Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет23/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Ферменттерді зерттейтін ғылым.
2.Табиғи шикізаттан ферменттерді бөлу әдістері.
3.Ферменттердің номенклатурасы мен жіктелуі.
4.Ферменттердің негізгі кластарының сипаттамасы.
5. Иммобилденген ферменттер және олардың медициа мен акыл шаруашылығында қолданылуы.


Өздік жұмыс үшін тапсырмалар

  • Ферменттер класы мен подкластарының сипаттамасы.

13 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: МАЙДА ЕРИТІН ДӘРУМЕНДЕР
Жұмыстың мақсаты: A, D , E, K дәрумендерін түсті реакциялардың көмегімен анықтау.


Жалпы мағлұматтар

Дәрумендер өсімдіктер әлемінде кең таралған. Медициналық іс-тәжірибеде оларды жүйке ауруларын, жүрек қан-жолдарының бұзылуларын (гипертония, каранарлық тамырлардың склероздарын), сондай-ақ көмірсулар алмасуы бұзылуына байланысты патологиялық жағдайларда, бүйрек жеткіліксіздігінде, қан айналыстары бұзылғанда қолданылады. Дәрумендерді 1880 ж. Н.И. Лунин ашқан. Орысша аты «витаминдер- тіршілік аминдері», 1912 ж польша ғалымы К. Функ атаған. Дәрумендер ферменттер құрамына коферменттер ретінде (қосымша топ) кіреді, сондықтан авитаминоз құбылысы кез келген ағза үшін қолайсыздық туғызады.




Зертханалық жұмысты орындау тәртібі


ДӘРУМЕН А (АНТИКСЕРОФТАЛМАЛЫҚ РЕТИНОЛ)


А ДӘРУМЕНІНЕ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР


Құрал-жабдықтар, реактивтер. Сынауықтарымен зертханалық штатив; 1 мл-лік және 2 мл-лік тамшыуырлар; балық майы; хлороформдағы 0,05%-дық А дәруменінің ерітінді-сі; хлороформдағы сүрме (III) хлориді (қаныққан); мұзды сірке қышқылы; сірке ангидриді; темір (II) сульфаты; күкірт қышқылы (конц.).
Құрғақ сынауыққа балық майының бір тамшысын енгізіп, 4-5 тамшы сүрме (III) хлоридінің хлороформдағы қаныққан ерітіндісін қосады. Біртіндеп қызғылт-күлгін түске өтетін көк түс пайда болады. Реакция арнайы емес, өйткені сол сияқты көк түсті барлық қосарланған байланыстары бар қосылыстар көрсетеді Бұл реакцияны орындау ерекше тиянақтылықты керек етеді, өйткені өте мардымсыз болса да, ылғалдың болуы сүрме (III) хлоридінен сүрме хлороксидінің түзілуіне әкеледі, ал ол А дәруменімен реакцияға түспейді де реакциялық қоспаны лайландырады. Судың іздерін болдырмас үшін әрекеттесуші заттарға 1-2 тамшы сірке ангидридін қосуға кеңес береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет