86. Маркетингтік ақпараттар жүйесінің түсінігі. Олардың жіктелуі.
Маркетингтік ақпарат жүйесі – маркетинг саласында шешімдер қабылдау үрдісінде қолданылатын ақпаратты жүйелі, жоспарлы түрде жинақтаудың, талдаудың және таратудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Ол ішкі ақпарат, маркетингтік зерттеулер, ағымдағы сыртқы ақпаратты өңдеу және талдау секілді салыстырмалы ерекшеленген төрт жүйеден тұрады. Маркетингтік ақпарат жүйесі дұрыс қалыптаспаған болса, онда маркетингтің дұрыс жүзеге асырылуы да екі талай. Сондықтан шетелдік БАҚ, әсіресе АҚШ, Еуропа БАҚ-ы маркетингтік ақпарат жүйесіне аса мән береді.
Жақсы жоспарланған маркетингілік ақпарат жүйесінің құрамы, әдетте, оның төрт құрамдас жүйесінен (бөлігінен) тұрады.
Біріншісі — ішкі есеп-қисап жүйесі, ол ағымдағы өткізудің, шығын сомасының, материалдық босалқы қорлар көлемінің көрсеткіштерін, қолма-қол ақша қозғалысын, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы деректерді көрсетеді.
Екіншісі — сыртқы ақпаратты жинау жүйесі, мұнда көздер мен әдістемелік тәсілдер жиналады, олардың көмегімен басшылар коммерциялық ортада болып жатқан оқиғалар туралы күнделікті ақпарат алып отырады.
Үшіншісі — маркетингтік зерттеулер жүйесі, мұнда кәсіпорынның алдында тұрған маркетингтік жағдаймен байланысты қажетті деректер шеңберін жүйелі түрде анықтау, өткізімді талдау, бәсекелестердің тауарларын зерттеу, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжау, жаңа тауарға сатып алушылардың қалай қарайтынын, баға саясатын, т.б. зерделеу қамтылады.
Төртіншісі — маркетингтік ақпаратқа талдау жасау жүйесі, мұнда деректерді өңдеудің осы заманғы әдістемелері, рынокқа қатысушылардың маркетингтік шешімдер қабылдауын жеңілдететін үлгілер пайдаланылады.
87. Маркетингтік зерттеулер түсінігі, олардың рөлі мен қажеттілігі.
Маркетингтік зерттеулер – бұл фирманың алдында тұрған жағдайға байланысты мәліметтер шеңберін жүйелі түрде анықтау, оларды жинақтау, талдау және нәтижелер туралы есеп беру. Олар тауарлардың өндірушілерден тұтынушыларға жетуіне және сатылуына қатысты мәселелер бойынша барлық факторларды талдау және тіркеуді, объективті жинақтауды мәлімдейді.
Маркетингтің негізгі мақсаты болып кешенді маркетингтік зерттеулер табылады, олар өзіне нарықты және тұтынушыларды ынталандырудың сыртқы маркетингтік ортасын зерттеуді және фирманың өндірістік-өткізушілік мүмкіншіліктерін сонымен қатар маркетингтік барлау мен бенчмаркингті қосатын ішкі маркетингті зерттеуден тұрады.
Маркетингтік зерттеулердің негізгі мақсаты – нарықтық процестер мен құбылыстардың дұрыс сипаттамасын беруге ұмтылу, фирманың нарықтағы позициясын көрсету. Фирманың көлемі мен тұрпатына қарай, тауардың ерекшелігіне қарай маркетингтік зерттеулердің нақты есептері ұсынылады:
нарық коньюнктурасын, фирманың өз мүмкіндіктерін, бәсекелестерін талдау және бағалау;
сұранысты, оның икемділігін болжау;
коммерциялық қауіп-қатерді анықтау және бағалау;
тұтынушылардың пікірлерін, түрлі нарықтық жағдайларда олардың мінез-құлықтарын анықтау, модельдеу және т.б.
Маркетингтік зерттеудің объектісі болып фирманың маркетингтк ортасы табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |