Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология



бет40/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Тәжірибеде қолдану. Интерферон - организмнің вирустық инфекцияға қарсы жауап ретінде синтездейтін нәруызы. 1л бактерия өсіріндісі беретін интерферон мөлшерін алу үшін адамның 1000л қаны қажет.
Рекомбинантты ДНК-ға байланысты медицинаның тағы бір преспективалы бағыты - гендік терапия.
Гендік терапия - ағзаның сомалық жасушаларында және гаметаларында не зиготаның дамуының бастапқы сатыларында пайда болған генетикалық бұзылыстарды жөндеу болып табылады. Қазіргі кезде гендерді енгізу үшін тек сүйек кемігінің жасушаларын немесе фибробласттарды пайдалануға болады. Ооарды ағзадан бөоіп алып, өсіріп, оларға қажетті гендерді енгізіп пациенттерде көшіруге болады. Гендік терапияны кең қолдану үшін оның адам ағзасына қауіпсіз екендігіне көз жеткізіп барып жүргізу қажет. Себеьі адам онкогендері ретровирустарға өте ұқсас, ал оларды жасушаға енгізгенде адам онкогені модификацияланып рак онкогендеріне айналуы әбден мүмкін.



  1. Гендік модификацияланған организмдер ұғымына анықтама беріңіз. Оларды пайдалану мәселелері. (толық)

Гендік модификацияланған ағза (ГМА) (ағылш. genetically modified organism) – гендік инженерия әдістерінің көмегімен жасанды түрде генотипі өзгертілген тірі ағза.[1] Бұл анықтама өсімдік, жануар және микроағзаларға қолданыла алады. Генетикалық өзгерістер ғылыми және шаруашылық мақсатта жасалады. Генетикалық модификациялаудың негізгі түріне трансгенді ағзалар үшін трансгендердің қолданылуы. Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібінде ГМА ретінде геномына бір немесе бірнеше трансгендердің енгізілген организмдер жатады.
ГМА-ны жасаудың негізгі кезеңдері:
1. Оқшауланған генді алу
3. Организмге тасымалдау үшін генді векторға енгізу
4. Модификацияланушы ағзаға гені бар вектордың тасымалдануы.
5. Ағзаның жасушаларының өзгеруі
6. Модификацияланған ағзаларды іріктеу, яғни сәтсіз модификацияланғандарын жою
ГМО - бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады.Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді ,үсімейді.Бұл бізге не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге, бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді қосуға болады. Сонымен, ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін олар зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет