Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет25/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Темір (III) с хлоридімен реакция
Құрғақ сынауыққа 4-5 тамшы 0,1%-дық α-токоферолдың спирттік ерітіндісін алып, оған 0,5 мл темір (III) хлоридін қосады да сынауықтың ішіндегіні мұқият араластырады. α-токоферолдың темір (III) хлоридімен токоферилхинонға тотығуы нәтижесінде ерітінді қызыл түске боялады:



мұнда R –изогексадекан радикалы.


К ДӘРУМЕНІ (АНТИГЕМОРРАГИЯЛЫҚ, ФИЛЛОХИНОН)


К ДӘРУМЕНІНЕ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР


Құрал-жабдықтар, реактивтер. Сынауықтарымен зертханалық штатив; 1, 2 мл-ге тамшуырлар; К дәруменінің синтетикалық аналогтары 0,1%-дық спирттегі викасол немесе 0,2%-дық спирттегі метинон; 0,025%-дық цистеин; 10%-дық калий гидлоксиді; 1%-дық диэтилмалон эфирі; 1%- дық анилин (жаңа айдалған).


Цистеиннің сілтілік ерітіндісімен реакция
Сынауыққа 1 мл 0,1%-дық викасолдың спирттік ерітіндісін (немесе 0,2%-дық метинонның спирттік ерітіндісін) құяды. Содан соң 2 тамшы 0,025 %-дық цистеин ерітіндісі мен 2 тамшы 10%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады. Сары бояу пайда болады.


Диэтилмалон эфирімен реакция
2 мл 0,1%-дық викасолдың спирттік ерітіндісіне прибавля­ют 0,5 мл 1 %-дық диэтилмалон эфирінің ерітіндісін және 0,1 мл 1 %-дық калий гидроксидінің ерітіндісін қосады. Күлгін-қызыл бояу пайда болады.
Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Майда еритін дәрумендерге қандай дәрумендер жатқызылады? Олардың физиологиялық рөлі қандай?
2.А, Д, Е, К дәрумендерін қандай сапалық реакциялардың көмегімен анықтауға болады?
3. Ағзада майда еритін дәрумендер жетіспеген кезде қандай патологиялық өзгерістер байқалады?
13 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Суда еритін дәрумендер
Жұмыстың мақсаты: B1, В2 , С, Р дәрумендерін түсті реакциялардың көмегімен анықтау.
Жалпы мағлұматтар
Дәрумендер алуан түрлі құрылысты және әртүрлі физика-химиялық қасиеттерге ие, кез келген ағзаның қалыпты тіршілік етуі үшін қажетті, ағзада тікелей немесе күрделі заттардың құрамында катализдік және реттегіштік қызметтер атқарады.
Көпшілік жағдайда олар гетеротрофты ағзалармен синтезделмейді, ал олардың жетіспеушілігі патологиялық құбылыстарды туғызады. Дәрумендерді 1880 жылы Н.И. Лунин ашқан. Ерігіштігіне қарай дәрумендерді майда еритін және суда еритін дәрумендер деп жіктейді. Суда еритіндерге В тобының дәрумендері, С, Р, U дәрумендері жатқызылады. Олар ферменттердің құрамына кофермент ретінде кіріп, ағзада әртүрлі биохимиялық реакцияларды жылдамдатып, катализдік қызмет атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет