Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет34/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Лаб

Бақылау сұрақтар
1.Балдырлардың қолданылуы
2.Липидтердің жіктелуі
3.Липидтердің алмасуы
4.Липидтердің синтезінің ретелуі және оның жиналуы
5.Липидтердің микроорганизмдермен биосинтезі

11 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС




Құрғақ биомассадан күлдің және ылғалдың құрамын анықтау


Жұмыстың мақсаты

Жұмыстың мақсаты құрғақ биомассадан күлдің және ылғалдың құрамын анықтау және меңгеру




Теориялық негіздері

Ақуыздың қоректік құндылығы. Азықтықта ақуыздың жетіспеушілігі ересек адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді, физикалық дамуын және ойлау қабілеттілігін төмендетеді, ал балаларда физикалық дамуын, кейде ойлау қабілетінің дамуын бәсеңдетеді. Жануарлар мен құстарды өсіруде ақуыздың жетіспеушілігі азықтың шығынына әкеледі, жануарлар денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады. Көптеген елдердің, соның ішінде бүкіл халықтардың қорегінде жоғары сапалы ақуыздардың жетіспеушілігі жоғарғы мәнге ие.


Культуралды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу
және концентрлеу. Ферментация процесі аяқталғаннан кейін культуралды сұйықтықтың құрамында микроорганизмдердің тіршілік етуіне қажетті заттар, қоректік ортаның қалдықтары, көбік сөндіргіш, еріген және ерімеген заттар болады. Биосинтез процесінің дайын өнімі болып, культуралды сұйықтықта еріген зат немесе микроорганизм жасушасының ішіндегі микроорганизмнің өзі, әлде оның метаболиттері саналады. Барлық жағдайда дайын өнімді бөліп алу үшін, культуралды сұйықтықтан микроорганизмдер массасының өлшенген фазасын бөліп алу қажет.
Культуралды сұйықтықтағы микроорганизмдердің құрамы төмен. 1л культуралды сұйықтықтың құрамында 5-10г ҚБ (құрғақ биомасса) болады. Фазаның мұндай мөлшерін бөліп алуда күрделі технологиялық процесс жүреді, әр түрлі әдістер қолданылады, барлық уақытта биомассаны концентрлеумен шешіледі (флотирлеу, сепарирлеу, буландыру). Өндірістік жағдайда үлкен көлемде қиын фильтрленуші суспензияны өңдеуде мол мөлшерде энергияның жұмсалуына әкеліп соқтырады.
Культуралды сұйықтықтан микроорганизм жасушасының биомассасын бөліп алу әдістерін механикалық (центрифугирлеу, фильтрлеу, тұндыру) және жылу техникалық (кептіру) бөлімдеріне бөлуге болады. Соңғы өнімге байланысты осы әдістің сәйкес келетінін таңдауға болады. Культуралды сұйықтықтағы микроорганизм концентрациясын, биопрепараттың тауарлы формасын ескеріп, концентрлеудің және биомассаны бөліп алудың сызба нұсқасы таңдап алынып, экономика жағынан бағасы беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет