«Дулатов 1921 жылы Ташкентке шақырылып «Ақ жол» газетінің басшылығына тағайындалды. Осы жылы «Ақ жол» газетінің бас мақалалары мен негізгі мақалаларының бәрін дерлік Дулатов жазды. «Алаш орданың» идеялары ашық жүргізілді»2 деген мәліметтерді алға тартады. Хат авторының газет басшылары арасынан ұлтшыл қайраткер ретінде М. Дулатовтың тұлғасына баса мән беруі бұнымен шектелмейді.
«Осы Дулатовтың буржуазиялық ұлтшылдықтан өзге ештеңе табуға болмайтын мақалалары кейінгі 1922-1923-1924 жылдары «Ақ жолда» жарияланды». «Ақ жолды» құрушы ретінде Дулатовтың портреті «Ақ жолдың» 1922-1923 жылдардағы мерекелік сандарында 2 рет Қожановпен қатар жарияланды»3 деген деректер Алаш қайраткері М. Дулатовтың кеңес өкіметіне қарсы ұлтшылдық әрекетін қоюлата түскендей.
«Ақ жолдың» қызметіне тағылған айыптардың бірі онда жер-су реформасының жүргізілу барысын насихаттаған материалдардың жарық көруі. Осыған байланысты газет «барлық орыс отаршыларын қуу керек» деп жазады. «Оның үстіне қырғыз кедейлерімен тіл табыса алатын аз да болса кедей топтарының болуына қарамастан шаруалардың бәрін «жау» деп қарастырады» дей келіп «Алматыдан жер-су реформасының барысы туралы Жандосов Дулатовқа жеделхат жолдаған. Осы жеделхатты жариялаған алашордашыл Дулатов қырғыз коммунистеріне нұсқау сипатында орыстарды талқандай отырып, «мүмкіндігінше орыс поселкелерін аямау керектігі жөнінде көлемді мақала жазады»4 дегенде Т.Рысқұлов М.Дулатовты сынай отырып, өзінің интернационалдық көзқарасын алға тартады.
Шын мәнінде, М.Дулатовтың «Ақ жол» газеті арқылы Түркістанда ұлттық идеяның орнығуы, кеңес өкіметінің мемлекеттік билік құрылымдары туралы қоғамдық пікір қалыптастыруда атқарған қызметі «Қазақ» газетіндегі қызметінің жаңа жағдайдағы жалғасы болды. Бұл пікірді алғашқылардың бірі болып айтқан Т.Рысқұлов еді. Ол «Ақ жол» - Дулатов еңбегінің нәтижесі, «алашордашыл» «Қазақты» жалғастырған оның перзенті. «Қарғыс атқан Орынбордан» қуылған алашордашылар Түркістанда өз қызметтеріне кең өріс тапты»1 деген баға береді. М.Дулатовтың «Ақ жол» газетінде жарияланған «Қазақ зиялылары» мақаласында партиялық тазалаудағы ұлт қайраткерлерін қуғындаудың негізгі дәлелдерінің біріне айналған ұлтшылдық ұғымына түсіндірме жасап, оны саяси айыптаудан арашалайды. «Біздің қазақ-қырғыздың оқығандары санаулы. Партияда бары да, жоғы да бәрімізге белгілі. Бізден коммунистер шыға бастағанына әлі екі-үш жылдан асқан жоқ. ... біздің қазақта да өтірік коммунистер, партияны ластап жүргендер арасында шын жұртшыл, еңбекшіл тапқа шын жаны ашитын, кеңес үкіметіне ынта, көңілмен қызмет етіп жүргендер де жоқ емес... Шын айтқанда, күні кеше бәріміз де ұлтшыл емес пе едік? Қазақ оқығандардың ең әуелгі тобы ұлтшылдар емес пе еді?» – дей келіп, қазақтың арасында шын ұлтшылдардың аздығына тоқталады. Ол «Ұлтшыл еместердің көбі өзімшіл, дәрежеқұмар, парашыл, шағымшыл еді» – деген пікірі арқылы ұлтшылдық ұғымын қоғамдағы дегдарлықтың басты белгісі мағынасында қолданады. Соған байланысты «Біздің қазір ортақшыл болып отырғандар кімдер? Мұнан кейін де болса бола алатындар кімдер? Бұл сұрауларға берілетін жауап әркімге-ақ анық-ау деймін: бізден қазір шын коммунист болдым деп отырғандар (өтірік коммунистерді айтпаймын) – кешегі ұлтшылдар. Мұнан кейін де шын коммунист болуға жарайтындар – тағы да сол бұрынғы ұлтшылдар. Үшіншісі – қазіргі жаңа талап жас буын»2 деген тұжырым жасайды.
Тұрар Рысқұлов Міржақыптың осы пікірлеріне мынадай түсіндірме береді: «Дулатов партияға бұрынғы идеялық қырғыз ұлтшылдарымен (яғни өзі сияқтылармен) ынтымақтасуды, ал бұрын идеялық тұрғыда ұлтшыл болмаған қырғыз коммунистерін авантюристер ретінде партия қатарынан тазартуды ұсынады».3 Бұл деректер ұлт қайраткерлерінің өз арасында ұлтшылдық ұғымын бағалауға қатысты осындай көзқарас алшақтығы орын алғандығын аңғартады. Өкініштісі сол, бұндай көзқарас алшақтығы кейін ұлттық элита арасындағы саяси-идеялық алауыздыққа ұласа береді.
Саяси биліктің бұл ұсыныстардан соң «Ақ жолды» жіті қадағалауға алғандығы байқалады. Бұл әрекетке РК(б)П ОК Баспасөз бөлімі меңгерушісі И.Варейкистің 7-сәуір 1925 ж. Қырғыз Өлкелік партия комитеті Баспасөз бөліміне жолдаған хаты куә болады. Онда «РК(б)П ОК Баспасөз бөлімі өзінің қаулыларында және арнайы пікірлерінде «Ақ жол» газетінің – Түркістан облысындағы РК(б)П Өлкекомының Ұйымдастыру Бюросы жетекшілерінің саяси ұстамсыздықтарын және соңғыларға партияға қарсы ұлттық интеллигенцияның ықпал етіп отырғандығын әлденеше рет атап көрсеткен болатын»1 – деп жазылған еді.
Осы хатта «Ақ жол» газетіне партиялық басшылықты күшейту, редакторларын ауыстыру, редакция құрамын жаңарту ұсынылған болатын. И. Варейкис хаты партиялық биліктің баспасөзге қатаң басшылық орнату мақсатында ұлттық басылымдардың арасынан «Ақ жол» газетіне ерекше шүйлігуінің сыры неде екендігіне тағы да көз жеткізе түседі. Оның ең басты себебі, «Ақ жол» газеті және оның төңірегіне топтасқан қазақ ұлтшылдары туралы Т.Рысқұловтың партиялық биліктің ең жоғарғы инстанциясына хабар беріп, дабыл қағуы болған сияқты.
Оған Т.Рысқұловтың хаттарында мынадай дәйектердің алға тартылуы мысал болады. Аталған хатта А.Байтұрсыновтың «Ақ жолға» қатыстылығына баса назар аударылған. «1923 жылы А.Байтұрсыновтың мерейтойы атап өтіліп, оған «Ақ жолдың» тұтас саны арналды. Оның өмірбаяны жазылып, еңбектері жарнамаланды. 1924 жылы 3-сәуірдегі 421-санында орынборлық коммунистермен пікірталасында Қожанов алашордалық жазушыларды қорғады». 2
Сонымен бірге баспасөз органының ұлтшылдық идеялық бағытын әшкерелеу Т. Рысқұловтың басты мақсаттарының бірі болған сияқты. «Ақ жолдың» және басқа біз атаған қырғыз журналдарының негізгі бағыты аталған қайраткерлердің (Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Болғанбаев, Х.Досмұхамедов – Х.Т.) мақалаларында тұжырымдалған... Оларды ақжолдықтар қаржыландырады».3 Демек, «Ақ жол» тек идеялық жағынан емес сонымен бірге ұлтшылдарды материалдық тұрғыда қолдайтын ұйым деген тұжырым жасалады.
Сол сияқты Дулатовтың ұлтшылдық қызметі «қырғыз коммунистеріне нұсқау сипатындағы саяси мақалаларды көп жазады. Қожанов – оның берілген шәкірті және оның мақалаларын көрнекті жерге орналастырады»4 деген мәлімет арқылы Түркістандағы кеңестік биліктің басшысымен байланыстырылады. Одан әрі баспасөз органының алашордашыл идеяда екендігіне көз жеткізу үшін «1921-1922 жж. «Ақ жол» газетінің шын мәнінде өздерінің (яғни алашордашылардың) газеті болғандығын» Ж. Досмұхамедов маған өзі айтып берген еді деген дәлелді алға тартады. «Ақ жол» редакциясы, «Казинпрос», көптеген билік аппараттары осы сияқты шын мәнінде партияда жоқ контрреволюциялық элементтермен толып кеткен»5 деген таптық төзімсіздіктің жүгін арқалаған дәлелдер партиялық биліктің ең бір шамшыл тұсына дөп келіп тұр.
И.Сталинге жолданған «Негізгі баяндама» деп аталатын құжатта Түркістандағы қоғамдық құрылысты кеңеске қарсы элементтерден тазартуға байланысты «Ақ жол» газеті жөнінде мынадай ұсыныс жасалған: «Ақ жол» және басқа қырғыз басылымдарына нақты маркстік бағыт беріп, олардың қызметкерлерін толық ауыстырып, аттарын өзгерту керек». Сол сияқты заттай айғақ ретінде «Қожановтан «Бірлік туының» барлық санын, «Ақ жолдың» 1921 жылғы сандарын талап ету» ұсынылады.1 Бұл ұсынысты И.Сталин мына мазмұнда қатаң талапқа ұластырады: «Осыған байланысты «Ақ жол» журналын түбірінен жедел түрде қайта ұйымдастыруды, одан партияда жоқ интеллигенттерді қуып және оны коммунистік насихаттың органы етуге байланысты шаралар қолдануды сіздерден сұрауды мен өзімнің міндетім деп санаймын».2
Бұл деректерден ұлттық мүддені ұлықтаған «ақжолдықтар» мен И.Сталинге жүгінген большевик-биұлтшылдар түрінде ұлттық элитаның арасына түскен терең саяси, рухани жікті көреміз. Сталинге жазылған жолдама хаттағы «Біз өз тарапымыздан осы мәселе бойынша Қожановтың және оның адамдарының, Түркістандағы және одан тыс жерлердегі алашордашылардың үйлеріне ГПУ желісі бойынша тінту жүргізуді талап етеміз. Онсыз да дәйектер жеткілікті болғанымен бұл шара Алашорда ұйымының осы бағыттағы қызметіне көз жеткізетін болады»3 деген дерек осы пікірді қуаттай түседі.
Бұл ұсыныстардың қаншалықты дәрежеде іске асқандығы белгісіз. Бізге белгілісі, ОГПУ Шығыс бөлімінің бастығы Я.Х.Петерстің И.Сталинге жазған хатында «Бұл хаттар белгілі алашордашыл Досмұхамедовтың пәтерінен табылды»4 деген мәліметі. Бұл жерде әңгіме Батыс Алашорда үкіметі басшыларының бірі Жанша Досмұхамедовтың пәтері жөнінде болып отыр. Тарихшы А.Исмаилов «Т.Рысқұлов пен Ж.Досмұхамедовтың тағдыры Ташкентте түйісті. Олар бажалар еді, яғни олардың әйелдері туған апалы-сіңілілер болатын. Олар Пушкареваның қыздары еді» деп жазады. Ж.Досмұхамедов Петербург университетін бітірген соң Том губерниясына прокурордың көмекшілігіне жіберіліп, қалада Ольга Федоровна Пушкареваның отбасымен араласады. Оның үлкен қызы Ольга Жаншаның әйелі, ал үшінші, кіші қызы Надежда Константиновна Пушкарева Т.Рысқұловтың екінші әйелі болған.5 Мәскеуге кетерінде өзінің кітапханасы мен жеке архивын Ж.Досмұхамедовтың пәтерінде қалдыруының себебі осы болса керек.
Рысқұлов Мәскеуге барған соң Ташкенттегі Қ.Сармолдаевқа хат жазады. «Келген бойда Петерске (ГПУ) кірдім және «Бірлік туы», басқалар туралы да айттым. Оның өзінің аудармашысы бар. «Ақ жолдың» баспа материалдарын және т.б. аударуға тапсырма берді»6 деп хабарлай отырып осы хатында «Орталық Бақылау Комитеті үшін аудармасымен немесе ең дұрысы Дулатовтың мақалалары бар «Ақ жолдың» сандарын, сол сияқты 1921-1922 жылдардағы «Ақ жолдың» сандарын жіберіңдер»1 деп жазады. Қ.Сармолдаевқа жазған келесі хатында «Маған міндетті түрде «Ақ жолдың» 1922 жылғы сандарын және «Бірлік туының» сандарын тауып бер»2 деп жазады. Т. Рысқұлов бұл газеттерді жазылашақ ғылыми-публицистикалық еңбектеріне деректік материал ретінде ғана емес, сонымен бірге ұлтшылдықты дәлелдейтін заттай айғақ ретінде сұратқандығын жасырмайды.
Аталған құпия хаттарда «Ақ жол» газетіне қатысты тұжырымдардың мынадай қисындар тізбегі негізінде жасалғанын аңғарамыз: «Бірлік туы» Алашорданың баспасөз органы болған «Қазақ» газеті сияқты Түркістан автономиясының органы болды, ұлтшылдық бағыттағы «Шурои-Исламияны» қолдады. М.Шоқай, Қ.Болғанбаев, С.Қожанов редакторы болған газеттің төңірегіне топтасқан ұлтшылдар кеңестік билік басына келіп, енді «Ақ жол» газетін шығарып отыр. Олар өздерінің ұлтшылдық бағытын одан әрі жалғастырып, шет елде кеңес өкіметіне қарсы идеологиялық майдан ашқан алашордашыл М.Шоқаймен байланысын одан әрі жалғастыруда.
Т.Рысқұлов Германияда болған Ғ.Бірімжановпен кездесудегі әңгімені негізге алып, «Бәлкім, Қожанов және тағы басқалар Шоқаевпен осы Бірімжанов арқылы байланыспады ма екен. Солай деп ойлаймын. Шоқаевтың өз мақалаларында Кеңес өкіметін өсекке таңғанда әр кез «Ақ жолды» және одан алған үзінділерді куәлікке тартуы тегін емес. (Қараңыз: Оның «Дни» газетіндегі мақалалары)»3 деп жазады.
«Егер баяндамадағы айтылғандарды менің «Накануне» мақалама жауап ретінде атышулы М.Шоқаевтың эсерлердің «Дни» журналында жарияланған көлемді мақаласымен салыстырсақ, Шоқаев мәліметтер мен анықтамаларды жүйелі түрде Түркістаннан алдыратындығын көрсетеді, демек шетелмен байланысы бар үлкен ұйымның жұмыс істейтіндігі анық бола түседі»4 деген саяси желіге баса мән берген Т.Рысқұлов РК(б)П Орталық Комитеттің хатшылығына, сондағы жауапты қызметкер Товстухаға жазған жазбасында Сталин жолданған хаттардың бәрін толық оқи алмағанымен мына мәселелермен жеке өзінің танысуын ұсынады: «Шет елде Шоқаевтың Түркістан туралы мақалалары жариялаған «Дни» газетінің 1-4 ақпанындағы, сонымен бірге соңғы сандарын оқып шыққаны дұрыс болар еді».5 Осы сөздерді Сталиннің әйгілі хатындағы мына сөздермен салыстырып көрейік: «Мен осыған байланысты белгісіз емес Шоқаевтың ақгвардияшыл баспасөздегі кейбір мақалаларын еске түсірдім және өзімді шошытқан осы мақалалар мен «Ақ жол» журналының рухани «бірлігі» деуге болатын кейбір жаңалықты аштым. Ақылға сыймаса да бұл факт. «Ақ жол» әрине, өзі де аңғармастан Шоқаевқа көлемді материал берді».1
Т.Рысқұлов 1924 ж. 30 сәуірінде И.Сталинге жазған хатының соңында былай дейді: «Қорытынды ретінде айтарым, қазір өсіп келе жатқан және біз бағдарға алатын бұратаналардың коммунистік жастары деп аталатындар әзірге тым жас, тәжірибесіз және аңғал. Осы жастардың, мысалы қырғыздар (қазақтар деп оқыңыз – Х.Т.) арасында алашордашылар үлкен беделге ие көрінеді, жастар олардың идеологиясына ашық қарсы шығу тұрмақ, оларға тура қарай да алмайды. Демек, коммунистік жастарға партияның өзі көмекке келуі керек сияқты».2 Бұл ұсыныстар да Сталиннің назарына ілігіп, хаттың мазмұнынан мынадай көрініс табады: «Мен партияда жоқ интеллигенттердің қырғыз жастарына саяси және идеологиялық тәрбие берумен айналысуларына қарсымын. Біз өкіметті жастар тәрбиесін партияда жоқ буржузиялық интеллигенттерге тапсыру үшін алғанымыз жоқ. Бұл майдан түгелімен коммунистерге қалдырылуы керек».3 Сталин мен Рысқұловтың қолдарынан шыққан осы құжаттарға жасалған мәтіндік салыстырулар аталған құжаттардағы дәлел, дәйектердің қисындық бірегейлігін, біріншісінің екіншісіне негіз болған мәтіндік сабақтастығына көз жеткізеді.
Белгілі шоқайтанушы Дархан Қыдыралиев «Ақ жол» газетінің жабылуы жөнінде мынадай дейді: «Алаш рухын асқақтатып ұстаған газеттің бағыты әрине әлдекімге ұнай қойған жоқ. Ұлттық ұранды ту етіп ұстанған алаштықтардың ісін режимге қарсы қауіпті деп санаған «Белгісіз белсенділер» көсемге жеткізген болу керек, көп кешікпей Мәскеуден ызбар шашқан хат келіп түсті. Бұл хат ұлттар көсемі Сталиннің өзінен келген еді» дей отырып, «Осы ретте атап өтерлік жайт, «Ақ жол» журнал емес газет. Осының өзі-ақ аталмыш газетті Сталиннің көрмегенін, сондықтан бұл материалды оған Қазақстаннан, яки орталықта Қазақстанмен айналыстын әлдекімдердің дайындап бергенін көрсетеді. Сталинге «справка» дайындаған «пысықайдың» тіпті, қазақ болуы ғажап емес!».4 Қолында деректік құжаттар болмағандықтан зерттеуші «пысықайдың» атын атай алмағанымен ғылыми интуицияға сүйеніп дұрыс қисындық тұжырым жасаған. Ал біз нақты тарихи дерек пен дәйекке сүйеніп жасалған ғылыми тұжырым ұсынамыз.
Әдетте, «Ақ жол» газетінің жабылу тарихын И.Сталиннің хатынан бастаймыз. Шындығында, ол хат «Ақ жолға», оның төңірегіне топтасқан ұлтжанды қайраткерлерді қуғындауға ұласқан тұтас саяси үдерістің ортасы ғана. Кез келген саяси үдерісті іске асыру түпкі ойдан, ниеттен, идеядан басталады десек, «Ақ жол» газетінің жабылуы да осындай біртұтас саяси үдерісті құрайды. Ал газетті жабу үдерісін іске асырудың саяси, идеялық тұрғырнамасы Т.Рысқұловтың тікелей араласуымен жасалғандығына оның Сталинге жазған хаттары айғақ болады. Рысқұловтың ұсыныстары Сталиннің әйгілі хатынан көрініс тауып, Алаш қозғалысы өкілдерін қуғындаудың идеялық тұғырнамасына ұласты. Демек, «Ақ жол» газетін жаптырған Т.Рысқұлов, жабуға үкім шығарған И.Сталин, ал оны іске асырған еліміздегі таптық мүдденің жетегіне ерген партиялық номенклатура деген тұжырым жасаймыз. Бұл тұжырым дәстүрлі тарихи танымға біршама тосын естілуі мүмкін. Әйтсе де, қолдағы тарихи деректер осындай тұжырымнан басқаға жол қалдырмайды.
«Ақ жол» газетінің беттерінде билік құрылымдарының ресми материалдарымен бірге еліміздің саяси, мәдени тарихының дерегі болатын аса құнды мағлұматтар жинақталды. Елімізде жаңа қоғам орнатудың тұтас кезеңінде ұлт тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттік идеясын большевиктік идеологияға қарсы қойған алаштық элитаның елге айтар сөзі, елдің ахуалын көретін көзі, елдің сөзін тыңдар құлағына айналған «Ақ жолдың» мол мұрасын халыққа қайтаратын кез жетті.
М.Дулатовтың бес томдық шығармалар жинағына, белгілі алаштанушы Д.Қамзабек құрастырған С.Садуақасов, Қ.Кемеңгеровтың шығармалар жинақтарында олардың «Ақ жол» газетінде жарияланған бірді екілі мақалалары енгізілген. Бұл өте құптарлық іс. Егер мақсатты түрде қолға алынса, жоғарыда есімдері аталған Алаш қайраткелерінің бүгінгі күннің зәру мәселелеріне үн қосатын қаншама інжу-маржандай ойлары ортамызға оралар еді. Ол еңбектердің қатарға қосылуы ұлттық мәдени байлығымызды, рухани игіліктерімізді молайтар еді. Өкініштісі сол, әзірге бұл бағытта мардымды жұмыс атқарылып жүрген жоқ. И.Сталиннің әйгілі хаты әлі күнге дейін ызғарын шашып жатқандай, өйткені «Ақ жолдың» тарихын зерттеу, оның жаратқан рухани мұрасын көптің игілігіне ұсыну бағытында осы кезге дейін жүйелі жұмыстар қолға алынбай келеді.
«Ақ жол» газеті Түркістан коммунистік партиясы Орталық
Комитеті мен Түркаткомның органы болғанымен Түркістаннан тыс қазақ облыстарына да таралғаны белгілі. Ұлттық-территориялық межелеуден соң 1925 ж. газет редакциясы Шымкент қаласына көшіп келді. «Ф.Голощекин бастаған Қазақ Өлкелік комитетіндегі партия белсенділері Сырдария губерниялық комитетіне «Ақ жол» газетін жабудан басқа шара қалдырмады», «1926 жылдың 21 сәуіріндегі БК(б)П Қазақ Өлкелік комитеті Секретариатының мәжілісі «Ақ жол» газетін «Еңбекші қазақ» газетімен біріктіру туралы Сырдария губерниялық комитетінің қаулысын қанағаттандырды».1 Демек, қазіргі бас газетіміз «Егемен Қазақстанның» қалыптасу жолы да «Ақ жолмен» түйіскендігі ақиқат. Сырдария облысының орнына бой көтерген оңтүстіктегі үш облыстың облыстық газеттері де өздерінің құрылуын «Ақ жолдың» жарық көруімен байланыстырғаны орынды болар еді. Өйткені, ол басылымдарды «Ақ жолдың» заңды мұрагері деп санауға лайық. Тіпті Жамбыл облыстық газеті қазіргі кезде «Ақ жол» деп аталуының өзі жай сәйкестік немесе саяси құндылықтарға еліктеушілік емес, тарихи басылымның қалыптастырған дәстүрлерінен тамыр тартқан терең рухани сабақтастықты білдіреді.
Қазақ баспасөзінің тарихында жеке тұлғалардың қажыр-қайратымен жарық көрген басылымдар жоқ емес, солардың қатарында Көлбай Тоғысовтың «Алаш» газетін атауға болады. Ол газет жалпыұлттық сипат ала алмай өзінің саяси, рухани әлеуеті мен ұйымдастырушылық қызметінің кемшіндігінен өздігінен жабылып қалды. Ал төрт жылдан астам уақытта 600-ден аса саны жарыққа шығып, ұзын саны он мың данамен таралған «Ақ жол» газеті Кеңес Одағына жеке дара билігін жүргізген И.Сталиннің қаһарына ұшырап, өз ұлтымыздан шыққан партократтардың жабыла қуғындауымен жабылып тынды.
«Ақ жолдың» жабылуы Алаш қозғалысына жасалған ең басты идеологиялық соққы болды.
«Ақ жолдың» жабылуы «Қазақ» газеті қалыптастырған ұлттық баспасөздегі азаттыққа ұмтылған өршіл рух сабақтастығының үзілуі болды.
Еліміз тәуелсіздікке қолы жетіп, еркін ойлы тарихи сана қалыптастыру міндеті алға тартылып тұрғанда Алаш қозғалысы тарихының осы ақиқаты ащы да болса айтылуы қажет және ол ақиқат ғылыми танымның игілігіне айналуы қажет деп білеміз.
*** *** ***
ІІ БӨЛІМ: ҚҰЖАТТАР – ДОКУМЕНТЫ
(№1.) «МИНСКІ 15/ІІІ»
«Минск, 15/ІІІ – төмендегі телеграмды жібердік: 1) Черняевтегі Тынышбаевқа, 2) Петропавлдағы Көсемісовке, Тілеулинге, 3) Омбыдағы Тұрлыбаевқа, 4) Павлодардағы Сәтбаевқа, 5) Семейдегі Марсековқа, Тұрағұлға, 6) Қарқаралыдағы Жақыпқа, Смақанға, Хасенге, 7) Зайсандағы Поштаевқа, 8) Қараөткелдегі Райымбековке, Сұлтан Абылаевқа, 9) Атбасардағы Сейілбек Жанайдаровқа, Сыздық Мешенбаевқа, 10) Савинкедегі Шәңгерей Бөкеевке, Бақыткерей Құлмановқа, 11) Жәнібектегі врач Шомбаловқа, 12) Красный Ярдағы врач Шолтыровқа, 13) Красный Құттағы адвокат Ниязовқа, 14) Ойылдағы Халелге, 15) Оралскідегі Ғабидоллаға, 16) Перовскідегі Бекқожаға, Қожахмедке, Юсуфбекке, 17) Ырғыздағы Шонановқа, 18) Түркістандағы Өтегеновке, 19) Қоқандағы Ақаевқа, 20) Скобелевтағы Ғабдолрахман Оразаевқа, 21) Ташкендегі врач Көтібаровқа, 22) Андижандағы Қожықовқа, 23) Қапалдағы Тұрысбековтерге, 24) Ақтөбедегі Қасым Арынғазиевқа, 25) Торғайдағы Алмасовқа, Қаралдинге, Тоқтабаевқа.
Россиядағы барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір боларға керек. Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау-жанжал, талас, партиялық сыйыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарың – бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер! Біз қалайтын патшалық түрі – демократическая республика, яғни мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларлық түрі.
Құдайдан басқа ешкімнен қорықпаңдар! Түзулік іс етіңдер, жаңа үкіметті сүйеңдер, министерствоның азық-түлік ісінде жүрген уполномоченныйлар мен өзіміздің майдандағы жұмысшыларымызға болысыңдар. Халықтың көңілін білдіріңдер!
Ғалихан, Мирякуб, Мұса, Шаћмардан, Мырзағазы, Хасен, Шафхат, Сұлтанбек, Иса, Мұхамедғазы, Хайралдин, Райымбек, Нәзір, Тәмимдер, Тел».
«Қазақ»,1917, №223; Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 384 б. (232-233 бб)
*** *** ***
(№2) С.САДУАҚАСОВТЫҢ Ә.БАЙДИЛДИНГЕ ҰЛТТЫҚ ЭЛИТА АРАСЫНДАҒЫ КҮРЕСТІҢ КЕЛЕҢСІЗ ЖАҚТАРЫН АЙЫПТАП ЖАЗҒАН ХАТЫ
// Письмо С.Садуакасова к А.Байдильдину с разоблачением негативных поведении среды национальной политической элиты
22 шілде1922 жыл. Мәскеу қаласы
Әбдіраш!
Арғы күні Бөкейге қарай шықсам ба деймін. Бір айдан соң қайта оралымын. Келген кісілерден Орынбордағы жағдай туралы ақи-тақи біле алмадым. Сендердің онда не тындырып жүргендерің тағы беймәлім. Жуық арада Бөкейге ешкім бармаса, маған хат жазбай-ақ қой.
Мұндағы жағдай қысқаша мынадай: Сталинмен екі себеппен кездесе алмадым. Біріншіден, мені қабылдауға «оның қолы бос емес» болып шықты. Екіншіден, өзім де барғым келмеді...
Қазақ қазақты даттап, кімге жақпақ? Қазақ қазақты кімнің алдында жамандайды? Әрине, бөтеннің алдында жамандайды. Осы себептер мені Орталық Комитетке жібермеді. Сөз тасығым келмеді.
Мәскеу үшін қазіргі қызық мәселенің бірі Түркістандағы жағдай болып тұр. Рудзутак Түркістаннан қайтысымен әңгіме көбейді. Сафаров бастаған саясатты ысырып қойып, енді бұлар басқа әдістерге ауыса бастады. Рудзутак Түркістанға қайтадан Рысқұловты жіберу керек деген ұсынысты қолдап отыр. Бұл мәселе ЦК-да қозғалғанымен, не болары әлі белгісіз. Рысқұловты жіберсе дұрыс болар еді. Бәрімізге де.
Ол жақта бірақ Рысқұловты Түркістан комиссиясының мүшесі ретінде ғана жіберетін шығар, ал төрағасы Рудзутак болатын шығар, сірә.
Кеше Орынбордан екі орыс келді. Біреуінің фамилиясы – Васильев, екіншісі – КЦИК-тің іс басқарушысы, бұйра шашты жігіт. Фамилиясын ұмыттым. Осы екі орыс арқылы Меңдешев осындағыларға хат беріп жіберіпті. Жазылған хат біз туралы сияқты. Мейлі, өзі қалай қаласа, солай істей берсін. Сөз тасумен біздің пікірімізді ешкім де жоя қоймас...
Ташкентке кеткендердің жеткенін естідім. Өздерің не істеп жүрсіңдер?
Мұнда келіп ұққан бір нәрсем: қазақ Мәскеуге келіп, ішкі кикілжің жөнінде хабар бермеуі керек. Әсіресе, бірін-бірі жамандамасын. Сөз тасымасын. Егер билік үшін ары мен жанын сатса, ондайлардың жазасын құдай берсін...
...Егер олар өкімет билігін уысына алу мен ықпалын арттыру үшін күрессе, дегендеріне жетсін. Сол кезде олар қандай күй кешеді!? Менің пайымымша, олар біраз уақыт өткен соң, біздің жолымыздың дұрыстығына көз жеткізеді. Жүректерінде тырнақтай таза ет болса, олар ертең-ақ отаршылдарға қарсы тұрады. Ал мұны жасамаса, өзінің бес күндік әмірі үшін халқын сатуды жалғастыра береді де...
Қалай етсек те, орыстың «бөліп ал да, билей бер» мәтелінің өмірде іс жүзіне асуының себепшісі болмайық. Соны ұқ.
Міні, әзірше айтатыным осы, қалғандарын Ғазизден естірсің.
Өзіңе біраз кітап жібертіп отырмын. Шенклердің «Философия будущего» кітабын дұрыстап оқы. «Новый Восток» журналына шыққан Анушиннің мақаласын қазақшаға аудару керек. Мен келгенге дейін тәржімалап бітірсең жарап қалар еді. Мәскеуде тартымды кітаптар басылып жатыр. Бұл жөнінен біз әлі ұйықтап жүрміз ғой.
Өткен жолы Вайнштейннен беріп жіберген хатымды алған боларсың?
Бөкейден қайтар жолда Мәскеуге соғамын. Маған керекті қағазды Танашев даярлап қоюға тиіс. Германияға бару бармауым соған тапсырылған іске байланысты боп тұр.
СМАҒҰЛ
Хаттарды газетке ұсынған Дихан Қамзабекұлы
«Егеменді Қазақстан» 14 наурыз 1992 жыл.
*** *** ***
(№2)ПИСЬМО СЕКРЕТАРЯ ЦК КП(Б) ТУРКЕСТАНА И.М. ВАРЕЙКИСА И.В. СТАЛИНУ О ПОЛИТИЧЕСКОЙ СИТУАЦИИ В ТУРКЕСТАНЕ
27 марта 1924 г. г. Ташкент
Для посылки очередного политписьма пользуюсь случаем сообщить Вам о положении дел в КПТ. Внимания заслуживают четыре момента: 1) Внутреннее состояние КПТ (особенно верхушки). 2) Национальные взаимоотношения. 3) Отношения партии с дехканскими и батрацкими массами и 4) О подготовке к предстоящему партсъезду.
По первому моменту. Внутреннее состояние КПТ неизмеримо хуже, чем в любой из самых отсталых организаций Закавказья. Остатки родовых и феодальных отношений, сохранившиеся в стране, порождают массу своеобразных противоречий, которые проявляются политически даже в партии. Отсюда особенное свойство восприимчивости у КПТ ко всякого рода группировкам. Группировки в КПТ признаются почти за естественное положение вещей, а групповая борьба, чрезвычайно ослабляющая общеклассовую линию партии, фактически допущена. За последнее полугодие она значительно усилилась, очевидно, по той простой причине, что не было твердой, принципиальной, выдержанной и перед массами, авторитетной линии ЦК КПТ, отчасти виною тому были некоторые промахи, допущенные представительством. Вы, вероятно, достаточно информированы происходившим скандалом на Всетуркестанском съезде Советов. Разумеется, если бы положение вещей исчерпывалось только прошедшим тогда скандалом – это было бы пустяковиной, ибо от перемены в правительстве (Совнаркома, туркестанского ЦИКа), партия несомненно выиграла, новый состав более прогрессивный в партийном отношении, больше считается с принципами нашей политики, но беда в том, что внутренняя борьба сохранилась и после съезда. Это приводило к полному разложению в ЦК, к тому же дополнительным моментом, усиливающим внутрицекистский разброд, послужила дикая позиция европейской верхушки во время дискуссии перед партконференцией.
Между прочим чрезвычайно много наглупили в Контрольной комиссии с проведением циркуляра по борьбе верхов и низов.
Поэтому с первого момента приезда1 я поставил для себя задачей добиться перелома, смягчить внутреннее обострение и групповую борьбу. Разумеется, уничтожить ее быстро нельзя. По узбекской линии есть значительные результаты. Удалось установить нечто вроде соглашения между группой т. Рахимбаева (считается умеренной) и группой т. Ишан-Хаджаева (левая – группа молодёжи). Было бы неверным в борьбе с ошибками этой левой группы оттолкнуть ее от заботы; несомненно, за ней стоит подрастающая узбекская бедняцко-батрацкая молодежь. Повторяю, значительных результатов удалось достигнуть в этом направлении. С киргизами более запутанное положение. Здесь происходит борьба рыскуловской группы и хаджановской. Различие этих направлений я еще не уловил. Так другая, по-моему, основывает свою позицию в большинстве на моментах старых личных былых разногласий. Та и другая группа пытается опереться на молодое течение среди киргиз, которое у киргиз однако не выявляется так отчетливо, как у узбек. За Рыскуловым очень незначительная верхушка, хотя он, находящийся без дела, по ночам обрабатывает ее и старается расширитъ связи по киргизским областям. Было бы весьма полезным, поскольку вопрос об его отзыве решен, поспешить с этим. Моя попытка достигнуть соглашения между группами на почве политики ЦК РКП не увенчалась успехом. Таким образом, очевидно, придется притягивать к работе из бывших рыскуловцев персонально все наиболее честные, здоровые элементы. На днях мы созывали расширенный пленум ЦК с участием секретарей областкомов и крупнейших укомов. Задача этого пленума состояла в том, чтобы установить твердую политику, определенную линию перед партсъездом. Этого добиться удалось. С ташкентской организацией (с верхушкой руководящей) как будто бы установлена договоренность. Выводы. Можно считать, что в течение последнего месяца удалось сделать большой шаг вперед к установлению необходимого равновесия. После некоторой перемены, происшедшей в аппарате ЦК, исполбюро проявляет вполне сносное единодушие.
По второму моменту. Национальные взаимоотношения здесь чрезычайно остры по той простой причине, что происходит постоянная борьба между узбеками и киргизами за право на господствующую нацию. Скажем, в Азербайджане – там тюрки признаны за господствующую нацию, никто этого не оспаривает, здесь – положение иное. Между киргизами и узбеками происходят взаимные беспрерывные трения на почве борьбы за господствующее положение в государстве. Этим обусловливается то особое единодушие, которое проявили узбеки и киргизы, и туркмены по вопросу о национальном размежевании. Обиженными чувствуют себя кара-киргизы, интересы которых, несомненно, узурпируются. ЦК созывало совещание ответственных работников, где был поставлен вопрос о национальном размежевании, после того была избрана комиссия исполбюро, которая разобрала материалы и обсудила различные точки зрения на этот вопрос. Наконец вопрос обсуждался на секретном заседании ЦК. В результате выявились две точки зрения: 1) киргизы за размежевание на автономные области единой Туркестанской республики, 2) узбеки, туркмены, каракиргизы, отчасти бухарцы (узбеки) – за республиканское размежевание среднеазиатским партийным центром и экономсоветом. Дискуссию, открытую по этому вопросу, мы еще не открывали. Решили поработать месяца два в комиссии, избранной ЦК, а во время партсъезда столковаться с Вами относительно основных принципов. Так что до съезда вопрос оставили открытым.
Третий момент: после разгрома басмачества с чрезвычайной быстротой встает аграрный вопрос. Весной проявились в некоторых районах Ферганы аграрные беспорядки. Батраки и чирикеры2 требуют отбирания земли у баев. Аграрная революция в Туркестане не была: разумеется, ее не избежать. 3емли отобрать надо будет, без этого немыслимо укрепление советской власти и партии. В связи с этим в начале марта я ездил в Фергану для изучения вопроса. В результате пришли к выводам: допускать захват земель батраками в настоящий момент политически опасно и неизбежно приведет к срыву хлопковой кампании. В ЦК были по этому вопросу весьма горячие прения. Однако все сошлись на том, что до осени о захвате земли не может быть и речи.
Четвертый момент: подготовка к партсъезду началась с созвания пленума ЦК, на котором мы устроили нечто вроде генеральной репетиции. Усиленную работу проводим в европейской части и узбекском старом городе – Ташкенте. Линия политически выправляется. Полагаю, что съезд КПТ проведем вполне нормально, с необходимым политическим размахом.
Пресловутая ташкентская оппозиция успокоилась, и на съезде мы имеем гарантию добиться выборов сравнительно однородного ЦК и однородной делегации на всероссийский съезд. Этим ограничусь.
С коммунистическим приветом И.Варейкис
27/ІІІ-24 г.
Р.S. Хлопковая кампания идет вполне успешно, хотя чрезвычайно отражается перебой с денежным снабжением, появившимся с переходом к твердой валюте.
И.В.
РГАСПИ. Ф. 17. Оп. 84. Д. 738. Л. 163-164 об. Подлинник. Машинопись, подпись – автограф; ЦК РКП(б) и национальный вопрос. Книга 1. 1918-1933 гг. /Составители Л.С. Гатагова, Л.П. Кошелева, Л.А. Роговая. – М.: «Российская политическая энциклопедия» (РОСПЭН), 2005. – 784 с. (С.189-191)
1 9 февраля 1924 г. Политбюро по предложению Среднеазиатского бюро ЦК РКП(б) рекомендовало И.М. Варейкиса на пост секретаря ЦК КПТ (Там же. Оп. 3. Д. 416. Л. 2), 17 апреля 1924 г. он был введен в состав Среднеазиатского бюро ЦК (Там же. Д. 433. Л. 8).
2 Чирикер (чайрикер) — неимущий арендатор воды и земли, издольщик.
*** *** ***
Достарыңызбен бөлісу: |