7. Шойынды қайта құю бөлімшесі
104. Шойынды қайта құю бөлімшесінде осы Талаптың 112, 113, 123, 126-128, 131 тармақтары қолданылады.
105. Миксерлік типті шойынды тасымалдайтын ожаулардың қақпақтарын орнатуға және ашуға арналған учаскенің шатыры және қажетті белгіленген өлшемдері мен қақпақтарды орнатуға және ашуға арналған көтергіш-транспорттық құралдармен жабдықталады, тасымалданатын шойын бетіндегі қыртысты тесуге арналған механизм болады.
106. Қақпақтарды орнату мен ашу арнайы алаңдарда жүргізіледі.
107. Қақпақтарды орнатуға және ашуға арналған учаскеге кіру бағдаршаммен жабдықталады.
108. Локомотивті ағытуға дейін шойынды тасымалдағыштың дөңгелектері астының екі жағынан темір жолдық тежеуіш табандар қойылады, шойынды тасымалдағыш тұрақтық тежеуішпен тоқтатылады.
109. Миксерлік типті шойын тасымалданатын ожаулардан құйып тұратын ожауларға шойынды қайта құюға арналған бөлме шойынды құю кезінде түзілетін тозаңдар мен газдарды сорды қамтамасыз ететін аспирациялық жүйемен, графит пен тозаңды ұстап қалатын құрылғымен жабдықталады.
110. Шойынды қайта құюға арналған бөлме шойынды қайта құюды басқаратын пультпен және өздігінен жылжитын шойын тасымалдағыш арбашықпен жабдықталады.
111. Шойынды тасымалдағыш ожаулар шойынды қайта құю бөлмесіне дыбысты белгі берілгеннен және бағдаршамның рұқсат белгісінен кейін енгізіледі.
112. Шойынды шойын тасымалдағыш ожаудан құйылатын жерге құю шойын тасымалдағыш (қолмен тартатын тұрақты тежеуішпен және тежеуіш табандармен) тоқтатылған және локомотив ағытылған кезде рұқсат етіледі.
113. Шойын тасымалдағыш ожаудың құюға орнатылған құю тесігінің осі құю ожауының осімен тура келеді.
Ожауды құю үшін орнату миксерде жұмыс істейтін бригадирдің қатысуымен жүргізіледі.
114. Шойынды құюды бастар алдында дыбысты белгі беріледі. Белгі беру қондырғысы шойын тасымалдағыш ожауды бұру механизмін іске қосу құрылғысымен бұғатталған болады.
115. Шойын ожаудың ортасына қалыпты ағынмен құйылады.
116. Шойынды ожауға құю кезінде жұмысшыларға қауіпті аймақта болуға рұқсат етілмейді.
117. Шойынды «тазаланбаған» шойынды тасымалдағыш ожаудан құюға жол берілмейді.
118. Шойынды қайта құю бөлімшесінде шойын тасымалдағыш ожаулары жылжитын темір жолдарда еңістер болмайды.
119. Шойынды қатқан қыртысы бар шойын тасымалдағыш ожаудан құятын ожауға құюға рұқсат етілмейді. Қыртысты тесу осы Талаптың 92 тармақты сақтай отырып жүргізіледі.
8. Болатты балқытатын электр пештерінің
жұмыс алаңына материалдарды жеткізу
120. Шихталық материалдарды, қоспаларды, ашытқыштарды, пешке құятын материалдарды жеткізу механикаландырылады.
121. Пеш аралығының балконына мульдаларды орнату үшін осы Талаптың 61 тармағында қарастырылған талаптарға сәйкес стеллаждар жасалынады.
122. Мульдаларды шихталық ауладан пеш аралығына тасымалдау үшін шихтаны кранмен жеткізу цехтары механикаландырылған ұстағыштармен жабдықталады. Ұстағыштарды басқару кран машинистінің кабинасынан жүргізіледі. Мульдалық ұстағыштарды орнату мульдалардың үзілуі мен құлауын болдырмайды.
Крандар мульдалық ұстағыштармен жабдықталғанға дейін мульдаларды ұстау ілгектер мен сырғалардың көмегімен жүргізіледі. Ұстағыш аспаптардың құрылымы мульдаларды жылжыту кезінде олардың құлауын болдырмайды.
Мульдаларды шынжырды оның асты арқылы өткізіп ілуге жол берілмейді.
123. Мульдалық арбашықтарды жөндеу үшін бөгет болатын қырлы бөренелермен және тоқтату белгілерімен жабдықталған арнайы тұйық жолдар қарастырылады.
Жұмыс орнын тоқтату белгілерімен қоршаған, соңғы арбашық дөңгелектерінің астына тежеуіш табандар мен белгі беруші-бақылаушыны қойған кезде арбаларды шихтаны жеткізу жолдарында жөндеуге жол беріледі.
124. Соңғы арбашықтың шығыңқы бөлігі мен ғимараттың құрылымы, жабдық пен цехта жиналатын материалдар арасында арбашықтың екі жағынанда кемінде 0,7 м өлшемі болады.
125. Үйінді бадьиді тасымалдауға арналған арбашықты іске қосу механизмінің құрылымы өздігінен қозғалысты бастау мүмкіндігін жоққа шығарады.
126. Үйінді бадьиді пештің жұмыс алаңына ершіксіз (табандықсыз) көтеруге жол берілмейді.
Грейферлік үйінді бадьиді табандықсыз көпірлік кранмен тасымалдауға болады.
127. Үйінді бадьиді кранмен тасымалдау үшін арнайы маңдайша қолданылады.
128. Адамдарды үйінді бадьидің төбесіне көтеру және оның ішіне түсіру үшін бадьидің бортына бекітуге болатын ілгектері бар тасымалданатын жеңіл металдық баспалдақтар қолданылады.
Бадьидің ішінде жұмыс жүргізген кезде бір жұмысшы сыртта болады.
129. Электр пештерінің жұмыс алаңының балконына материалдарды электр магниттермен жеткізуге жол берілмейді.
9. Материалдарды пештерге, конверторларға салу
130. Материалдарды болатты балқытатын электр пештерге салу:
1) материалдарды, қоспаларды болатты балқытатын пешке салу механикаландырылады;
2) салу машинасының жылжу, шайқау және бұрылу механизмдері электр тежеуіштермен жабдықталады;
3) салу машинасы қозғалыс бастаған кезде автоматты түрде қосылатын тұрақты жұмыс істейтін дыбысты белгімен жабдықталады. Салу машинасының машинисті машина қозғалысын бастамас бұрын белгі береді. Салу машинасы көпірдің екі жағынан машинаның қозғалысы кезінде қосылатын, үнемі жанып тұратын немесе жанып өшетін жарық түріндегі жарықты дабылмен жабдықталынады;
4) кран типтік салу машинасының арбашығы екі соңғы сөндіргіштермен немесе крандар салу машинасы кабинасының ғимарат бағаналарына кемінде 0,5 м жақындау мүмкіндігін болдырмайтын басқа да қондырғылармен жабдықталады;
5) салу машинасының кабинасы мықты, жылудан оқшауланған болады және машинисті металл мен шлактардың лақтырыстарынан қорғайды;
6) еденде тұратын және кран типтік салу машинасы машинистің жұмыс орны атқарылатын жұмыс көлемінің жақсы көрінуін қамтамасыз ететін ыңғайлы иықты орындықпен жабдықталады.
Орындықтың құрылысы вибрацияны болдырмайды. Кабинаға көтерілу үшін ұстайтыны бар баспалдақ жасалады;
7) салу машиналарының жақындау габариттерін қандай да бір қондырғылармен немесе материалдармен үйіп тастауға жол берілмейді;
8) қайта салынып жатқан цехтарда пештерге салу үшін тек өзі түсіретін типті бадьиді қолданады;
9) электр пештерге салынатын руда, ферроқортпалар мен басқа материалдар алдын ала кептірілген немесе тесілген болады. Шикі материалдарды балқытылған ваннаға салуға жол берілмейді;
10) руда мен басқа да материалдарды кептіру мен тесуге арналған пештер жұмыс істеушілердің екі жақты сәуле алуларын болдырмайтындай етіп орнатылады;
11) материалдарды салу және шихтаны төгу кезінде пештегі жұмыстардың барлығы тоқтатылып, жұмыс істеушілер қауіпсіз жерге көшіріледі;
12) салу бадьиінің жұмыс алаңына көтерілетіндігі туралы және шихтаны пешке салу кезінде дыбысты белгі беріледі;
13) жылжымалы алаңның жетегін немесе көтеру және күмбезді аудару жетегін қосу алдында болат қорытушы барлық жұмыс істеушілердің пештен қауіпсіз қашықтыққа кеткендігіне көз жеткізіледі.
Жұмыс алаңында жұмыс істейтіндерді пештің күмбезді аудару жетегінің іске қосылғандығы туралы ескерту үшін дабыл белгісі орнатылады;
14) пеш астының зақымдануын және шихталық материалдар бөлшектерінің ұшуын болдырмау үшін бадьидің тиектік механизмін тек бадьи төмен түсірілгеннен кейін пештің салу терезесі жабық болған кезде ашуға рұқсат етіледі;
15) шихтаны төгу толық балқытылмаған шихтаға пештің салу терезесі жабық кезінде жүргізіледі.
Шихтаны төгу кезінде көпірлік кранның машинисті кабинаның көру терезесі қалың металл тормен жабылады, ал жұмыс істеушілер пештен қауіпсіз қашықтыққа кетіріледі.
Төгу кезіндегі металл мен шлактың пештен жұмыс алаңына шашырандылары жұмыс аяқталғаннан кейін тазаланады;
16) балқыту кезінде қолданылатын арнайы қамбаларда екі-үш ауысымдық қосымша материалдарды пештің қасында жұмыс алаңында сақтауға рұқсат етіледі.
Қамбалардың құрылысы мен орнатылуы жұмыс істеуге ыңғайлы және қауіпсіз болады. Қамбалардың ернеуі салу машинасының қозғалысы аймағында жұмыс алаңының еден деңгейінен 100 мм аспайтын шығыңқы болады;
17) жұмыс алаңы балконының стеллаждарына мульдаларды беру ілгекті шынжырлардың көмегімен жүргізілетін цехтарда бір уақытта кранмен мульдаларды стеллаждарға орнатуға және оларды салу машиналарының стелаждарынан алуға рұқсат етілмейді.
131. Материалдарды конверторларға салу:
1) сусымалы материалдарды конверторға жеткізу және тиеу бойынша барлық механизмдерді басқару қашықтықтан басқарылады.
Науа құрылымы конвертор мойнының қасынан сусымалы материалдардың төгілу мүмкіндігін жоққа шығаруы және конвертордың кедергісіз бұрылуын қамтамасыз етіледі;
2) сусымалы материалдарды беруге арналған қондырғылар оларды конверторларға қажетті көлемдерде тиеуді қамтамасыз етуі; сондай-ақ конверторлық газдардың сусымалы материалдарды тиеу кезінде енуін болдырмайды;
3) конверторлық алаңға түсетін қышқылдатқыштар кесектерінің ірілігі технологиялық нұсқауда қарастырылғаннан аспайды.
Конверторлардың жұмыс алаңдарында қышқылдатқыштарды уату үшін уатқышты орнатуға жол берілмейді;
4) конверторлардың жұмыс алаңына жоғарғы алаңнан қатты қышқылдатқыштар түсетін құбырлар дыбыстан оқшауланады;
5) көтеру механизмін басқару кабиналары мен бадьиді (күрекшені) орналастыру жүргізілетін жұмысты бақылауды қамтамасыз ететін орындарда орнатылады;
6) салу машинасын басқару пульті конверторлардың мойнын, күрекшені, кран астындағы жұмысшыны көруді қамтамасыз ететін қауіпсіз жерде орналастырылады.
Басқару пультінің әйнегі мықты, жылудан қорғайтын және алынбалы металл тормен жабдықталған немесе конверторларға материалдарды тиеу мен тасу кезінде машинистің көру мүмкіндігін төмендетпейтін қорғағыш экранмен жабдықталынады. Басқару пультінің бөлмесі жылудан оқшауланады;
7) конверторда сұйық шлак болған кезде оған сүйменді салуға жол берілмейді.
Сүйменді қойытылған, белсенділігі төмен шлакқа салуға тек фосфорлық шойындар қайта қорытылған кезде технологиялық регламентке сәйкес рұқсат етіледі;
8) сүйменді салу машинасы машинистің кабинасына жақын күрекшемен салуды бастауға рұқсат етілмейді. Алдымен конверторға салмағы жеңіл сүймен салынады; егер алғашқы күректі салғаннан кейін контертордан қарқынды түрде газ шықса сүйменді салу тоқтатылады, ал салу машинасы қауіпсіз аймаққа қойылады;
9) конверторлардың жұмыс аймағындағы қауіпті аймақтың көлемі жобамен анықталады және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауда көрсетіледі.
Қауіпті аймақ сызықтармен анық көрсетіледі;
10) салу машинасы машина қозғалысын бастаған кезде қосылатын дыбысты дабылмен жабдықталынады.
Салу машиналарының қандайда бір қондырғыларға немесе материалдарға жақындау көлемдерін үйіп тастауға жол берілмейді;
11) сүйменді конверторға салу алдында дыбысты белгі беріледі, ал адамдар қауіпті аймақтан кетіріледі;
12) конверторларға мұз, қар басқан немесе ылғал материалдарды салуға жол берілмейді;
13) конверторларға материалдарды салу күрекшелерінде судың ағу тесіктері болады.
10. Шойынды конверторларға жеткізу мен салу
132. Сұйық шойынды конверторларға беру электрлендірілген арбашықпен жылжитын ожауларда, байланыстырғыш-аккумуляторлық электровоздармен немесе қашықтықтан басқарылатын локомотивтермен, тепловоздармен жүзеге асырылады.
133. Әрбір конверторлық цехта шойынды конверторға құю кезінде локомотивтердің қауіпсіз тоқтау аймақтары орнатылады.
134. Шойынды тасымалдау ожауларының конверторлық бөлімшеге кіру және оның конвертор алаңы бойымен жылжу кезінде дыбысты белгі беріледі.
135. Құю кранының кабинасы кран машинистін шойынды құю кезінде конвертордан металдың шашырауынан қорғайтын экранмен жабдықталады.
136. Шойын тасымалдайтын арбашықтар автоматты тіркесумен жабдықталынады.
Қозғалыс кезінде арбашықтарды тіркеуге және ағытуға, арбашықтарда жүруге рұқсат етілмейді.
137. Шойын құю кезінде электрлендірілген арбашықтарды конвертордың мойынына қарсы дұрыс орнату автоматты түрде бекітіледі.
138. Шойын тасымалдайтын арбашықтардың электр қозғалтқыштарын қоректендіру үшін ток беретін кабельдер оларға ұшқын мен металдың шашырауынан қорғалынады.
Егер электр қозғалтқыштарды қоректендіру үшін иілгіш кабельдер қолданылса, олар металдың шашырауынан және механикалық зақымданудан қорғалынады.
139. Шойын тасымалдау арбашықтарының деңгелектерінде рельстердің бастиектеріне 10 мм дейін жетпейтін омыратын қалқандары болады.
140. Шойын тасымалдайтын ожау тұмсығының қондырғысы шойынды конверторға құю кезінде оның төгілуін болдырмайды. Ожаудың тұмсығы шойынды құюға дейін қатқандардан тазаланылады, сыланады және кептіріледі.
141. Шойынды конверторға құю алдында құю кранының машинисті дыбысты белгі береді.
Ожаудың еңісі ырғақсыз бір қалыпты болады.
Шойынды құю кезінде жұмыс жүргізуге және жұмысшылардың қауіпті аймақта болуларына рұқсат етілмейді.
142. Шойынды конверторға құю алдында жарықты дыбысты белгі беріледі.
143. Конверторда сұйық шлак болған жағдайда оған шойынды құюға жол берілмейді. Шойынды конверторға құю жылдамдығы газ шығару қарқынына байланысты реттеледі. Қатты газ шығу және металл мен шлактың шашырау қаупі бар кезде шойынды құю тоқтатылып, ожауды конвертордың мойынынан бұрып құяды.
144. Жылдың суық кезінде конверторға сүйменді салу мен шойынды құю арасында сүйменді алдын ала қыздыру және ылғалды кетіру үшін үзіліс жасалады. Үзілістің ұзақтығы технологиялық регламентте қарастырылады.
11. Болатты балқыту өндірісінде оттекті қолдануға
қойылатын жалпы талаптар
145. Болатты балқыту пештері мен конверторларға оттекті беру бір орталықтан жүзеге асырылады.
146. Газ тәрізді оттегінің құбырлары мен газ тәрізді оттекті алу қондырғыларын жобалау Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 192 бұйрығымен бекітілген «Ауа бөлу өнімдерін өндіру мен тұтыну қауіпсіздігі ережелері» талаптарына сәйкес, Газ қауіпі бар жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі үлгі нұсқау талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
147. Оттекті арматураны тығыздату үшін МСТ 12.2.052 бойынша материалдар қолданылады.
148. Тиек және реттеу арматуралары орнатылған жерлер жарықпен жабдықталады.
149. Жоғары температура немесе қарқынды жылу шығару аймағында салынған оттегі құбырлары жылудан оқшауланады.
150. Оттегі құбырлары мен оттегі қондырғылары оларға майдың түсуінен қорғалынады.
151. Оттегі құбырындағы және оттегі қондырғыларындағы судың қатқан бусұйықтығын еріту бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі.
152. Оттегінің арматурадағы тесік арқылы немесе басқа да себептермен ағуы анықталған жағдайда оттегін беру ақаусыздықтар жойылғанға дейін тоқтатылады.
153. Оттегі құбырларының (жеңдерінің) және арматураның тығыздығын тексеру жарты жылда кемінде бір рет сабынды ерітіндімен, тексеру қорытындыларын журналға жаза отырып жүргізіледі.
Тығыздықты оттың немесе бықситын заттардың көмегімен тексеруге жол берілмейді.
154. Оттегі құбырларын болатты балқыту цехтарының ғимараттарына кіргізу және оларды цехтың электр қондырғыларын жерге қосу пішінінен шығару кезінде жерге қосылады.
Ернемек қоспалардың орындарында тұрақты ток өткізгіш далдашалар орнатылады.
155. Қысыммен жұмыс істеп тұрған оттегі құбырларын жөндеуге рұқсат етілмейді.
156. Жөндеуге жататын оттегі құбыры оттегі берілетін құбырдан ағытылуы және оттегі қысымы кемінде 20 % (көлемге) төмендеткенге дейін ауамен, азотпен немесе бумен үрленеді, бұл екі еселік талдаумен бақыланады.
Оттегі құбырларын поршендік компрессорлардың ауасымен үрлеуге жол берілмейді.
157. Оттегі құбырларындағы отпен жұмыс істеу тапсырма-рұқсат бойынша және инженерлік-техникалық персоналдың үздіксіз бақылауымен жүргізіледі.
158. Оттегі қондырғылары орналасқан (оттегін реттеу бекеті және сол сияқты) бөлмелерде темекі тартуға және ашық отты пайдалануға рұқсат етілмейді.
159. Оттегі құбырлары мен оттегі қондырғыларына қызмет көрсету кезінде қолданылатын құрал-жарақ жездетілген және мұқиятты түрде майдан тазаланған болады.
160. Оттегі құбырлары мен оттегі қондырғыларына қызмет көрсететін персоналдың қолдары, арнайы киімі, арнайы аяқ киімі мен қолғаптары маймен ластанбайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін темекі тартуға және ашық отқа жақындауға тек киімді желде қақтағаннан кейін рұқсат етіледі. Киімді фланцаларға немесе оттегі құбырларының шұрасына ілуге рұқсат етілмейді.
161. Оттегі құбыры тұтанған немесе оның орналасқан ауданында өрт шыққан жағдайда оттегі құбыры дереу ажыратылады.
162. Оттегі құбырын ашу және жабу кезінде ондағы оттегінің қысымы баяу және бір қалыпты өзгертіледі.
163. Болатты балқыту пештеріне оттегін жеткізу оларға металдың немесе шлактың шашырауын болдырмайтын орындарда орналасады.
164. Болатты балқыту пештері мен конверторларға оттегін беруге арналған фурмалар мыс ұштықпен жабдықталады.
165. Болатты балқыту пештері мен конверторларға оттегін беретін фурмалар мыс ұштықпен жабдықталады. Болатты балқыту пештерінің ванналарына, конверторларға оттегін беруде қолданылатын форумның суды салқындатқыш элементтері жасалынғаннан және жөнделгеннен кейін герметикалығы мен 1,5 Р қысымның тұрақтылығына гидравликалық сынақтан өтеді. Мұнда Р-судың магистралдағы фурмаға дейінгі жұмыс қысымы.
166. Болатты балқыту пештері мен конверторларға оттегін беруде қолданылатын жеңдер (шлангтар) оттегінің параметрлері мен оттегі ортасында жұмыс істейтін жабдыққа қойылатын талаптарға сәйкес болады.
Жеңдерде (шлангтерде) жарықтар мен сызаттар болмайды.
Оттегін беретін металл құбырлар құрғақ және майдың қалдықтарынсыз болады.
167. Жеңдерді (шлангтерді) штуцерлерге, түтіктерді жеңдерге (шлангтерге) бекіту кезінде олардың ысырылуы, оттегінің ағуы болмайды.
168. Фурмаларды орнату, жеңдерді (шлангтерді) қолдану алдында олар майдан тазартылады.
169. Оттегін өзге өндірістік қажеттілікте қолдану кезінде осы Талаптың 145-162, 166-168 тармақтарының талаптары сақталады.
12. Электр пештерді орнату мен қызмет көрсету
170. Доға пештер:
1) электр пештер шығатын газ түтінін жоятын және оларды шаңнан тазалайтын тиімді қондырғымен жабдықталады;
2) электр пеші фундаментінің құрылысы оның төменгі жағын тексеруге және жұмыс алаңының астында орналасқан механизмдерін жөндеуге ыңғайлы болуы қамтамасыз етіледі.
Жаңадан және қайта салынып жатқан цехтарда (пештерде) пеш астындағы шлакты механикалық түрде тазалау қарастырылады;
3) пештің көлбеулік механизмдері мен тегістеу алаңдарына өту мүмкіндігі үшін қоршалған баспалдақты алаңдар қарастырылады;
4) пештің елбеулік механизмінде алға және артқа қарай бірдей шекті елбеулік болады. Пештің елбеулігін ақаулы шекті елбеулікпен жасауға жол берілмейді. Елбеулік шектілігінің дұрыстығын журналға белгі қоя отырып тексеру аптасына екі реттен артық болмайды.
Электр пештің ауырлық түсу орталығы елбеулік механизмі істен шыққан жағдайда пеш тік қалпына келетіндей болып орнатылады;
5) пештің елбеулік тартпасын басқару шлакты балқыту мен айдау кезіндегі операцияны көруді қамтамасыз ететін жерде орналасады. Басқару сабының қозғалыс бағыты пеш елбеулігінің бағытына сәйкес болады;
6) пештің елбеулігі үшін гидравликалық сапты қолданған жағдайда гидравликалық қондырғыға балқытылған металл мен шлактың түсу мүмкіндігін жоққа шығаратын шаралар қолданылады;
7) тоғыспа аспасының тартқыш пен түзілімінің бұзылуы тоғыспаның құлауын болдырмау үшін оның кемінде он еселік мықтылық қоры болады.
Көтеру механизмдері мен тоғыспаның аспасы электродтарды өткізу тесігінің саңылауларынан шығатын жылу мен жалыннан қорғалынады;
8) жоғары температура аймағында пеш тоғыспасының тікелей үстінде орналасқан құрылыстарда жылудан оқшауланған еден мен баспалдақтар қарастырылады. Тоғыспа алаңдарына жұмысшыларды тек болатты балқытушының рұқсаты бойынша көтеруге жол беріледі.
Тоғыспа алаңына жұмысшыларды көтеру алдында пештегі қуат түсіріледі;
9) көтеру механизмінің шынжыры үзілген жағдайда қақпақтың құлауын алдын алу үшін арнайы құрылғы қолданылады.
Жұмыс терезелерінің қақпақтарын ауыстыру пеш сөндірілген кезде жүргізіледі;
10) ағызу науашасының қондырғысы оның металмен толу мүмкіндігін, науаша футерлемесін бөлу мен балқытылғанды ағызу кезінде металдың үзілуін жоққа шығарады.
Балқытқанды ағызғаннан және пешті толтырғаннан кейін пештің ағызу тесігі сұйық металл пайда болғанға дейін жабық болады;
11) ағызу науашасына қызмет көрсету үшін оның қасында қоршалған баспалдақты алаң қарастырылады. Алаңның үсті кірпішпен футерленеді және шұңқырлары мен ойықтары болмайды;
12) суды салқындатқыш электродты тығыздағыштарды бекіту тоғыспа құлаған жағдайда олардың пештің ваннасына түсу мүмкіндігін жоққа шығарады;
13) пешті салқындату мен суды жеткізудің барлық элементтері герметикаланады.
Пештің ең негізгі торабын салқындататын сумен қоректендіру үздіксіз болады.
Салқындату ағызу тізбелерінде тармақты бақылау көрсеткіштері, ал ең негізгі тораптардың тізбелерінде тармақ пен температураны бақылау көрсеткіштері орнатылады.
Судың тармағы мен температурасын бақылау көрсеткіші салқындатқыш суды беру тоқтатылған немесе оның температурасының технологиялық регламентте қарастырылған мәннен жоғары болған жағдайда пешті қоректендіру көзін сөндіретін бұғаттағыш жүйемен жабдықталады;
14) пештердің сумен суыту элементтерін орнату алдында 1,5* Рраб., көрсеткішіне гидравликалық сынақтан өтеді, мұнда Рраб -суытатын судың жұмыс қысымы;
15) сумен суыту элементтерін қосу бөлек элементтерді суыту жүйелерінен сөндіру мүмкіндігін қарастырады;
16) суытуға берілетін су механикалық қоспалардан тазаланған болады;
17) суытатын суды беру суытылатын элементтердің төменгі бөлігіне, ал ысытылған суды ағызу жоғарыдан төменге қарай беріледі;
18) сумен салқындатқыш элементтер мен пешті суыту жүйесінің магистралдарын сөндіруге арналған тиек арматура қызмет көрсетуге ыңғайлы және қауіпсіз жерлерде немесе осындай жерлерге шығарылған штурвалдармен жабдықталады;
19) салқындатылған су балқытылған металл мен шлак түспейтін орындарда орнатылған су жиналатын сұйыққоймаға беріледі;
20) суды салу терезесінің қақпағынан бұруға арналған қондырғылардың құрылысы пештің басты тоғыспасына судың түсу мүмкіндігін жоққа шығарады;
21) салқындату жүйесінің жұмысын бақылау үшін оның қасында сумен салқындатқыш жүйенің барлық элементтерінен суды бұратын құбырлар жүргізілген су жинағыш орнатылады. Су жинағыштың қондырғысы мен орнатылуы қызмет көрсететін персоналдың судың ағысын көруге мүмкіндік береді;
22) пешті салқындату үшін суды беру тоқтатылған жағдайда су өтетін құбырлардың шұрасы жабық және пешке отын салу тоқтатылады. Су беру қайта қосылғаннан кейін қарқынды будың түзілуін және салқындатқыш жүйенің істен шығуын болдырмау үшін суды ақырындап қосады;
23) салқындатқыш суды беру мен оны бұруды салу терезесі мен шығыңқы науаша астына орналастыруға рұқсат етілмейді;
24) электродтардың жылжу механизмі оларды шекті белгіленген деңгейге дейін көтеру немесе түсіру кезінде автоматты түрде қосылатын жүрісті шектеуіштермен жабдықталады;
25) электродтардың кері жүктері көздерінің үлкендігі 40х40 артық емес тегіс немесе тор қаптамамен қоршалады. Қоршалған кері жүктердің ішіне түсу үшін есіктер құлыпқа жабылады;
26) электродтарды жинау және ауыстырылатын электродтарды орнату үшін электр пешінің жанына механикаландырылған стенд орнатылады;
Жұмыс алаңының астында орнатылған электродтардың бөлігі қоршалады.
Пештердегі электродтарды арттыруға рұқсат етіледі. Электродтарды арттыруды бастар алдында пеш сөндіріледі;
27) электродтарды ауыстыру кезінде металл емікті кесу электродқа толығымен қайырылады;
28) электродтарды арттыру және ауыстыру кезінде қолданылатын кранның ілгегі электрод емігі тұтқасының өздігінен түсуін жоққа шығаратын құрылғымен жабдықталады;
29) электродтарды электрод ұстағыштарда қысу мен босату механикаландырылады. Электродтарды қысу механизмін басқару пеш алаңынан жүргізіледі.
Электродтар тоғыспа тесіктерде еркін қозғалады және тоғыспа қалауымен жанаспайды.
Электродтардың қыспағы пештің тіректерінен және жерге қосылған тораптардан оқшауланады. Электрод сақиналары мен электродтар арасындағы саңылаулардың тығыздағыштары болады;
30) шихтаны балқытқаннан кейін пештің астында жұмысшылардың болуына жол берілмейді.
Жұмыс алаңы мен құю аралығы астындағы жұмысшыларды шлакты айдау немесе балқытылған затттарды құю үшін пештің жасалынатын еңісі туралы алдын ала ескертетін дыбысты белгі беріледі. Белгі кемінде пештің жасалынатын еңісінен бір минут бұрын беріледі;
31) пеш аралығы жұмыс алаңының барлық өлшемі бойынша төменгі жағы тұтас жабық қоршаумен қоршалады.
Жұмыс терезесі жанындағы қоршалған қоршау алынбалы болады.
Пеш аралағының жұмыс алаңы мен пештің қабырға жағынан еңісті пеш алаңы аралығындағы саңылаулар сыйымдылығы кемінде 50 т пештер үшін кемінде 80 мм және сыйымдылығы 50 т және одан көп пештер үшін кемінде 150 мм болады;
32) жұмыс алаңындағы пештердің жанында жұмыс орындары үшін «әуелік сусебезгі» қондырғылары болады;
33) электр пештердің астын, еңісі мен қабырғасын құю механикаландырылады.
Металл шихталардың сұйық металға айналып құлауын алдын алу үшін шихта кесектерінің еңістерден дер кезінде құлаулары бойынша шаралар қолданылады;
34) металл мен шлактың пештен шашырауларын болдырмау үшін қышқылданатын кезде пешке бір кезде салынатын кеннің саны технологиялық регламентте қарастырылғаннан аспайды;
35) сыйымдылығы 20 т және одан көп электр пештері балқытылған металды араластыруға арналған арнайы қондырғылары болады;
36) электр пештің салу терезесіне оттекті газ шілтерді орнату үшін терезенің қақпағына шілтердің көлеміне сәйкес келетін арнайы тесік қарастырылады;
37) оттекті газ шілтерлер тиек арматурамен, газдың, оттегі мен салқындататын судың қысымы мен шығынын бақылайтын құралмен жабдықталады;
38) шілтерді қосу алдында оттегімен үрлеп тазартылады. Содан кейін газ беріледі.
Берілген газ бен оттегінің шығынын қоспаның жанғанына көз жеткізгенге дейін белгілеуге рұқсат етілмейді.
Шілтерді сөндіру кері тәртіп бойынша жүргізіледі. Апат болған жағдайда бірінші кезекте оттегі сөндіріледі;
39) тасымалы шілтерді қосу алдында барлық шлангілер мен шілтерде ақаулықтардың жоқтығына және оның тесіктерінің таза екендігіне көз жеткізіледі;
40) металды оттегімен үрлеп тазалауға арналған фурма-шілтерлер пешті қосқан кезде шілтер мен электрод арасындағы қашықтық шілтердегі доғаның тұйықталу мүмкіндігін жоққа шығарады;
41) салқындататын судың қысымы апаттық жағдайға дейін төмендеген, оттегі немесе газ беру тоқтатылған жағдайда шілтер автоматты түрде сөндіріледі және пештің жұмыс кеңістігінен шығарылады;
42) сумен салқындатылатын шілтер жанған жағдайда ол сөндіріледі және пештің жұмыс кеңістігінен ең жоғары (жұмыс жүргізілмейтін) жерге шығарылады.
Шілтердің жай-күйін бақылау үшін кареткаларда көрсеткіштер орнатылады;
43) оттекті газ шілтерінің жұмысы кезінде салу терезесінің қақпағы жабық болады;
44) айдалынатын шлакты қабылдау үшін шлак құятын ожаулар немесе ыдыстар қолданылады.
Шлак құятын ыдыстар оларды тасымалдауға және көмкеруге арналған қондырғымен жабдықталады;
45) шлакты қабылдауға орнатылған ожаулар мен шлак құятын ыдыстар құрғақ болады. Ожаулар ішінен әкті ерітіндімен жағылады.
Пеш астындағы еден, шлакты құятын ыдыстарды орнатуға арналған ойлардың түбі құрғақ болады;
46) жұмысшыларды шлактың шашырауынан қорғау үшін пеш астына ожауды немесе шлак құятын ыдысты орнатуға арналған орын қорғайтын қалқанмен қоршалады;
47) ожауларды немесе шлак құятын ыдыстарды шлакпен лық толтыруға жол берілмейді.
Көпірген шлакты тұндыру отқа берік құрғақ соққымен немесе топырақпен жүргізіледі;
48) пеш астындағы кеңістікті, ойларды шлак пен қоқыстан тазалау жұмыстарын шихтаны балқытып бастағаннан сұйық металдың айтарлықтай көлемі пайда болғанға дейін және мынадай талаптарды:
жұмыстар пештің болатты балқытушысының рұқсатымен жүргізген;
жұмыс алаңындағы ойықтар жабық болған;
жұмыс алаңындағы кеңістік жарықтанған жағдайда рұқсат етіледі;
49) шлакты кесектерді темір жол платформалары немесе думпкар арқылы ыдыссыз тасымалдауға және тиеуге рұқсат етілмейді.
Шлакты ылғал думпкарларға немесе платформаларға тиеуге жол берілмейді. Шлак ыдыста тұрып қалған жағдайда оны қағу жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін осыған арналған орындарда арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.
Шлакты көмкеру кезінде жылжымалы құрамда болуға рұқсат етілмейді.
Шлакты тиеуге орнатылатын думпкарлар немесе платформалар тежеуіш табандармен тоқтатылады;
50) пештен сынақ алу құрғақ және жылытылған құралмен жасалынады.
Клапандарды салу кезінде сынақ алуға рұқсат етілмейді;
51) сынақты стаканнан қағып түсіру тек металл қатқаннан кейін жүргізіледі;
52) металл сынағын сынақ алынған жерден 50 м және одан алыс қашықтықта орналасқан зертханаға жеткізу пневмопошта арқылы жүзеге асырылады;
53) доға электр пештерін газдан тазалауда осы Талаптың 214 тармағының 4)-7), 9) тармақшалары, 184 тармақтың 7)-11) тармақшалары, 185 тармағының 5) тармақшасы, 186 тармағының 5) тармақшасы қолданылады;
54) доға электр пештің газ берілетін жолы балқыту кезінде бөлінетін көміртегі тотығының толық жанып бітуін қамтамасыз етіледі;
55) газ берілетін жолды пештен сөндірген кезде газ өтетін құбырға ауа беру қондырғысы автоматты түрде ашылатын болады;
56) түтін сорғыш апатты тоқтаған кезде газ берілетін жолдың пештен автоматты түрде жабылуы қамтамасыз етіледі;
57) газ тазалау қондырғыларын жөндеу жұмыстары аппарат тоқтағаннан және көміртегі тотығы толығымен желдетілгеннен кейін жүргізіледі.
171. Ашық индукциялық пештер:
1) индукциялық пештің қаңқасы индуктор орамдарынан оқшауланған болады.
Пеш индукторына ток беретін кабель оқшауланған және қоршалған болады;
2) электрлік тартпалы пеш еңістігінің механизмі қандай жағдайда болмасын пешті оның еңістігі, электро энергиямен қоректендіру үзілген жағдайда оның еңістігі кезінде пештің тоқтауын қамтамасыз ететін пеш еңістігі шектеуішпен және тежеуішпен жабдықталады.
Еңістік механизмі металл мен шлактың шашырауынан қорғалған болады.
Пеш еңістігінің механизмі орналасқан бөлме нормаларға сәйкес жарықпен жабдықталады;
3) пештің астында орналасқан жабдықтарды тексеру мен жөндеу пеш қосымша арнайы мықты және төзімді тіректердің көмегімен бекітілген жағдайда ғана рұқсат етіледі;
4) индуктордың түтігі гидравликалық қысымы кемінде 1,5 Р беріктігі мен герметикалығына сынақтан өтеді. Мұнда Р-салқындатқыш судың жұмыс қысымы;
5) индуктор мен су жеткізетін құбырлар арасындағы суды жеткізу учаскесі резеңкелі тоқымалы жеңнен жасалады;
6) пеш индукторына судың үздіксіз берілуін бақылау көзбен шолу және салқындатқыш суды беруде үзіліс болған жағдайда автоматты түрде пешті сөндіретін аспаптың көмегімен жүргізіледі;
Достарыңызбен бөлісу: |