Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет38/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Лекциялар жинағы

Сепарирлеу
Н – парафиндерде алынған ашытқыларды концентрлеу суспензия бойынша өнімділігі 20 м3/сағат болатын СОС-501 сепараторда жүргізіледі. Бұл сепараторлар–қоюландырғыштар тарелка тәріздес үздіксіз жұмыс жасайды, ортадан тепкіш күштің көмегімен жұмыс жасайтын барабанның тұмсығынан шығатын суспензияны қоюландыру және культуралды сұйықтықты еркін күшпен өңдеу жұмыстары атқарылады.
Ферментация бөлімінен ашытқы суспензиясы қоюлануға түседі, сепараторда ыстық су аралық жуумен бірге бір сатыда жүреді. Ашытқы суспензиясында құрғақ заттардың құрамы 1,4-1,7 % болса, насос арқылы бірінші топты сепараторларға беріледі, осы жерде құрамында құрғақ заттар 4,0-6,0% болғанша қоюланады. Қоюланған ашытқы суспензиясының температурасы 60-800С ыстық сумен жуылып жинағышқа келіп түседі және жинағыш түбінде орналасқан барботажды қондырғы арқылы өткір бумен буландырылып жинағышқа келіп түседі. Ашытқы суспензиясын жуғаннан кейін екінші топты сепараторларға жіберіледі. Құрамында құрғақ заттар 8-12% болғанша қоюланып, ашытқы суспензиясы жинағышқа құйылады, сол жерден насостың көмегімен термоөңдеуге және булауға жіберіледі.
Жылына қуаттылығы 120 мың тонна өндіретін зауытқа арналған сепарирлеу қондырғысының жұмыс жасау параметрлері төменде көрсетілген:
Бірінші топтағы сепараторларға ашытқы суспензиясының берілуі,
м3/сағ......................................................................................................900
Бастапқа ашытқы суспензиясындағы ашытқы концентрациясы, %.. 1,6
Жууға судың берілуі, м3/сағ................................................................287
Екінші топтағы сепараторларға берілетін суспензиядағы ашытқы
концентрациясы, %..............................................................................4,85
Екінші топтағы сепаратордың ашытқы суспензиясының шығымы,
м3/сағ.....................................................................................................120
Қоюланған суспензиядағы ашытқы концентрациясы, %................11,5
Сепаратордан кейінгі өңделген культуралды сұйықтықтың мөлшері,
м3/сағ
Бірінші топ ...............................................................................613
Екінші топ ...........................................................................................246
Екінші топтағы сепаратордың алдындағы ашытқы суспензиясының
температурасы, С..................................................................................50
Сепарирлеу кезіндегі ашытқының жоғалуы, %.................................2
Құрамында көмірсулары, минералды тұздары және ашытқылары бар өңделген культуралды сұйықтық сепарирлеуден кейін технологиялық үрдіске қайтарылуы тиіс. Өңделген культуралды сұйықтықты ферментация сатысына қайтару үздіксіз және биологиялық тазартудан кейін жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет