Сульфитті щелокта және өсімдік шикізатының гидролизатында азықтық ашытқыны алу өндірісінің технологиясы
Өсімдік шикізатынан азықтық ашытқыны алу өндірісі Кеңес Одағы кезінде өткен ғасырдың ортасынан бастап жұмыс жасай бастады. Гидролизді ашытқы өндірісі екі негізгі бағытта дамиды: өсімдік шикізатының гидролизатын ашыту әдісімен этил спиртін алу одан әрмен қарай тізбектеле жалғасқан спирттің қалдығы бардадан азықтық ашытқыны алу үшін қолдану; этил спиртін өңдемей-ақ гидролизатта оны культивирлеумен азықтық ашытқыны алу.
Қазіргі кезде жасанды этил спирті өндірісінің дамуына байланысты бірінші жағдайда гидролиз ашытқы өндірісі өзінің мәнін жоғалтты, ал екінші жағдайда өзекті болып тез өсе бастады.
Азықтық ашытқы алу өндірісінің үрдісі келесі сатылардан тұрады:
Егіс материалын алу;
Қоректік ортаны дайындау;
Ферментация;
Ашытқыны концентрлеу;
Плазмолиз;
Кептіру;
Буып түю.
Егіс материалын алу
Азықтық ақуыз өндірісіне арналған зауытта ашытқының әр түрлі штамдары қолданылады. Candida utilіs Candida arborea, Сandida tropicalis, Сandida scottii, Сandida guilliermondii және басқа түрлері қолданылады. Олардың әр түрлі субстратта өсуге қабілеті бар және биомассаның жоғары мөлшерде жиналуын бере алады. Қазіргі кезде көптеген зауыттарда өнімділігі жоғары азықтық ашытқы штамының Сandida scottii (Кp-9, CD-10, ACT-1) және Сandida tropicalis (КД-14, Л-2, Гб-1) түрлері өндірілді. Азықтық ашытқы өндірісі залалсызданбаған үрдіс, сондықтан ашытқы өсіретін аппаратта монокультура еместер дамиды, культура ассоциациясы 5-8 түрлі түрге жатады. Ашытқының шығымын жоғарылату үшін және өндірістік жағдайда олардың өсуін тездету үшін бір-біріне пайдалы бірнеше культураның қоспасын қолданады. Араласқан культура субстрат құрамының ауытқуына және технологиялық режиміне, сондай-ақ бөгде микрофлораның пайда болуына төзімді болып келеді. Ашытқы өсіретін аппаратқа егу үрдісі алдымен таза культурадан бастап жүреді.
Таза культура – ашытқы болып табылады, онда бөгде микрофлора болмайды. Ашытқы өсіретін аппаратта өнім беретін ашытқы культурасын тұрақты ұстау үшін таза культура беріледі. Таза культураны арнайы бөлімде дайындайды. Қондырғының талаптарына байланыста таза культураны дайындау бойынша периодты немесе үздіксіз жұмыс жасайды.
Таза культураны дайындау залалсызданған жағдайда ашытқыны көбейту, пробиркада өсіруден – бастап соңғы өндірістік ашытқы өсіретін аппаратқа дейін өсіру жауапты үрдіс болып саналады. Ашытқы культурасын өсірудің бірінші сатысы микробиологиялық лабораторияда жүргізіледі. Ашытқы культурасын өсіру үшін егуді пробиркада қисық агарланған ортада 35-36ºС температурада 48 сағат бойы жүргізіледі. Содан соң көлемі 750 мл колбада арнайы дайындалған 100мл залалсызданған қоректік ортада 36-38ºС бөлме температурасында 16-18 сағат аралығында өсіріледі.
Микроорганизм культурасын өсіруге арналған қоректік ортаның құрамы төменде көрсетілген %:
Глюкоза – 2
Автолизат – 2
KH2PO4 – 0,5
MgSO4 – 0,05
К2SO4 – 0,05
Содан кейін ашытқыны сыйымдылығы 8-10л лабораториялық аппаратқа ауыстырады, онда ауа беруге арналған барбатер орнатылған болуы керек. Өсіру үрдісінде қоректік ортаны қосып отыру әдісінде 2л гидролизатты құрамында (РЗ) редуцирлеуші заттың 15% құрайтынды қосады. Лабораторияда өскен ашытқы зауыттың таза культурасы сақталатын бөлімшесіне жіберіледі.
Ашытқының таза культурасының өскен биомассасын ашытқы өсіретін аппаратқа егу үшін бірнеше сатылар іске асырылады. Көлемі үлкейген ашытқыш (дрожанка) үш немесе төрт аппараттан тұратын қондырғы.
Егілетін ашытқының бірінші сатысы сыйымдылығы 500л кіші ашытқыш аппаратта жүргізіледі. Ашытқыш аппаратта (180 л) қайнаған су, (40 л) қоректік орта және лабораторияда өскен ашытқы мен қоректік орта жіберіледі.
Жуу
Жуу
Флотирлеу
Ферментация
Ауа
Егіс матер-иалы
Сульфитті
щелок
Гидролизат
су
Ашытқыдан
Сепарирлеу
кейінгі
ашытпа
Плазмолиз
Булау
бу су
Кептіру
жылу
тасымалдағыш су
Азықтық ашытқы
19 сурет. Өсімдік шикізатының гидролизатында және сульфитті щелокта
азықтық ашытқы алу өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы
Өсіру үрдісі қарқынды аэрациялаумен 12-14 сағат бойы қоректік ортаны беріп отырумен жүргізіледі. Аммиакты суды қоректік ортаның рН мәнін 4,0-5,5 аралықта ұстап тұру үшін беріп отырады. (РЗ) редуцирлеуші заттың қоректік ортадағы құрамы 0,4-0,5% жоғары болмауы керек. Бір кезеңде құрамында 75% суды құрайтын ашытқы биомассасының 3,4- 4,5кг болады.
Достарыңызбен бөлісу: |