Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Биологиялық препараттар, биопрепараттар



бет33/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Биологиялық препараттар, биопрепараттар — адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Медициналық биологиялық препараттардың сапасы және оларды бақылау тәртібі көбінесе медициналық биологиялық препараттардың өндіріс технологиясымен анықталады. Биологиялық препараттардың өндірісі өнімнің сипаты мен өндіріс технологиясыны бойынша анықталған өз ерекшеліктеріне ие. Биологиялық препараттарды өндіру мен бақылауда, сондай-ақ өндірісті басқаруда белгілі бір сақтық шаралары қажет.
Биопрепараттардың артықшылықтары:
1. Биологиялық инсектицидтер мен фунгицидтер құрамындағы заттар өсімдік организмінде жинақталмайды, өсімдіктің белгілі бір ауруларын эффективті тежейді және адам мен жануарға зиянын келтірмейді.
2. Препараттарды уақыт өте жаңаға ауыстырып отырудың қажеттілігі жоқ, өйткені аурулар мен жәндіктер оған үйренбейді.
3. Кейбір биопрепараттар инфекциямен күресіп қана қоймай, бақша-көкөніс дақылдарының иммунитетін көтереді (Фитоспорин-М, Гамаир, Фитоцид-Р және т.б.).
4. Проблемамен күресу үшін препараттың аз мөлшері де жетеді.
Биопрепараттардың кемшіліктері:
1. Саңырауқұлақ негізіндегі препараттарды қолдану алдында дұрыс дайындау қажет (қатаң инструкция бойынша).
2. Өсімдіктерді тек кешке қарай, күн салқындағанда өңдеу қажет.
3. Препараттар пайдалы жәндіктер үшін улы болуы мүмкін, әсіресе аралар үшін.
4. Препараттарды 4-6С температурада, қараңғы жерде сақтау қажет.
Биологиялық препараттарға: вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады. 
Биологиялық препараттарға қойылатын талаптар
* Биологиялық препараттар әртүрлі сыйымдылықтағы ампулалар мен бөтелкелерде шығарылуы мүмкін. Әрбір ампулада немесе құтыда мынадай белгілері бар заттаңба жапсырылуы тиіс:
* Препарат дайындалған мекеменің атауы мен орналасқан жері.
* Препараттың атауы.
* Бірліктегі белсенділігі көрсетілген препараттың мөлшері.
* Егер препарат поливалентті болса, онда оның құрамы.
* Серия нөмірі.
* Мемлекеттік бақылау нөмірі.
* Препараттың жарамдылық мерзімі және оны дайындау күні.
Құжаттама. Биопрепараттар өнімдерін өндіру үшін бастапқы материалдар бойынша қосымша ақпараттар болуы керек. Шығу тегі, шыққан жері, өндіріс әдісі және сапаны бақылау әдістері, атап айтқанда, микробиологиялық бақылау туралы қосымша ақпаратты қамтуға тиіс.
Ерекше сипаттамалар, әдетте, аралық және көп мөлшерде дайындалған биологиялық медициналық өнімдер үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет