Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Емдік - профилактикалық препараттар бактериофаг



бет54/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Лекциялар жинағы

Емдік - профилактикалық препараттар бактериофаг
Жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу мақсатында басқада препараттармен қоса патогенді және шартты патогенді бактерияларға аранайы ерекше қасиеті бар вирус - бактерияларды – багтеиофагтарды қолданады. Олардың әсер етуі антибиотиктер мен химия терапевтикалық орталарға қарағанда өте жоғары. Багтериофагтар қалыпты микрофлораға әсер етпейді, олардың өзі іс жүзінде қалыпты микрофлораға жатады.
Көптеген фагтардың табиғи тіршілік ететін ортасы ағын су және қалдық су қоймалары және онда олар сыртқы ортаның өзін - өзі тазарту факторларының рөлін атқарады.
Ең алғаш рет бактериофагтың пайда болуын 1898 ж. Н.Ф. Гамалея байқаған. Алайда осындай литикалық агент тек 1917 ж. Д.׳Эрелл бөліп алған. Бұл бактериофаг ерекше Григорева –Шига дизентерия таяқшасына арналған. 1930-1940 жылдары бактериофагтар басқада емдік- профилактикалық препараттар ішінен ерекше орын алған. Ішек таяқшасына қарсы бактериофаг солардың ішіндегі үлкен тобын құрайды: дизентерия, ішек - сүзек, салмонелез тобы АВСДЕ, коли-протейн.
Оларды ауру асқынған кезде химиотерепавтикалық ретінде антибиотиктер көмектесе алмаған кезде кеңінен қолданылады.
Жоғарғы ерекшелігімен патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер емдеу және аурудың алдын алу жағдайында үлкен қызығушылық тудыратын бактериофагты дайындауға мүмкіндіктері бар.
Жоғарғы сапалы багтериофаг препаратын алуға аурухананың және лабораторияның қызметкерлерімен өндірістің бірлескен жұмысын өте жақсы ұйымдастырумен қол жеткізуге болады.
Фагтардың белсенділігін артыру үшін in vitro ортасына егеді, онымен қоса жануарларға да. Тиімді әдістің бірі болып in vivo ортасына егу болып табылады, оқшауланған ақ тышқанға қолданылады.
Өндірістік реактор сериясын алуға түсетін, бактериофагтың үлкен коллекциясынан комплексті аналық бактериофаг ұйымдастырылды. Сериялы препараттың көбеюі үшін субстрат ретінде штамдар жиынтығын пайдаланады. Бактериофагтың және профилактикалық тиімділігі белгілі аумақтағы аурудың этиологиялық құрылымына бактериофагтың құрлымы қандай деңгейде сәйкес келетіндігіне байланысты. Сондықтан бактериофагты қолданар кезінде ауру қоздырғыштың препаратқа сезімталдығын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар бактериялар штамдарын бактериофаг алынған институтқа жібереді. Штамға аутофагты нақтылы ауруға арнайы дайындалған және таңдау мүмкін, ол сериялы препаратта лизирленбейді.
Сұйық багтериофаг өндірісінің технологиялық үрдісі келесі сатылардан тұрады:

  • белгілі фагтің түрін өндіру үшін штамды жинау үздіксіз жұмыс жасайтын ағын судан бөліп алады;

  • аналық бактериофагты алу;

  • сериялы сұйық бактериофаг дайындау;

  • литикалық белсенділігін және залалсыздығын бақылау;

  • буып түю және этикетка жабыстыру;

Аналық багтериофаг алу үшін өзеннен және ағын судан алынған сынаманы бактерияға қажет ортаға егеді және 37°С температурада инкубациядан кейін залалсыздаушы фильтр арқылы фильтрлейді. Фильтраттың литикалық белсенділігін сұйық қоректік ортада титрлеп тексереді, штамның сол түрін жинаумен. Аналық фагты дайындау үшін белсенді қолданылады.
Сериялы бактериофагтар көлемі 250-500 л тот баспайтын болаттан жасалған реакторда бу немесе сумен қамтамасыз етілген жейдесі бар және аэрациялауға арналған құбыры бар реакторларда дайындалады.
Ішек таяқшасын алуға арналған қоректік орта ақуыз негізінде қышқыл түрінде немесе казеиннің ферментативті гидролизаттары, өсу факторы ретінде глюкоза қосылған ет экстракттары, қолданылады рН 7,2 - 7,6 болады. Реактордағы 37°С температурада қоректік ортаға есеп бойынша 1мл ортаға 50-150 млн нативті бактерияның жасушасын егеді. Қоректік ортаның көлеміне аналық фагтың 0,01 - 0,1% мөлшерін қосады. Қоспаның барлығын ауаның көмегімен араластырады. Лизис 4-10 сағат аралығында 37°С температурада жүреді, соңында мөлдірлігі көзбен шолу бойынша анықтайды. Үрдістің соңында консервант – хинозол (0,01%) қосады. Консервант қосқан соң 1,5-2 сағаттан кейін залалсыздайтын пластинка арқылы фаголизатты фильтрлейді және залалсызданған жағдайда флакондарға 25, 50, 100 мл құйылады.
Құрғақ бактериофаг алуда алдынғы үш саты тура сондай ұқсас болады. Демек, құрғақ бактериофагты өндіруге болады, ол үшін фагты концентрлейді, кептіреді, түйме дақтайды, қышқылдыққа берік қабықшамен қаптайды. Құрғақ препараттың арнайы залалсыздығын тексереді, тұрақты микроорганизмнің болуын, зиянсыздығын, литикалық белсенділігін, ылғалдың қалдығын, жасанды асқазан шырынында еруін тексереді.

1- егіс материалы; 2-фильтрленетін қоректік орта; 3- реактор; 4-1 л аналық фагпен қосылған қоспа бөтелкеде; 5-залалсыздаушы фильтр; 6-флаконға құйылған препарат ; 7- жақсылап жабуға арналған резинка тығын; 8- алюмин калпақшамен орап жабатын жапқыш; 9-бақылау кезінде өнімді сақтау; 10- конвейерде буып түю, этика жабыстыру; 11-араластыруға арналған реактор; 12- элюирлеуші ерітінді; 13-ДЭАЭ-целлюлозалы бағана; 14- концентрацияны жинауға арналған ыдыс (емкость); 15-салқындатуға арналған ванна; 16- сұйықтықтан босатуға арналған бак; 17- шикі массаны араластырғыш; 18- кассетада массаны бөліп түю; 19- алдын-ала мұздатуға арналған ыдыс; 20-вакуум –кептіргіш аппарат; 21- майдалағыш; 22-құрғақ массаны араластырғыш; 23- түйме дақтаушы машина; 24- түйме дақтың бетін жабуға арналған машина; 25- есептегіш- буып түйетін машина; 26- орап буып жинайтын машина.


30 cурет. Құрғақ және сұйық бактериофаг өндірісінің технологиялық
үрдісінің сызба нұсқасы

Түйме дақтаудан басқа формасы фармакопеялық формаға сәйкес анологично орындалады, бактериофаг мазда (май сияқты) немесе ректальды балауы шам тәрізді дәрі түрінде дайындалады.


Коли – бактериофаг- бактериофаг қоспасы кеңінен таралған ішек таяқшасына қарағанда белсенді. Колиэнтеритке емдік үшін қолданылады.
Дизентерия, ішек сүзек, сальмонеллез, коли – бактериофаг шығарылады, дизбактериозға қарсы өңдеу үшін үлкен көңіл бөлінуде. Демек антибиотикке төзімді Proteus туысы Proteus vulgaris, Proteus mirabili бактериясы қалыпты микрофлораның бұзылуына агрессивті көрінеді, стафилакокке, іріндегенге қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет