Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет31/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Лаб

Бақылау сұрақтары
1. Микробты майлардың классификациясы және оның қолданылуы.
2. Микроорганизмдерді культивирлеу шарттарының синтезделген
майлардың құрамына және санына әсері.
3. Биомассадан микробты майларды бөліп алуда экстракция
процесі қандай еріткіштердің көмегімен жүргізіледі.
4. Биомассаны алдын ала қышқылмен өңдеу нені береді?
5.Липидттерді алуда биошроттың қандай бағалылығы ?

10 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС




Биомассаны анықтау және бөліп алу әдісі


Жұмыстың мақсаты

Азықтық ақуызды және шикізаты қолданатын негізгі аймақтармен танысу және азықтық микробты ақуызды өндіруге керекті шикізаттармен танысу, ақуыз микробтық препаратгың бағалалығын көрсету, азықтық ашытқыларды түптік культивирлеу әдісін меңгеру, ашытқыштарды өсіру жылдамдығына әсер ететін қоректік орта құрамының әсерін зерттеу.




Теориялық негіздері

Ашытқы биомассасының жиналуы және көбею жолдары


Қазіргі энергетикалық процесті ашытқының дамуы мен ашуы жасушаның және оның құрылысына және синтез процесіне байланысты қарастыру керек. Интенсивті аэрация кезінде қоректік ортада ашытқы массасының жиналуы ашытқы жасушасында болатын синтез процесінің жылдамдығына, тыныс алуы мен ашуына байланысты. Аэрация жағдайында ашытқы өсіру кезінде, тыныс алу ашыту кезінде болатындықтан биомассаның жиналуы тездетілген жағдайда жүреді. Нан ашытқы өндірісі микробиологиялық процесс болып келеді, бұл ашытқылардың көбею процесі. Нан ашытқылары бірнеше өндіріс орындарына қолданылады, бірақ негізгі қолданылатын жері нан жабу өндірісі. Онда жұмыстың негізгі мақсаты- жақсы, сапалы өнім алу. Бұл ашытқының өсу және көбею заңдылығына байланысты.
Тізбектелген ауысу фазалары графикалық түрде көрсетілуі мүмкін. Жасушаның саны егіс материал еккен кезден бастап анықталса, әрбір уақыт белгіленіп, абсцисса өсіне жіберіледі, жасушаның белгілі санына сәйкестеліп ординат өсіне жіберіледі (6-сурет).

Х-биомассаның саны (1 мл-дегі жасуша саны); τ-уақыт,сағ.;
І-лаг фаза; ІІ-өсуін жылдамдататын фаза; ІІІ-экспоненциальды фаза;
ІҮ-өсуін баяулататын фаза; Ү-стационарлы фаза; ҮІ-жойылу (қырылу) фазасы;
9 сурет. Периодты культивирлеудегі микроорганизмнің өсу қисығы.

Бұл қисықты ашытқының өсу қисығы деп атайды және бірнеше фазаларға немесе периодтарға бөледі. Ашытқы жасушасы барлық жасушалар секілді төрт өсу фазасына тән: І- лагфаза, ІІ- логарифмдік өсу фазасы, ІІІ -стационарлық фаза, ІҮ-қырылу фазасы. Алайда ашытқыларға тек үш көбею фазасы тән. Ал соңғы фаза ашытқы өндірісінде болмағаны жөн.


1.Лагфаза дегеніміз – ашытқы жасушаларын қоректік ортаға салған соң сол ортаға қалыптасуы. Олардың түрлі жүйелері биомасса синтезіне байланысты болады. Жасушалардың мөлшері өседі де жасуша бүршіктенуге дайындалады. Бұл кезеңде ашытқылар көбеймейді. Бұл кезеңнің ұзақтығы, қоректік субстрат саны мен құрамына себілген материалдың белсенділігіне, ферменттік жасушалар жүйесіне және температура мен рН-қа, культуральды сұйықтықтың аэрациясына және т.б. байланысты болады. Бұл кезеңде жасушалар сыртқы ортаның әсеріне сезімтал болады
2. Логарифмдік өсу кезеңі жасушаның қарқынды түрде өсуін сипаттайды. Культуральды ортадағы оттегіде ерітілген мелассаның болмауы және жасушаларды қажет қоректік және өсуге қажетті заттар мен қамтамасыз ету, жасушаның қарқынды өсуіне көмектеседі. Олар 70-80 % дейін өсе бастайды. Ашытқы биомассасы бұл кезеңде өздігінен тағыда туыстас жсушаларды бөліп, көбейіп оларда бүршіктеніп жаңа генерация жасайды. Жаңа жасушалар бүршіктеген соң, аналық жасушалар жаңадан тағы да бүршіктей бастайды. Бұл кезеңде жасушалардың сыртқы ортаның әсеріне деген төзімділігі артады.
3. Стационарлық кезеңде жаңадан жасушаның пайда болуы тоқталады, себебі қоректік ортаға қоректік заттар түсуі тоқтатылады. Жасушаның тіршілік етуін сақтау үшін культуральды ортадағы қалған қоректік заттар пайдаланылады. Жасушалардың мөлшері мен массасыда өседі. Биомасса мөлшері 5-10 % өседі. Жасушаның қоршаған ортаға төзімділігі артады. Бұл кезең ашытқының өндіріске дайын екендігін көрсетеді.
4. Жасушалардың қырылу кезеңдері микроорганизмдердің көбейіп, жасушаның өсуін тоқтатуымен сипатталады. Жасушаның тіршілік етуін сақтап қалу үшін жеке қорларын пайдаланады. Ашытқы өсіретін қондырғыны пайдаланған кезде, негізінен лагфаза кезеңін барынша қысқартып, логарифмдік кезеңді ұзартып жасушаның өсу кезеңін ұлғайту керек. Осы негізгі екі кезеңнің дұрыс өтуінен өндіріске қажетті ашытқы шығарылады.
Стационарлық кезең, осы екі кезеңнің көрсеткіштік шамасына әсер етеді. Дегенмен, осы фазадағы процестің дұрыс болуы дайын өнімнің сапалы болуына (нанның сапасына ашытқының сапасы) тікелей байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет