Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Зертханалық жұмысты орындау тәртібі



бет26/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Зертханалық жұмысты орындау тәртібі


B1 ДӘРУМЕНІ (АНТИНЕВРИТТІК, ТИАМИН)


Құрал-жабдықтар, реактивтер. Ерітіндідегі дәрумендерді табу үшін ультракүлгін сәулелендіргіш; сынауықтарымен зертханалық штатив; 1 мл-ге тамшуырлар (2 дана); диазореактив алу үшін сульфанил қышқылының негіздік ерітіндісі (0,9 г сульфанил қышқылын 9 мл концентрленген тұз қышқылында ерітіп, дистилденген сумен 200 мл-ге дейін сұйылтады); 5%-дық натрий нитриті; 10%-дық натрий карбонаты; тиаминхлорид; 5%- дық калийдің гексациано-(Ш) ферраты; изобутил спирті.
B1 дәруменінің диазореактивпен әрекеттесуі
5 тамшы сульфанил қышқылының негіздік ерітіндісіне 5 тамшы 5%-дық натрий нитритінің ерітіндісін қосады. Алынған диазореактив ерітіндісіне аздаған мөлшерде (скальпелдің ұшымен) тиаминхлорид салады және 5-7 тамшы 10%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады. Сұйықтық қынасары -қызыл түске боялады.


Тиаминнің тиохромға тотығу реакциясы
Сынауықтағы 2-3 мг тиаминхлоридке 5-10 тамшы 5%-дық калий гексациано-(III) ферраттының ерітіндісін қосады және сынауықтың ішіндегіні араластырады. Қыздырғанда сұйықтық тиаминнің тиохромға айналуының салдарынан сары түске боялады. Әрі қарай сынауыққа 1 мл изобутил спиртін құйып, ішіндегіні 1 мин бойы қарқынды араластырады. Жоғарғы спирттік қабатты тамшуырмен басқа сынауыққа ауыстырады және оның ультракүлгін сәулелерде көк флюоресценциялануын бақылайды.





В2 ДӘРУМЕНІ (РИБОФЛАВИН)


Құрал-жабдықтар, реактивтер. Сынауықтарымен зертханалық штатив; рибо­флавин (таблеткалар); тұз қышқылы (конц.); мырыш түйіршіктері.
Рибофлавин таблеткасының 1/10 бөлігін 0,5 мл суда ерітіп, ерітіндінің боялуы мен флюоресценциясын бақылайды. Ерітіндіге 10 тамшы концентрленген тұз қышқылы мен металдық мырыштың кішкентай бөлшегін қосады. Сұйық біртіндеп қызғылт түске боялады да, кейін түссізденіп кетеді. Жидкость постепенно окрашивается в розовый цвет, а затем обесцвечивается. Реак­ция рибофлавиннің бөлінген сутекпен алдымен қызыл түсті родофлавинге, содан соң түссіз лейкофлавинге тотықсыздануына негізделген. Түссізденген ерітіндіні шайқағанда, ауадағы оттегімен лейкоқосылыс қайтадан рибофлавинге айналады:



рибофлавин

лейкофлавин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет