ФКББИ 3-курс студенті Ертай Біләл
«Болмасаңда ұқсап бақ»
Қазақ елін надандық пен қараңғылық түнегінен құтқару үшін аянбай
еңбек еткен ағартушы-ұстаз, ақын-жазушы,балалар әдебиетінің атасы
Ыбырай Алтынсарин-халық ағартушысы дәрежесіне көтерілген тарихи
тұлға.Бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді елдің қатарына
қосу жолына арнаған көрнекті кемеңгер.Ол қазақ әдебиетінде көркем
әңгіменің негізін салушы атасы болды.Қазіргі күнде, Ыбырай жазып
қалдырған әңгімелер өсіп келе жатқан жас буынды қаншалықты
тәрбиелей алады? Менің ойымша,ұлы ұстаздың қай әңгімесін алып
қарасақта,адамгершілік пен еңбексүйгіштікке, әдептілік пен тәрбиелі
болуға насихаттайтын нақыл сөздер жетерлік.
Ыбырай Алтынсарин жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас
кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді.Екі түрлі жайтты
алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, жалпы
халықты ағарту жұмысы, екіншісі – халықтың ой-санасын жаңалыққа
қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Өзінің алғашқы
адымында-ақ ол мектептің рөлін бірінші орынға қойды. 1871 жылы 31
тамызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Қазақтардың білімге
қол жеткізетін ең басты құралы – мектеп. Бірақ даладағы мектептер
шашылыңқы, сондықтан әлі пайдалы бола алмай отыр, әйтсе де
олардың үміт күтері –мектеп, тек қана мектеп және қазақ халқының
болашағы да мектептермен байланысты», — деді.Ағартушының
арманы 1864жылы ғана орындалып,Ыбырай ашқан мектепте он төрт
қазақ баласы қабылданады.Н.Ильминскийге жазған хатында: «Мен
балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім»,-
деп қуанышымен бөліседі.Сондай-ақ,оның бастамасымен қазақ
қыздарына, орыс қоныс аударушыларының балаларына арналған
арнайы мектептер ашылды.Бұл мектептерде балалар орыс және қазақ
тілдерін, матемитиканы,Географияны, тарихты және басқа
ғылымдарды оқыды.Ыбырай екі жылдық педагигокалық училищенің
негізін қалап, қазақ ауылдарына бейімделген жалпы білім беру және
педагогтарды даярлау жүйесін әзірледі.М ектептерден басқа кәсіптік,
нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға, шамасы келгенше, қызмет
ету біздің әрқайсысымыздың да борышымыз", —деп көзі ашық ел
азаматтарына үндеу салған. Осы пікіріне байланысты Ыбырай"Әй,
жігіттер!" деген өлеңінде:
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен.
Алыс-алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден,— деп, ел ішін, қарапайым халықты оссындай іріткі
салушы топтардан арылтып алмай, өнер-білімге, жаңа мәдениетке
шақыру, сондайлық қиын екенін де өте зеректікпен айта білген.
Сонымен қатар, қазақ халқының өнер-білімге, жаңалыққа, жаңа
мәдениетке деген ынтасын, дарындылығын өте жоғары
бағалаған."Қазақтың осы ынтасын татар, өзбек, башқұрт сияқты көрші
елдердің молда, қожалары пайдаланып отыр. Ал егер осы
бұзылмаған, іскер, дарынды халық... діни фанатизмнің ықпалына
біржолата түсіп кетсе, онда бұл өте өкінішті болған болар еді",—деген
ойда болды.
"Өнер-білім бар жұрттар" деген өлеңінде де өнер-білім,
техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жасөспірімдерді
мәдениетті халықтар қатарына қосылуга, соған жетуге,солардан үлгi-
өнеге алуга шақырады. Fылым mабыстарын мадақтайды.
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылык алыс жерлерден,
Көзіңді ашып, жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, - деп, техникальқ білім алу дережесіне оқу
және үздіксіз оқу арқылы ғана жетуге болатынын, оқымаған қараңғыы
халықтың жастарына дәлел emin керсетті. Fылым адамды әр трлі
апаттан алып шығады, құтқарады. Сауатсыз қараңғы адам
жаратылыстың тілсіз сұрапылының құрбаны бола бермек, оған қарсы
күресуге дерменсіз. Мұндай дерменсіздіктен арылу үшін ғылым
табыстарын тез игеріп, орыс халқының ілімінен, мәдениетінен үздіксіз
үйрене беру керек деп Ыбырай жар салды. Өзінің жас шәкірттеріне
ғылым табыстарын мақтан ете жырлады. Білім мен техниканы өз
шығармаларының арқауы етіп, әрқашан әр шығармасында әр түрлі
жолдармен ұқтырып отырды. Тiптi техника тетіктерін айтқан сайын
үдей түсіп бұдан да артық, бұдан да гөрі кереметі шығып жаткандарын
aйтып оқушысын қызықтыра түседі.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты,
От пен суға түсірді,
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын іштірді
Теңізде жүзді балықтай.
Дұниені кезді, жалыкпай,
деп, самолетті, электрдін күшін, пароходты мақтан етіп жырлады.
Баланың мейірімді,кішіпейілді,адамгершілік сапасының жоғары
тұруы да осы ұқыпты болудан басталады.Ыбырай Алтынсариннің
"Шеше мен Бала","Мейірімді бала ", "Полкан деген ит","Аурудан
аяған күштірек " деген әңгімелері осы мейірімділік кішіпейілді болуға
арналған.Баланы адамгершілік сапаға баулиды.
Сөзімізді қорытындылай келе, XIX ғасырда қазақ даласынан
шығып,орыс,Еуропа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық
|