Бизнес ответ


Жарнаманы тарату құралдары



бет60/73
Дата13.12.2022
өлшемі5.38 Mb.
#467157
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
Бизнес ответ

117. Жарнаманы тарату құралдары.
Қазіргі жарнамада оны таратудың кең ауқымы бар. Жарнама құралдары деп жарнамаланатын тауардың (қызметтің) мүмкіндігінше көп тұтынушыларына жеткізу мақсатында жарнамалық ақпаратты білдіру нысаны түсініледі.Халықаралық сауда палатасының жіктемесіне сәйкес оның негізгі құралдары:
- тікелей пошта;
- баспасөздегі жарнама;
- баспа жарнамасы (плакаттар, парақшалар, каталогтар, буклеттер);
- радио жарнамалар;
- теледидар жарнамасы;
- кино жарнамасы;
- сыртқы жарнама;
- дисплейлердегі жарнама;
- көліктегі жарнама;
- көрмелер;
- жарнамалық кәдесыйлар мен сыйлықтар.
118. ҚР-да жарнама қызметінің дамуы.
Жалпы Қазақстанның жарнама нарығының даму тенденциясын төмендегідей сипаттауға болады:
- Қазақстандағы жарнама нарығының болашағы жарқын. Жергілікті нарық жарнама қызметімен қанықпаған және нағыз креативті еңбектерді тұтынуға дайын.
- Қазақстандағы тұтынушы үшін брендтің маңыздылығы;
- Жарнама қызметі ірі және орта қалаларда, облыстық және аудандық орталықтарда белсенді дамуда;
«ЖинақБанкі» АҚ Қазақстан нарығында белсенді даму жолына түсе отырып, қаржылық қызмет көрсету нарығында брэндін жайғастырудың өзіндік бағыттарын қалыптастыруға күш салды. Оның ерекше белгілері болып:
- отандық тұтынушылар үшін жаңа өнімдер мен қызметтерге бағдарлануы;
- енгізілген өнімдерін белсенді жарнама-ақпараттық қамтуы;
- банктің «фирмалық» өнімдерінің негізгі топтарының бейнесін жылжытудың негізгі арналарына бейімделуін қалыптастыратын саясатты жүзеге асыру саналады.
Сыртқы жарнама тұрақты жарнама «аясы» ретінде қолданылады. Ал радио мен прессадағы жарнама, теледидардағы жарнаманың белсенділігі төмендегенде белсенді түрде қолданылады.
Жарнама үшін «Жинақ банкі» АҚ ЕБ негізгі телеарналарды таңдайды. Солардың ішінде «КТК», «31 Канал», «Еларна», «Қазақстан» телеарналары артықшылыққа ие. Теледидардағы жарнамада көбіне «Сенімділік пен жауапкершілік » ұраны көп пайдаланылады.
Сыртқы жарнама көбіне еліміздің ірі қалалары Алматы мен Астана қалаларында бақыланып отыр. Сондай – ақ, өзіміздің қаламыздан да көруге болады. Сәйкесінше жарнаманың дәстүрлі фарматы – стандартты бильбордтар кеңінен қолданылуда.[9]
Прессадағы Жинақ банкі жарнамасы үшін пайдаланылатын басылымдар жинағы, алуан түрлі. Бұл көбіне еліміздегі ірі басылымдар, газеттер мен журналдар болып табылады. Соның ішінде «Информбиржа», «Уральская неделя» газеттеріне ай сайын бірнеше рет Жинақ банкінің жарнамалары шығып тұрады.
Осыған ұқсас жағдай радиодағы Жинақ банкі жарнамасы – көп шығын «Европа Плюс» және «Русская радио» радиоларына жұмсалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет