Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология



бет42/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Ферментің иммобилиздеуі – физикалық немесе химиялық күштер әсерінен биологиялық объектілерді тасымалдаушыларға бекіту үрдісі
Алғаш рет ферментті 1814 жылы орыс академигі К. С. Кирхгофф ашқан. Ол бидай тұқымынан крахмалды ыдырататын амилаза ферментін тапты. Қазіргі кезде 1 000нан астам ферменттердің әсері зерттелген. Оның ішінде 100-ге жуығы кристалл түрінде алынған. Олардың бәрі де белоктар болып табылады.
Ферменттер химиялық құрылысы бойынша:
1. Жай (бір компонентті) ферменттер;
2. Күрделі (екі компонетті) ферменттер.
Бір компонентті ферменттерде активтік орталықтың рөлін амин қышқылдарының бүйірлік радикалдары атқарады. Екі компонентті ферменттердегі топ металл немесе кіші молекулалы органикалық зат болып табылады. • коферменттер; • косубстраттар.
Иммобилизденген ферменттердің артықшылықтары:
1. Иммобилизденген ферменттер реакциялық ортадан оңай ажыратылады, сондықтан өндірісте келесі процестерді жүргізуге болады:
а) процесс керек кезде тоқтата алынады;
б) катализаторды қайта пайдалана алуға болады; в) ферментпен ластанбаған өнім алынады.
2. Көп жағдайда иммобилизденген ферменттер денатурацияланатын факторларға жоғары төзімділікпен сипатталады.
Мысалы, полиакрил-амидті гельге (ПААГ) иммобилизденген лактатдегидрогеназа термоинактивациясы нативті ферментпен салыстырғанда 3600 есе баяу жүреді.
3. Иммобилизация процестің үздіксіздігіне мүмкіндік береді.
Қолданылуы. Иммобилизденген ферменттерді басты тәсілмен 3 бағытта пайдалануға болады: әртүрлі заттарды талдау үшін, емдік заттар ретінде және биотехнологиялық өндірістерде пайдаланатын биокатализаторлар ретінде.
Табиғи ортада, клетка ішінде, ферменттер мембрана құрылымдарының бетінде орналасып, белгілі дәрежеде иммобилизацияланған, нақты клетка ішілік компартментте оранласқан. Биотехнологиялық өндірісте иммобилизацияланған ферменттердің қолданылуы экономикалық жағынан тиімді, технологиялық үрдіс жеңілдетеді, себебі, дақылдық сұйықтықтан ақырғы өнімді бөліп алу жеңіл өтеді. Иммобилизацияның мәні биологиялық активті түрде ферментті ерімейтін ұстағышқа қосу (полисахаридтер-целлюлоза, хитин, декстран, агароза; Ақуыздар – коллеган, кератин; Синтетикалық қосылыстар – стирол және дивинилбензол сополимері; Бейорганикалық заттар – силикагель, балшық, табиғи минералдар).
Иммобилизация әдісі ұстағыштар бойынша да әртүрлі: гельдер, жартылай өткізгіш мембраналар, суда ерімейтін иониттер, микоркапсулалар, қуыс талшықтар, фермент молекулалары және т.б. болады. Иммобилизацияның артықшылығы ферменттің тұрақты түрін және биологиялық активтігін ұзақ уақыт сақтауында. Фиксиация кезінде ферменттің активтігі төмендеуі мүмкін, бірақ бұл оның бос ференттерге қарағанда, қайталанып, бірнеше рет қолданумен компенсацияланады. Диффузиялық шектеулер бар, яғни субстрат ұстағышқа бекінген ферментке дейін жетуі керек.
Иммобилизацияланған ферменттер, тасымалдаушымен байланысуына, гельге немесе микрокапсулаларға қосылуына байланысты қозғалғыштығы шектеулі фермент препараттары. Тасымалдаушымен байланыстыру ковалентті өзара әрекеттесу немесе адсорбция арқылы жүреді. Ферменттердің иммобилизациясы бірқатар артықшылықтарды тудырады: оларды инкубациялық ортадан оңай бөліп, бірнеше рет қолдануға болады; ферменттердің тұрақтануы жиі кездеседі-олардың жылу тұрақтылығы, агрессивті орта мен протеолитикалық ферменттерге төзімділігі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет