» бірге мерейлі 80 
жасқа толған екен! Жазушы шығармашылық ғұмырында біз талдап өткен 
шығармалардан бөлек:
1916 жылдардарындағы қасіретті жылдарға арналған «Әй, дүние-ай» 
романы (Мемлекеттік сыйлық алған);
30 жылдардағы қазақ халқындағы ашаршылық нәубеті жайлы «Жау 
жағадан алғанда» романы, Әсет, Сара, Төребай секілді әнші-ақындардың 
шығармашылығы жайлы Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай батырлар туралы 
жазылған «Ой ұшқыны» эсселер жинағы; 
К.Байсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев, Д.Рақышев, т.б. талант 
иелері туралы танымдық мақалаларының жиынтығы «Өнер құдіреті» 
кітабы;
Қазақ халқының тарихындағы Орбұлақ шайқасы туралы деректер, 
соғысқа қатысқан батырлар жайындағы зерттеулер, мақалалар, сондай-ақ 
Орбұлақ шайқасы туралы сан қилы мәліметтер топтастырылған «Орбұлақ 
өнегесі» еңбегі; 
«Кек-намыс» тарихи романы мен «Бір өкініш, бір үміт» романы және 
әртүрлі жанрдағы бірнеше әңгіме, повесттер...
Бұлардың барлығы дерлік Бексұлтан Нұржекеұлының тұтас көркем 
шығармашылығында (жоғарыда атап өткенбіз және қайталаудан 
жалықпаймыз) кәсіби әдебиетшілігінен бөлек тарихты тарихшылардан 
кем білмейтінін және біліп қоймай, ұрпақ үшін аса құнды жәдігер 
болатындай кітаптар жазуы жазушы Бексұлтан Нұржекеұлының 
азаматтық ұстанымынан туған ұлтына деген қалтқысыз еңбегі - 
«Баркөрнеу» шоқтығын биіктетіп тұрғандай болып көрінеді де тұрады. 
Міне, дәл осы болмыс-бітімімен, көркем шығармашылық полотносымен, 
«сұлу» да мұңлы галереясымен, «Баркөрнеу» - музасымен Бексұлтан 
Нұржекеұлының бейнесі бізді әрқашан өзіне бас идіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет