Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет30/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Лаб

Алынған нәтижелерді өңдеу
1. Экстрагирленген майлардың саны (X, масса %) азықтық ашытқының массасы (М) мына формула бойынша анықталады:

мұндағы,
М1 - липиді бар колбаның массасы, г;
Мо - бос колбаның массасы, г;
W - зерттелетін ашытқының ылғалдығының мөлшері %.
2. Қышқылды өңдегендегі ашытқылардағы алынған майдың мөлшері (Х2) аналогиялық формуламен анықталады, бұл жерде М1 және Мо мәндері алынады.
3. Азықтық биомассадан экстракция әдісімен липидті бөліп алу дәрежесі Ү мына формуламен анықталады:

4. Липидтерді экстракциялау кезінде биомасса мөлшерінің шығыны (П, масса %) мына формуламен анықталады:

мұндағы,
А0 - экстракция үшін алынған азықтық биомассаның массасы, г;
А1 - экстракциядан кейінгі биошроттың массасы, г;


Тәжірибе нәтижелері. Кестеде микробтық липидтің кейбір продуценті және оның өнімділігінің салыстырмалы сипаттамасы келтірілген. Бірақта бұл продуценттің бәрін өндірісте қолданбайды. Майдың көбірек санын балдырлар береді, бірақ олардың өсу жылдамдығы бактериямен ашытқыға қарағанда төмен болады, одан басқа да олар улы қосылысты түзеді. Липид продуценті есебінде бактерияның ерекшелігі липид құрамына байланысты. Липид бактериясы күрделі липид болып саналады: фосфо- және гликолипид.Саңырауқұлақ алынған майлары өзінің құрамы бойынша өсімдік майына жақын микроскопиялық саңырауқұлақтың май қышқылының құрамы барлық қышқыл С10-нан С26 дейін және оданда жоғары болады. Олар әртүрлі тамақ және тамақ емес шикізатта өседі, сондықтан зерттеу үшін перспективті. Қазіргі кезде қолайлы продуцент болып ашытқы саналады, демек олар әртүрлі қоректік орта субстраттарда тез өседі, түптік культивирлеу әдісімен жоғарғы биомасса шығымын береді. Жасушаның құрғақ затына қарағанда, қомақты саны жиналуда, активті биосинтез процесі іске асырылады.
№ 1 Қоректік орта
Мелассалы барда -10-40 %
Жүгері экстракты-5-20 %
К 2НРО 4 - 1 г/л
К Н 2РО 4 –2 г/л
(NH 4) 24 - 5 г/л
№2 Қоректік орта
Спирт алғаннан кейінгі барда -10-40 %
Жүгері экстракты-5-40 %
(NH 4) 24 - 2,5 г/л
( NH 4) 2Н РО 4 –1,5 г
Қоректік орта 3
Метанол - 2 %
Минералды тұздар ассортименті - 10%
Көміртегі көзі липид түзу үрдісіне ғана емес, сондай-ақ оның құрамына да әсер етеді. Липид синтезіне қоректік ортадағы көміртегі мен азот қосылысы да айтарлықтай әсер етеді.
Азот концентрациясының бірден жоғарылап кетуі микроорганизмдердің липид түзу қасиетін төмендетеді, ал азот көзінің жетіспеуі жасушада липидтердің құрамының көбейіп кетуіне әкеліп соғады. Микроорганизмдердің өсуі және липид түзуші үрдістің жылдамдығы, сондай-ақ минералды азық көзіне де байланысты.
Микроорганизмдердің өсуі және липидтердің жиналуына минералды тұздардың ішіндегі ең көп әсер ететіні фосфат болып табылады, фосфордың артық болуы ақуыз синтезінің жоғарылауына әкеліп соғады, ал фосфордың жетіспеушілігі ортада липидтің түзілуін арттырады. Біздің ойымыз бойынша ең перспективті шикізат болып меласса саналады, демек, бұл тамақ шикізаты емес. Сондықтан мелассаны тұтынудың меншікті жылдамдығы мен ашытқының меншікті өсу жылдамдығының тәуелділігі зерттелді. Демек, әрмен қарай зерттеуде перспективті штамм болып 1-Е-18к саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет